Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 02 Қазан, 2018
Қарағанды облысында Орталық Азиядағы ең ірі күн электр стансасы салынып жатыр
Балама энергия көздерін табу – бүкіл әлем болып жаппай кіріскен әйдік жобаға айналғалы қашан. Әсіресе тас төбеде шақырайған күннің көзін энергия қуатына айналдыру сынды шарапатты істе дамыған елдердің тасы өрге домалап-ақ тұр. Тіпті Жапонияның бір энергетикалық компаниясы жер аздай-ақ, оның серігі айға күн электр стансасын орнатпақшы екен. Айды қоя тұрып, жерге оралар болсақ, біздің елімізде де жарқыраған күн жарықтықтың қуатын игілік көзіне айналдыру бойынша айтулы жобалар іске асып, ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның бірі Қарағанды облысындағы Саран қаласында салынып жатқан күн электр стансасы.
Аймақтар • 02 Қазан, 2018
Көп жылдан бері иісі түркінің атажұрты – Алтай жерін, оның тарихы мен табиғатын, ел-жұртының жағдайын жазып келе жатқан біз үшін Зырянның Алтай болып өзгеруі үлкен қуаныш!
Аймақтар • 02 Қазан, 2018
Көне Түркістанның жаңа мүмкіндіктері
Осыдан тура үш ай бұрын жаңа облыс орталығы болып құрылған Түркістан қаласы тұңғыш халықаралық форум өткізді.
Аймақтар • 02 Қазан, 2018
Қыркүйекте де мамыр айы секілді жер дүние гүлдеп кеткендей, алуан түсті бояуға енеді. Жалпы, Торғайдың даласына табиғат шілдеден былай-ақ алтынның буын бүріккендей, сарғая бастайды. Алты ай жазда аспаннан түсетін нәр сирек болған соң да, шөп тоқ жасыл күйін ұстап тұра алмайды. Қыркүйек келгеннен-ақ тоқ сары дала қоңырқай тартады.
Қазақстан • 02 Қазан, 2018
Парламент Сенатының депутаттары Мұхтар Құл-Мұхаммед және Мұрат Бақтиярұлы Брюссельде өткен «Азия-Еуропа» форумы аясында парламенттік әріптестіктің 10-шы кездесуіне қатысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 02 Қазан, 2018
Елордалық қарияларды құттықтады
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Астана қаласындағы «Ардагер» демалыс орталығына арнайы барып, елордалық қарияларды атаулы күнмен құттықтады.
Парламент • 02 Қазан, 2018
Тарихи-мәдени мұралар мәселесін қамтитын заң жобасы талқыланды
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің шеңберінде кейбір заңнамалық актілерге тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасының таныстырылымы болды.
Qazaq osy ǵasyrǵa deıin tentegi men telisin aǵaıyn arasynda ǵana tártipke salyp, temir torǵa toǵytpaı-aq ózderi tyıyp otyrǵan. Qazaqta «túrme bolmaǵan», «qulyp bolmaǵan» degen sózderdiń de túp tórkinin osy jerden órbitýge bolady.
Әлем • 02 Қазан, 2018
Сулавеси қасіреті: 2,4 млн адам көмекке мұқтаж
Индонезияның Сулавеси аралында болған табиғи апат құрбандарының саны уақыт өткен сайын көбейіп барады. Ел президенті Джоко Видодо 1200-ден астам адам қаза тапқаны туралы хабарлады. Қирандылардың астында қалған, құтқарушылар іздестіріп жатқан адамдардың саны 2 мыңға жуықтайды. Қызыл крест ұйымының хабарлауынша, зілзала мен цунамиден барлығы 1,6 миллионға жуық адам зардап шеккен.
Әлем • 02 Қазан, 2018
Елбасы бастамасы БҰҰ-да қолдау тапты
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тағы бір халықаралық бастамасы биік мінберде қолдау тапты. Нью-Йоркте, Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу мінез-құлық кодексіне қол қою рәсімі өтті. Адамзатты алаңдатқан қатермен күреске күллі әлемді жұмылдыруды көздеген құжаттың пысықталуы 2015 жылдың қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясы шеңберінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерген бастама аясында жүзеге асырылып отыр.
Технология • 01 Қазан, 2018
Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келді
Мақтаның отаны саналған Мақтаарал ауданына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев пен Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен келді. Мақталы өлкедегі ауыл шаруашылығы саласының даму барысымен танысқан министр бірнеше нысандарды аралады, деп хабарлайды Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 01 Қазан, 2018
Жастар халықаралық қарттар күніне орай қарияларды құттықтады
Бүгін «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері Халықаралық қарттар күніне орай «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасының аясында «Қарттарым – асыл қазынам» атты акциясын өткізді.
Аймақтар • 01 Қазан, 2018
Алматыда жоспарлы жылу желілерін жаңарту жұмыстары аяқталды
Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мақсұт Исаховтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Парламент • 01 Қазан, 2018
Сенат депутаттары парламенттік әріптестіктің 10-шы кездесуіне қатысты
Парламент Сенатының депутаттары Мұхтар Құл-Мұхаммед және Мұрат Бақтиярұлы Брюссельде өткен «Азия – Еуропа» форумы аясында парламенттік әріптестіктің 10-шы кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 01 Қазан, 2018
Жамбылда «Жерлестер» форумы өтеді
Бүгін Жамбыл облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғалидің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында Берік Уәлиұлы басқарманың соңғы тоғыз айда атқарған жұмыстары туралы баяндады.
Кино • 01 Қазан, 2018
Мысырда халықаралық Эль-Гуне кинофестивалі аяқталды
Мысырда халықаралық Эль-Гуне кинофестивалі аяқталды. Қызыл теңіздің жағасындағы кинобәйге аясында тоғыз күн бойы кино көрсетілім мен түрлі мастер-кластар өтті, деп хабарлайды Euronews.
Қазақстан • 01 Қазан, 2018
СІМ басшысы Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының VI съезі туралы хабарлады
Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ Бас Ассамблеясының Нью-Йоркте өткізілген 73-ші сессиясының аясында БҰҰ Өркениеттер Альянсының «Достар тобының» министрлер кездесуінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 10-11 қазанда Астанада өтетін алдағы VI съезінің негізгі міндеттері мен маңызы туралы баяндады.
Аймақтар • 01 Қазан, 2018
Қызылордалық полицейлер ардагерлерге құрмет көрсетті
Айтулы күнге орай, қызылордалық полицейлер салтанатты іс-шара өткізді. Іс-шараға ішкі істер органдарының ардагерлері, департамент және басқарма басшылары мен жеке құрам қатысты, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі.
Әдебиет • 01 Қазан, 2018
«Алтын тобылғы» әдеби байқауына өтінімдер қабылдануда
«Алтын Тобылғы» әдеби сыйлығын жеңіп алу үшін жыл сайынғы байқауға қатысуға өтінімдер әлі қабылдануда.
Кино • 01 Қазан, 2018
«Әміре» фильмінің операторы Грузияда өткен фестивальде жүлдеге ие болды
«Әміре» фильмінің операторы Максим Осадчий («9 рота», «Сталинград») Тблисиде қыркүйектің 27-сі мен 28-і аралығында өткен Golden Eye («Алтын көз») атты халықаралық кино- және телеоператорлар фестивалінде Panasonic компаниясының арнайы жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ аталған кинотуынды фестивальдің арнайы дипломымен марапатталды.
Аймақтар • 01 Қазан, 2018
Павлодар облысында астық жиналуда
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, өңірде дәнді дақылдар 60 пайызға жуық жиналып бітті.
Әлем • 01 Қазан, 2018
Медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері белгілі болды
Америкалық Джеймс Эллисон мен жапониялық Тасуку Хондзе – Нобель сыйлығының медицина бағыты бойынша жеңімпаздары, деп хабарлайды CNN.
Аймақтар • 01 Қазан, 2018
Екібастұздың тас көмірін қытайлықтар зерттемек
Қазіргі кезде көмір өндірісіне инвесторлар қызығушылық білдірмейді. Көмір химиясын дамыту, көмірді қайта өңдеу мәселесі маңызды.
Қазақстан • 01 Қазан, 2018
«7-20-25» бағдарламасы бойынша займ беруге 2 052 өтініш мақұлданды
Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде займ беруге 2 052 өтініш мақұлданды, деп хабарлайды Ұлттық Банктің баспасөз қызметі.
Үкімет • 01 Қазан, 2018
Сейсенбі күні, 2 қазанда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.
Парламент • 01 Қазан, 2018
Қ.Тоқаев «Швейцария-Қазақстан» парламентаралық тобының төрағасын қабылдады
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясы Федералдық жиналысы Кантондар кеңесінің Халықаралық қатынастар комитетінің төрағасы, «Швейцария-Қазақстан» парламентаралық тобының төрағасы Филиппо Ломбардимен кездесті, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Әлем • 01 Қазан, 2018
Әзербайжан зейнеткерлері бір ай бойы банктерде жұмыс жасамақ
Халықаралық қарттар күніне орай Әзербайжанның «Капитал банк» атты банкі зейнеткерлерге арналған әлеуметтік жоба өткізуде.
Әлем • 01 Қазан, 2018
Өткен аптада Америка құрама штаттарының мемлекеттік хатшысы Майк Помпео «Алдағы уақытта Америка және Солтүстік Корея арасында 2-ші саммит өтеді» деп ресми мәлімдеме жасады.
Әлем • 01 Қазан, 2018
Бүгін - дүниежүзілік кофе күні
Шаршағанды басып, белсенділікті қалпына келтіретін хош иісті сусын күні жекелей мереке ретінде 2015 жылдан бері 1 қазанға бекітіліп, тойланып келеді.
Аймақтар • 01 Қазан, 2018
«Өмірді құтқару»: Алматыда әлеуметтік фотокөрменің ашылуы өтті
Алматыда бүгін «Аман-саулық» қоғамдық қоры мен Алматы қаласының наркологиялық диспансері бірігіп, фотограф Санат Оңғарбаевтың «Өмірге араша түсу» әлеуметтік фотокөрмесінің ресми түрде тұсауын кесті.