ер
Қазақстан • 07 Қазан, 2020
Тергеу қызметкерлері қылмыстық араңдатушылық әрекеттері үшін жауапқа тартылады
Қылмыстық кодекске «қылмысқа арандату» деген 412-1-бап енгізіледі, ол тек парақорлықпен шектелмей, кез келген қылмысты қамтитын болады. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Әлем • 06 Қазан, 2020
Нью-Йорк қаласында мектептер жабылуда
Нью-Йорк қаласының тоғыз ауданында жеті күн қатарынан коронавирус жұқтырушылардың саны айтарлықтай өскен, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 06 Қазан, 2020
Алматыдағы Зияткерлік мектеп оқушысы халықаралық "Түймаада" олимпиадасының жеңімпазы атанды
Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Асылбек Олжабаев "Түймаада" халықаралық олимпиадасының биылғы алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Қазан, 2020
Ержан Бабақұмаров мектеп директорларымен кеңес өткізді
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров қала мектептерінің директорларымен балалардың денсаулығын қорғау және қашықтан оқыту сапасы мәселелері бойынша онлайн-кеңес өткізді, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 06 Қазан, 2020
Интернет пен ұялы байланыс қызметтерінің тарифі қымбаттады
Елімізде өткен айдың басында 24,2 млн ұялы байланыс абоненті болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі абоненттер санынан (25,9 млн абонент) 6,5%-ға аз. Тұтынушылардың 63,3 пайызы интернет желісіне қосылған. Finprom.kz-тің ақпараты бойынша бір жыл ішінде интернет тарифі 2,6%-ға, ал ұялы байланыс қызметі 1,7%-ға қымбаттап, 2,5 млн абонентке дейін қысқарған, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 06 Қазан, 2020
Алматы облысының үздік полицейлері марапатталды
Ел Президентінің Жарлығымен Алматы облысының үздік полицейлері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоғам • 06 Қазан, 2020
Қарулы Күштерде 60 мыңнан астам маман даярланды
Еліміздің Қарулы Күштерінде "Қуатты армия – ел тірегі" ұранымен өткен кезекті оқу жылы аяқталуда, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 06 Қазан, 2020
Тараздықтар Сергей Есенинді еске алды
Биыл әйгілі ақын Сергей Есениннің туғанына 125 жыл толып отыр. Отыз жыл ғана ғұмыр кешкен шайырдың өмірі де, өлеңі де ел есінде. Кезінде ақынның құрметіне орай, Тараз қаласындағы Ы.Сүлейменов көшесінен Есениннің ескерткіші ашылған болатын. Бүгінде бұл жер жас ақындардың жыр оқып, жасындай жарқылдайтын орынына айналды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 06 Қазан, 2020
Жалпы қуаты 215 мың тонна болатын 13 құс фабрикасы іске қосылады
Бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ішкі нарықты толықтай қамтамасыз ету бағытында құс етін өндіру қуатын қосымша 171 мың тоннаға арттыру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Қазан, 2020
Қызылорда облысында жылу беру маусымына дайындық барысы 97%-ға орындалды
2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымын тұрақты түрде өткізуге коммуналдық кәсіпорындар ағымдағы және күрделі жөндеу, қайта жаңғырту жұмыстарын бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Қазан, 2020
Ерлан Тұрғымбаев өз балаларын ұрып-соққан ер адамның ісіне қатысты пікір білдірді
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Түркістан облысында өз балаларын ұрып-соққан әкенің ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қазан, 2020
Елімізде шерифтер пайда болуы мүмкін
Ішкі істер министрлігінің кадр саясаты депаратментінің бастығы Айдар Сайтбеков Қазақстанда полицияны сервистік модельге ауыстыру аясында бірнеше пилоттық жоба қолға алынғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Қазан, 2020
Пияз Жамбыл облысының брендіне айналуы керек - Бердібек Сапарбаев
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданына жұмыс сапары барысында жөндеу-құрылыс жұмыстарымен және ауыл шаруашылығы саласындағы жағдаймен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 05 Қазан, 2020
Kenzo сән үйінің негізін қалаған дизайнер коронавирустан көз жұмды
Kenzo сән үйінің негізін қалаған жапониялық дизайнер Кендзо Такада коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz BBC News агенттігіне сілтеме жасап.
Руханият • 05 Қазан, 2020
"Астана Балет" елордалық дәрігерлерге арнап қайырымдылық концерт өткізді
"Астана Балет" театрында коронавирус инфекциясымен күресте мыңдаған адамға демеу бола білген дәрігерлер мен барлық медицина қызметкерлеріне арналған үш қайырымдылық концерт өтті, деп хабарлайды Egemen.kz театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 04 Қазан, 2020
Елорда әкімдігінде президенттік жастар резервінің 8 мүшесі жұмыс істейді
"Ашық микрофон" форматында жастармен өткен кездесуде Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов елорданы одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 04 Қазан, 2020
"Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар" жобасы бастау алды
Оқу жылының алғашқы күнінде "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының барлық интернет платформаларында ұстаздарға арналған — "Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар" жаңа жоба бастау алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 04 Қазан, 2020
Оралда мұғалімдер марапатталды
Батыс Қазақстан облысының үздік мұғалімдері кәсіби мереке күніне орай түрлі мақтау-марапатқа ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 04 Қазан, 2020
Пандемия кезінде мұғалімнің маңызы зор екеніне баршаның көзі жетті – Б.Байбек
Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ұстаздар қауымын төл мерекесімен құттықтап, Facebook парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 03 Қазан, 2020
Бүгін Қазақстанның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 17 сағат 50 минут 21 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 03 Қазан, 2020
Бердібек Сапарбаев тараздық 13 жастағы жетім баланы қамқорлығына алды
Жұма күні Тараз қаласындағы Марс Үркімбаев атындағы Жастар сарайында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қолдау бойынша "Мейірім" жобасының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 03 Қазан, 2020
Батыс Қазақстанда қаламгерлерге қамқорлық күшейеді
Орал қаласында Қазақстан Жазушылар Одағының Батыс Қазақстан облыстық филиалының жаңадан тағайындалған төрағасы Бауыржан Халиолланың жетекшілігімен алғашқы жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Кәсіпқой бокс • 03 Қазан, 2020
Данияр Елеусінов қазан айында жұдырықтасады
Данияр Елеусінов қазан айында жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 02 Қазан, 2020
Мемлекет басшысы Кувейттің жаңа Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт мемлекетінің Әмірі шейх Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахтың аса жауапты лауазымға тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 02 Қазан, 2020
Елордада демалыс күндері қандай шаралар өтеді?
Алдағы демалыс күндері қала тұрғындары мен қонақтары мұғалімдердің кәсіби мерекесіне арналған мерекелік іс-шараларды, сондай-ақ елордадағы мәдениет мекемелеріндегі концерттер мен қойылымдарды тамашалай алады. Барлық іс-шара санитария нормаларына сай өтетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Президент • 02 Қазан, 2020
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрін қабылдады
Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев армияның әскери және шұғыл әрекеттерге дайындығы, азаматтарды әскерге шақырудың күзгі науқанының барысы, сондай-ақ Алматы облысында өтіп жатқан бітімгершілік оқу-жаттығу жиыны жөнінде Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың есебін тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 02 Қазан, 2020
Жексенбі күні елордада қоғамдық көліктер жүрмейді
Жексенбі күні, 4 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Қазан, 2020
Қостанай облысында 20 мыңға жуық партия мүшесі дауыс берді
Дауыс беру әлі де жалғасады. «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы партия мүшелерінің онлайн режімде белсенді дауыс беріп жатқанын мәлімдеді. 1-қазаннан бастап дауыс беруге кіріскен қостанайлықтар кадрлық резервтің мықты азаматтармен толығуына мүдделі. Қазірдің өзінде 19 276 адам дауыс беріп үлгерді.
Аймақтар • 02 Қазан, 2020
Жамбылдық мұғалімдер кәсібилігі мен шеберлігі үшін марапатталды
Алдағы ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай жамбылдық мұғалімдер құттықтауларға ие бола бастады, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 02 Қазан, 2020
"Үркер-2020" ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау басталды
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және "Медиа дамыту қоры" корпоративтік қоры бүгін "Үркер" - 2020 ұлттық сыйлығына қатысу үшін өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлады.