е
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2024
Абай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Әділбай Қанат Серікқанұлы Абай облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2024
Ұшақ апатынан көз жұмған Қазақстан азаматтарының есімдері аталды
Төтенше жағдайлар министрлігі 25 желтоқсан күні Ақтау қаласында апатқа ұшыраған Әзербайжан әуекомпаниясына тиесілі ұшақта болған Қазақстан азаматтарының аты-жөнін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 26 Желтоқсан, 2024
Тұман түсіп, бұрқасын жүреді: Синоптиктер ескерту жасады
«Қазгидромет» синоптиктері 26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың айтуынша, елдің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2024
Жоғарғы Сот айыппұл көлемін азайтты
Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы акционерлік қоғамға (АҚ) қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2024
2024 жыл: Қазақстанда халық есінде қалар қандай оқиғалар болды
2024 жыл еліміз үшін ерекше оқиғалармен есте қалды. Экологиялық мәдениетті дамыту, технологиялық серпілістер, экономикалық табыстар және құқықтық жүйедегі маңызды өзгерістер — осының бәрі Қазақстанның тұрақты дамуы мен болашағының жарқын бейнесін көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 25 Желтоқсан, 2024
Ақтауға жетекші мамандар бригадасымен санитарлық авиация борты барды
Астанадан Ақтауға ұшақ апатынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін санитариялық авиация ұшағы келіп қонды.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2024
Ұшақ апаты: Ақтауға Ақтөбеден медициналық жүк жіберілді
Аталған медициналық жүк зардап шеккендерге көмек ретінде жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 25 Желтоқсан, 2024
Қанат Бозымбаев ұшақ апатынан зардап шеккен жолаушыларға барды
Премьер-министрдің орынбасары басшылық ететін Үкіметтік комиссия Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына барды.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2024
Маңғыстаулықтар Әзербайжан елшілігі ғимараты маңына гүл шоқтарын қоюда
Маңғыстау облысында Әзербайжан ұшағы апатқа ұшырады. Экипаж мүшелері мен жолаушылары арасында қаза тапқандар мен ауыр зардап шеккендер бар. Ақтау қаласындағы Әзербайжан Бас Консулдығы ғимаратына келіп, қамығып, көңіл айтып жатырған халықтың қарасы қалың, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Қоғамдық Коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Парламент • 25 Желтоқсан, 2024
Ақтаудағы ұшақ апаты: «AMANAT» депутаттары көңіл айтты
Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері 2024 жылы атқарылған жұмысты қорытындылау шарасы басталар алдында халық қалаулылары Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 25 Желтоқсан, 2024
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты орнында жұмысын бастады
Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған үкіметтік комиссия Ақтаудағы төтенше жағдай орын алған жерге келді.
Шаруашылық • 25 Желтоқсан, 2024
Жыл қорытындысы: Биыл егіншілер рекордтық өнім жинады
Ауыл шаруашылығы өндірісінің даму деңгейі отандастырымыздың басым бөлігінің әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Ал бүгінде халықтың 37%-дан астамы ауылдық жерлерде тұрады, деп жазады Egemen.kz.
Digital • 25 Желтоқсан, 2024
Қазақстанның ЖИ енгізу бойынша 50 озық елдің қатарына енуі үлкен жетістік
Халықаралық валюта қоры ұсынған ЖИ дайындығы индексі бойынша Қазақстан жасанды интеллект енгізуге барынша дайын елдердің қатарында 48-орынға ие болды. Айта кетерлігі, алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына озық цифрлық инфрақұрылымы, білім саласына инвестиция салу және технологиялық инновациялар арқасында күшті нәтижелерге қол жеткізген Сингапур, Дания және АҚШ секілді көшбасшылар бар, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 25 Желтоқсан, 2024
Ақтауға Әзербайжан делегациясы келіп жетті
Бүгін Ақтау маңында Әзербайжаннан ұшып шыққан ұшақ апатқа ұшырады. Ауыр апатқа байланысты Әзербайжан тарапынан арнайы құрылған комиссия Ақтауға барды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 25 Желтоқсан, 2024
Қазақстан бәсекеге қабілетті болу үшін алдыңғы қатарлы технологиялары болуы қажет - ғалым
Қазақстанның келешегін алдыңғы қатарлы технологиялар өзгертеді. Ғылымның беделін көтеріп, интеллектуалдық еңбек адамдарының қажеттіліктерін қалай арттыруға болатыны туралы Назарбаев Университетінің перспективалық материалдар мен лазерлік технологияларды зерттеу зертханасының директоры, профессор Жандос Өтегулов айтып берді. Ғалым бұған дейін АҚШ-та Айдахо ұлттық зертханасында, Ұлттық стандарттар және технологиялар институтында, Небраска-Линкольн, Цинциннати және Оклахома университеттерінде зерттеу жұмыстарымен айналысқан.
Үкімет • 25 Желтоқсан, 2024
Президентке Ақтаудағы апат бойынша соңғы деректер баяндалды
Мемлекет басшысына Үкіметтік комиссияның Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Аz Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру және зардап шеккендерге көмек көрсету жөнінде жүргізіп жатқан жұмысы туралы баяндалды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2024
Еліміздің «Орта державалар» қатарына қосылуының маңызы қандай
Биыл еліміз еңсерген тағы бір жетістіктердің бірі - Қазақстанның алғаш рет «Орта державалар» тізіміне енуі. Бұл еліміздің саяси, экономикалық және мәдени салалардағы жетістіктерінің мойындалуының айқын көрсеткіші.
Президент • 25 Желтоқсан, 2024
Президент ТМД-ға мүше елдер басшыларымен кездесті
Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен барған Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 25 Желтоқсан, 2024
«Қазгидромет» синоптиктері 26, 27 және 28 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2024
Түлектерді грантпен қамтамасыз ете алмай отырмыз - депутат
Аталған мәселе тұрғысында мәжілісмен Қайрат Балабиев Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға депутаттық сауалын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Желтоқсан, 2024
Мемлекет басшысы Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке Маңғыстау облысында Әзербайжанның әуе жолдары ұшағы апатқа ұшырап, экипаж мүшелері мен жолаушылардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 25 Желтоқсан, 2024
Биыл «Жайлы мектеп» жобасы аясында 42 білім ордасы бой түзеген
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үш ауысымды оқытуды жою және қалалық пен ауылдық мектептер арасындағы айырмашылықты азайту мақсатында Қазақстанда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 25 Желтоқсан, 2024
Ұшақ апаты: Әзербайжан Президенті көз жұмғандардың отбасына көңіл айтты
Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Ақтау маңында болған ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2024
Елдегі ең ұзын көпір: Шығыс өңірінің туристік әлеуеті зор
2024 жылдың қазан айында ел азаматтары тарихи оқиғалардың біріне куә болды десек те болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең үлкен көпір ашылып, халық игілігіне берілді.
Парламент • 25 Желтоқсан, 2024
Биыл Мәжіліс 106 заң жобасын қарап, 37 заңды қабылдады. Оның ішінде 19 заңға Президент қол қойған. Бүгін Парламент жылды қорытындылап, жуырда депутаттар өңірлерге іс сапарға шығатыны айтылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 25 Желтоқсан, 2024
Ақтау маңында болған апаттың себебін Үкіметтік комиссия анықтайды
Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Az Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру мақсатында Үкіметтік комиссия құрылды. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2024
Жоғарғы Сот түзеткен апелляциялық шешімдер саны 17%-ға азайды
Бұл туралы Жоғарғы Соттың баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 25 Желтоқсан, 2024
Білім сапасын арттырудағы маңызды қадам: жаңа мектептер мен балабақшалар
Тәуелсіздік күні қарсаңында елімізде бірнеше жаңа оқу орындары ашылды, бұл білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі оқиғалардың бірі болды. Бұл нысандар Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынды. Жаңадан бой көтерген білім нысандары оқушылардың оқу жағдайларын жақсартуға және мәдени, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететіні сөзсіз.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2024
Мүгедек балалардың ата-аналарын зейнетке ерте шығару ұсынылды
Депутат Таңсәуле Серіков мүгедек сәбилі аналарға қатысты мәселе көтеріп, Премьер-министрге сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 25 Желтоқсан, 2024
Елдос Сметов ағылшын тілін үйрену үшін шетелге аттанады
24 желтоқсан күні Астана қаласында 2024 жылы өткен спорттық додаларда байрағымызды биікте желбіреткен үздіктер бас қосты. Туризм және спорт министрлігі спортшылар мен бапкерлерге қолдау көрсету мақсатында өткізген іс-шарада Париж олимпиадасының жеңімпазы, Рио-де-Жанейрода өткен ХХХІ Олимпиданың күміс жүлдегері, Токиода өткен ХХХІІ жазғы Олимпиаданың қола жүлдегері Елдос Сметов жылдың үздік спортшысы атанды. Тәуелсіздік тарихында дзюдодан Қазақстан қоржынына алғаш болып «алтын» салған Елдос Сметовпен тілдесіп, алдағы жоспарларын сұрадық.