Соңғы жаңалықтар
Білім • 19 Шілде, 2018
Қазақстан • 18 Шілде, 2018
Әлемнің 20-дан астам елінің үздік сәулетшілері Қазақстанның елордасында бас қосты
Әлемнің жетекші сәулетшілері Астанаға Халықаралық сәулетшілер конгресіне қатысу үшін жиналды. Халықаралық деңгейдегі шара Астананың 20 жылдығына арналған және кәсіби тәжірибемен алмасу мен жаһандық тұрғыда жергілікті сәйкестік мәселелерінің шешімін табу арқылы заманауи отандық сәулет өнерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған.
Қазақстан • 18 Шілде, 2018
Дәурен Абаев: «Шалқар» радиосының таратылымын кеңейту жұмыстары толық аяқталды
Түркістан облысы Түлкібас пен Сайрам аудандарының 72 елді мекенінде «Шалқар» радиосының таратылымын кеңейту жұмыстары толық аяқталды. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында хабарлады.
Қазақстан • 18 Шілде, 2018
Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды
Қазгидромет РМК еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланғанын хабарлады.
Әлем • 18 Шілде, 2018
Парижден 65 млн еуроға пәтер сатып алған қазақстандық кім?
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Мәди Такиев Парижден 65 млн еуроға пәтер сатып алған қазақстандық туралы пікір білдірді.
Әлем • 18 Шілде, 2018
«Эйр Астана» Skytrax World Airline Awards сыйлығының жеті дүркін лауреаты атанды
Қазақстандағы азаматтық авиацияның флагманы және Skytrax халықаралық сыйлығының 4 жұлдызды рейтингісінің иегері «Эйр Астана» жетінші рет Орталық Азиядағы және Үндістандағы үздік әуекомпания атанды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2018 жылғы 17 шілдеде Лондонда өтті.
Аймақтар • 18 Шілде, 2018
Түркістан облысында алты айда 202,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Түркістан облысында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 73 көпқабатты тұрғын үй салынуда. Бюджет есебінен бой көтеріп жатқан үйлерде барлығы 2449 пәтер болады. Биыл оның 500-і, яғни 35 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев мәлім етті.
Қазақстан • 18 Шілде, 2018
Триатлоннан өтетін ашық турнирде 300 адам жарысқа түседі
Триатлоннан өтетін ашық турнирде 300 адам жарысқа түседіАстананың 20 жылдығына орай 28 шілдеде елордада триатлоннан ашық қалалық турнир өтеді. Қатысушылар жүзу, велосипедпен жүру және жүгіру сияқты үш түрлі сайыста күш сынасады.
Қазақстан • 18 Шілде, 2018
Ақылы автотұрақ төлемін мобильді қосымша көмегімен төлеуге болады
«Астана қаласы көлік кеңістігін басқару» ЖШС 2018 жылдың шілде айынан бастап қала тұрғындары мен қонақтарына ақылы автотұрақ құнын төлеудің ыңғайлы формасын ұсынады.
Аймақтар • 18 Шілде, 2018
Сыр өңірінде жыл басынан бері 228 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Қызылорда облысында жыл басынан бері 228 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл туралы аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев облыстық мәслихат сессиясының кезекті отырысында мәлімдеді.
Қазақстан • 18 Шілде, 2018
Қазақстандық суретші «Ядросыз болашақ үшін» сыйлығын жеңіп алды
Қазақстан суретшісі, АТОМ жобасының Құрметті елшісі Қаріпбек Күйіков 2018 жылы «Ядросыз болашақ үшін» сыйлығының лауреаты атанды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.
Аймақтар • 18 Шілде, 2018
Семей қаласынан 240 шақырым қашықтықта орналасқан, жолы қырық жамау, ойдым-ойдым, байланысы нашар, халқы жылдан жылға сиреп бара жатқан топырағы қасиетті Ақбұлақ ауылында жергілікті жұрттың еңсесін көтеріп, көңілдерін серпілткен тамаша шара өтті. Топырағы қасиетті деп бекерге айтып отырған жоқпыз. Бұл ауылда тұңғыш рет шет елде ән шырқап, алаштың атын төрткүл дүниеге паш еткен қазақтың ұлы әншісі, актер Әміре Қашаубаев дүние есігін ашқаны белгілі.
Аймақтар • 18 Шілде, 2018
Қызылордада АӨК саласында 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ
2018-2022 жылдары облыста агрокартаны жүзеге асыруға арналған іс-шаралар жоспарынының шеңберінде ағымдағы жылы 7 млрд. теңгеден астам сомаға 10 инвестициялық жоба іске қосылады. Бұл туралы облыстық мәслихат сессиясының отырысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.
Аймақтар • 18 Шілде, 2018
Қамбаш көлінде демалушылардың қатары жыл сайын көбейіп келеді
Жер бетіндегі тіршілік атаулыны алып табаға салып қуырған шіліңгір шілдеде Қызылордалықтар саяны Қамбаш көлінен тауып жатыр.
Аймақтар • 18 Шілде, 2018
Сыр өңірінде жазасын өтеушілер диплом алып жатыр
Қылмыс жасап, жазасын өтеп жатқандарды қоғамнан мүлде оқшаулап тастауға болмайды. Дені жұмысқа жарамды олар түзету мекемесінде түрлі кәсіппен айналысады.
Аймақтар • 18 Шілде, 2018
Қызылордада қалалық аурухана жаңа құрылғылармен толықты
Қызылорда қалалық ауруханасында жаңадан алынған денситометр аппараты буын ауруларын емдеуде жұртшылықтың ықыласына бөленуде.
Аймақтар • 18 Шілде, 2018
Жалағаш ауданында күн электр станциясының құрылысы басталды
Жалағаш ауданында қуаттылығы 30 МВт күн электр станциясының құрылысы басталды.
Қазақстан • 18 Шілде, 2018
Елімізде жеңіл автокөліктердің саны артты
2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 332 908 жеңіл автокөлік тіркелді. Бұл көрсеткіш 2017 жылдың сәйкес маусымымен салыстырғанда 67,9 пайызға көп, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.
Аймақтар • 18 Шілде, 2018
Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы жас офицерлермен толықты
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында Қазақстан мен Ресей елінің Әскери оқу орындарының офицер-түлектерімен оқу-әдістемелік жиын өтті. Ұлттық ұланның Әскери институтын оқып бітірген жас лейтенанттар жедел шақырылымдағы сарбаздарды және өз ісінің кәсіби маманы болған келісім-шарт негізіндегі әскери қызметкерлердің жеке құрамын да басқаратын болмақ.
Тарих • 18 Шілде, 2018
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоры көне жәдігерге өте бай. Солардың бірі – қазақ арулары киген бас киім түрі қасаба.
Өнер • 18 Шілде, 2018
Степногорск қалалық тарихи-өлкетану музейі ашылды
Жуырда Астананың 20 жылдығына орай, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында Степногорск қалалық тарихи-өлкетану музейі ашылды.
Қазақстан • 18 Шілде, 2018
Алматыда Кореямен бірлескен клиника ашылды
Алматыда обыр скринингі мен молекулалық диагностика жасайтын жоғары технологиялы медицина орталығы ашылды. Бұл орталық Оңтүстік Корея елімен бірлескен жоба аясында іске қосылды.
Білім • 18 Шілде, 2018
Шекара, шекарашы туралы кітап жоқтың қасы. Әсіресе еліміз тәуелсіздік алған соңғы 27 жылдың көлемінде туған елінің шекарасын көздерінің қарашығындай күзетіп келе жатқан шекарашылардың Отан алдындағы міндеті, жаңа патриоттарды тәрбиелейтін тыныс-тіршіліктері жайлы еңбек тапшы десек, артық айтқандық емес.
Өнер • 18 Шілде, 2018
Ұлттық музейде еліміздегі Қытай Халық Республикасының елшілігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі бірлесіп ұйымдастырған «Таңғажайып Қытай. Аспан асты елінің көрікті жерлері» атты фотокөрменің салтанатты ашылуы өтті.
Таным • 18 Шілде, 2018
Басынан аяғына дейін белгілі бір оқиғаны фильмнің темірқазығы етіп, соңғы шешіміне жеткенше көрерменді бір тыныспен ұстайтын классикалық мағынасындағы көркем фильм талайдан бері экран бетінен көрінбей кетті десек, бұл пікірмен көрерменнің көпшілігі келісетін болар.
Білім • 18 Шілде, 2018
Мағжан Жұмабаевтың ақындық кемеліне келгенде жазған поэмасы – «Батыр Баян». Қазақ поэзиясының інжу-маржанына айналған осы поэмада Мағжанның өмір туралы ұстанымы, көзқарастары жыр қанатында самғап, өнер қалыбына құйылған.
Білім • 18 Шілде, 2018
Жеткіншектер сауықтыру лагерінде өз-өзін жетілдіре түсті
Биыл Қарағанды өңірінің Бектауата шатқалындағы балаларға арналған «Факел» маусымдық сауықтыру лагері тағы бір тамаша бастаманы қолға алды. Табиғат аясына шыққан жас жеткіншектер бұдан былай демалып қана қоймай, зияткерлікті дамыту алаңдарында өздерінің қабілеттерін арттыруға мүмкіндіктері бар. Атап айтқанда, робот-техника, қолмен модельдеу, қолданбалы өнер зертханаларында жұмыс істеу, лагерь ландшафтарын көгалдандыру, көгершін асырау, би үйірмесі, қуыршақ театры және үштілділік сияқты жазғы мектептердің жұмысы бүгінде лагерь аясын кеңейте түскен. Бұл біріншіден, балалардың танымы мен талантын ұштау болса, екінші жағынан туризмнің тетіктерін жетілдірудің тағы бір арнасы деуімізге болады.
Білім • 18 Шілде, 2018
Жетісайдағы Бауыржан Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназия үздіктері көп үлгілі мектеп
Түркістан облысында бір мектеп бар, түлектерінің барлығы дерлік ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсетеді. Тағы бір ерекшелігі жыл сайын түлектерінің 40-50-і «Алтын белгі» мен 20-дан астамы «Үздік аттестат» иегері атанып шығады. Таңғалатындар да, мұндай жоғары көрсеткіштің құпиясын білгісі келетіндер де көп. Мектеп мұғалімдерінің айтуынша, ешқандай да құпия жоқ. Тек әрбір ұстаз өз міндетін мінсіз атқарып, әр оқушы білімге деген таудай талаппен мектепке асығады.
Білім • 18 Шілде, 2018
Семейлік оқушылар дін тарихын оқиды
Семейде 8-сынып оқушыларына жаңадан кіргізілетін «Дін тану негіздері және зайырлылық» курсы талқыланды.
Білім • 18 Шілде, 2018
«Цифрлы Қазақстан» үлкен мүмкіндіктер сыйлайды
Былтыр Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында Үкіметке «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру жүктелгені мәлім.