м
Ауа райы • 30 Қазан, 2022
Қазақстанның 13 өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі
«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша елордада және Қазақстанның 13 облысында қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қазан, 2022
Қазақстанда Instagram желісі істен шықты
Бүгін Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінің жұмысында жаппай іркіліс орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қазан, 2022
Астана мен Алматыда есірткі сатқан топ ұсталды
Қазақстанда есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 30 Қазан, 2022
Сомалидегі жарылыс салдарынан 100 адам қайтыс болды
Сомали президенті Хасан Шейх Махмуд ел астанасы Могадишодағы Білім министрлігінің ғимаратына содырлар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Жарылыстар кезінде 100 адам қаза тауып, тағы 300 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 30 Қазан, 2022
Алматы - Бангкок тікелей рейстері жаңартылды
Алматыдан Таиланд астанасы Бангкокқа дейін тұрақты әуе қатынасы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 30 Қазан, 2022
Елде коронавирус жұқтыру жағдайлары өскен
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына қарағанда, коронавирус жұқтыру жағдайлары шамалы өсті. Соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда 50 адам індет жұқтырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 30 Қазан, 2022
Астана әкімі коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлерімен кездесті
Елорда әкімі коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Алтай Көлгіновтің Instagram желісіне сілтеме жасап.
Әлем • 30 Қазан, 2022
Оңтүстік Кореяда ұлттық аза тұту күні жарияланды
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль Сеулдегі Итэвон ауданында орын алған қайғылы жағдайға байланысты ұлттық аза тұту күнін жариялады. Президент зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, болашақта мұндай жағдайдың алдын алу үшін оқиғаның себептерін тергеуге уәде берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 29 Қазан, 2022
Сомали астанасында жарылыс болды
Сомали астанасында екі үлкен жарылыс болды. Қайғылы оқиға қала орталығында орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Білім • 29 Қазан, 2022
Қосшыда екі мектептің құрылысы жүріп жатыр
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Қосшы қаласы, Талапкер ауылы және Үркер шағын ауданындағы үшауысымды және оқушы орындарының тапшылығы бар мектептерді аралады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Қазан, 2022
Сенаторлар елдің арнайы экономикалық аймақтарының жағдайын тексерді
Сенат Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары Маңғыстау облысында болды. Олар арнайы экономикалық аймақтардың қызметін жетілдіру тетіктерін зерделеу мақсатында АЭА-ның бірқатар нысандарын аралады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 29 Қазан, 2022
Луврда Катталангар Құраны ұсынылады
Луврда әлемдегі ең көне Құрандардың бірі - VIII ғасырдағы қолжазба Катталангар Құраны ұсынылады, деп хабаолайды Egemen.kz «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 29 Қазан, 2022
Бірқатар өңірде жауын-шашын күтіледі
Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа-райы тұрақсыз болып, жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ның 2022 жылғы 30 қазанға арналған ауа райы болжамында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қазан, 2022
Рамиль Мухоряповтың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Алматы полиция департаменті кәсіпкер, Chocofamily бас директоры Рамиль Мухоряповқа қатысты 174-баптың 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Қазан, 2022
Алматыда үстел теннисінен Қазақстан Кубогы өтіп жатыр
Алматы ADD үстел теннисі орталығында Қазақстан Кубогы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Білім • 29 Қазан, 2022
Қазақстанда 500-ден астам «Жайлы мектеп» салынады
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда жаңа форматтағы мектептер мен ауданаралық емханалар салу жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 29 Қазан, 2022
Өзбекстан парламентшілері Қазақстандағы реформаларды жоғары бағалады
Өзбекстан Олий Мажлисі Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевпен кездесу кезінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әділетті Қазақстанды құру жолында жүргізіп жатқан ауқымды реформаларының маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қазан, 2022
Қорғаныс министрлігіндегі өрттің шығу себебі анықталды
Қорғаныс министрлігі бүгін ведомство ғимаратында болған өрттің алдын ала себебін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қазан, 2022
Қорғаныс министрлігінің ғимаратында өрт шықты
Қорғаныс министрлігінің ғимаратында өрт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 29 Қазан, 2022
Реформалардың негізгі мақсаты – адам құқықтарын қорғауды нығайту - М.Әшімбаев
Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 54-ші пленарлық отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Қазан, 2022
Қазақстанда электр және жылу желілерінің тозуы 15%-ға төмендейді
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов табиғи монополиялар саласындағы тарифтік саясатқа қатысты жолданған депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 29 Қазан, 2022
Ақмола шаруалары елордалықтарға тауарларын ұсынды
Елорда жәрмеңкесінде Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарлары сатылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 29 Қазан, 2022
Қазақстанда 800-ге жуық адам індеттен емделіп жатыр
29 қазандағы жағдай бойынша елімізде 794 адам коронавирустан ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 77 пациент стационарларда, 717 пациент амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Қазан, 2022
Денис Тен мемориалының жүлдегерлері анықталды
Алматыда мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир – Денис Тен мемориалы өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Анна Левковец пен Диас Жиренбаев күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 28 Қазан, 2022
Ауа райына байланысты ескерту жарияланды
29 қазанда еліміздің алты облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Қазан, 2022
Жыл басынан бері 288 млрд теңгеге қаржы бұзушылығы анықталды
ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаров жыл басынан бері 288 миллиард теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қазан, 2022
Мемлекет басшысы Astana Media Week қатысушыларына құттықтау жолдады
Бүгін Астанада үш күнге созылған Astana Media Week-2022 іс-шарасы қорытындыланды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 28 Қазан, 2022
«URKER-2022» сыйлығының иегерлері анықталды
Бүгін «Қазмедиа» орталығында «URKER-2022» Ұлттық бәйгесінің жеңімпаздарын марапаттау салтанатты шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Қазан, 2022
Президент Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Республикасының ұсынысы бойынша өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына бейнебайланыс форматында қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 28 Қазан, 2022
ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы Сочиде өтеді
Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев Астанада өткен ТМД үкімет басшылары кеңесі отырысының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.