Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2017
Қазіргі уақытта заман талабына сай инновацияларды қолдап, өндіріске енгізу аса маңызды. Отандық ғылымды дамытпайынша, жаңа инновациялық секторларды дамыту мен ғылыммен байланысты салалар құру да мүмкін емес. Инновациялық сектор жаңа экономиканың барлық бағыттарын қамтиды. Ал оларды дамыту көбінесе ғылыми зерттеулер мен жаңалықтарға, мобильдік және мультимедиалық технологиялар, нанотехнологиялар, роботтехникалар салаларының ілгерілеуімен байланысты екені белгілі.
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Шығыс Қазақстан облысына келді. Сапардың басты мақсаты – «Өңірлерді дамыту-2020», «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы сияқты негізгі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу барысымен және Қазақстанның үшінші жаңғыруы аясындағы өнеркәсіп орындарының жұмысымен танысу.
ЭКСПО-2017 • 07 Қыркүйек, 2017
ЭКСПО-2017 • 06 Қыркүйек, 2017
ЭКСПО-2017 көрмесінің үздік еріктілері марапатталды
ЭКСПО-2017 көрмесінде ең үздік еріктілерге құрмет көрсетілді, деп хабарлайды «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының баспасөз қызметі.
Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2017
Спортты қаржыландырудың жаңа үлгісі түсіндірілді
Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті мен Мәдениет және спорт министрлігінің біріккен кеңесі өтті. Оған спорттың олимпиялық түрлері бойынша ұлттық федерациялардың жетекшілері қатысты.
ЭКСПО-2017 • 06 Қыркүйек, 2017
ЭКСПО көрмесінің жабылу салтанаты қалай өтеді?
10 қыркүйек жексенбі күні ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің жабылу салтанаты өтеді. Шараның ресми бөлімі Конгресс орталығы ғимаратында ұйымдастырылса, көрсетілім амфитеатр сахнасынан 20:00-ден 20:50-ге дейін жүргізіледі.
ЭКСПО-2017 • 06 Қыркүйек, 2017
Шаньдун өнер институты мен ЕҰУ арасында меморандум бекітілді
Қытай павильонында Шаньдун провинциясының апталығы ашылды
Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2017
«Егемен Қазақстан» басшысы ИРНА басшысымен кездесті
«Егемен Қазақстан» РГ» АҚ Төрағасы Дархан Қыдырәлі мен Иран Ислам Республикасы Ақпарат Агенттігі (ИРНА) басқарушы директоры Мухаммад Ходади кездесті.
ЭКСПО-2017 • 06 Қыркүйек, 2017
Швейцария павильоны «Гүл энергиясы» инсталляциясын ұсынды
«Болашақ энергиясы» тақырыбына ат салысқан Швейцария павильоны ЭКСПО тәжірибесін тиімді пайдаланды. Маусым айынан қыркүйек айына дейін мемлекет павильоны көрме мен ғылыми зертхана ретінде біршама іс тындырды. Олар «Гүл энергиясы» ұранымен келушілер назарына көркемдік инсталляция ұсынды. Жаңғырмалы энергия көздерін табиғаттың мүмкіндігі ретінде қарастырған шағын ел энергетикалық қауіпсіздікке өту үшін әрбір азаматтың үлес қосуының маңызды екенін ерекше көрсетті.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2017
Қазақстан мен Франция парламентшілері кездесті
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Дархан Кәлетаев Франция Сенаты Экономика мәселелері жөніндегі комиссиясының төрағасы Жан-Клод Ленуармен кездесті.
Білім • 06 Қыркүйек, 2017
Депутат білім гранттарына байланысты сауал жолдады
Мәжілістің пленарлық отырысы барысында депутаттар өз сауалдарын жолдады. Депутат Әбдіманап Бектұрғанов білім гранттарын тағайындау барысында туындаған дауға қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды «Егемен Қазақстан» тілшісі.
Парламент • 06 Қыркүйек, 2017
Н.Нығматулин: Заң жобаларын ашық алаңда талқылау жалағасады
Мәжілістің пленарлық отырысында Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин үшінші сессияның ашылуында Президенттің депутаттық корпусқа қойған міндеттеріне тоқталды.
Бокс • 06 Қыркүйек, 2017
Қанат Ислам мен Брэндон Кук баспасөз жиынын өткізді
Бүгін Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Кук жекпе-жегінің баспасөз мәслихаты өтті.
Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2017
Н.Назарбаев: «Польшамен ынтымақтастықты дамытуымыз керек»
Елордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Польша Республикасының Президенті Анджей Дуданың қатысуымен Қазақстан-Польша бизнес-форумы өтті.
Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2017
«ҚазАқпарат» Иранның танымал ақпарат агенттігімен меморандумға қол қойды
Бүгін Ислам республикасы Ақпарат Агенттігі (ИРНА) мен «ҚазАқпарат» Халықаралық Агенттігі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2017
Мұхтар Құл-Мұхаммед Шығыс Қазақстан облысына барды
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Шығыс Қазақстан облысына барды. Сапардың басты мақсаты – «Өңірлерді дамыту-2020», «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы сияқты негізгі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу барысымен және Қазақстанның үшінші жаңғыруы аясындағы өнеркәсіп орындарының жұмысымен танысу.
ЭКСПО-2017 • 06 Қыркүйек, 2017
ЭКСПО алаңында Біріккен Араб Әмірліктерінің ұлттық күні өтті
ЭКСПО алаңында Біріккен Араб Әмірліктері ұлттық күнін өткізді. Енді жаһандық көрме 2020 жылы Дубайда өтеді. Сондықтан арабтар өздерінің Астанадағы халықаралық шараға қатысуын сол айтулы күнге дайындықтың басы деп есептейді.
Білім • 06 Қыркүйек, 2017
Павлодар мектептеріне бес күндік оқу жүйесі енгізіледі
Павлодар қаласында барлық жалпы орта білім беру мектептерінің 1-11 сыныптары бес күндік оқу режиміне көшеді, деп хабарлайды қалалық білім беру бөлімі.
Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2017
Қазақстан-Польша бизнес форумында 10 меморандумға қол қойылды
Астанада Қазақстан-Польша бизнес форумы өтіп жатыр. Іс-шараға 450-ге жуық бизнес өкілі, соның ішінде екі елдің жетекші компанияларының басшылары қатысуда. Форум барысында Қазақстан мен Польша компаниялары арасындағы ынтымақтастық туралы 10 құжатқа қол қойылды.
Президент • 06 Қыркүйек, 2017
Н.Назарбаев: Қазақстан поляк бизнесмендері үшін ашық
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев А.Дудаға «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында Польшаның ұлттық күнін өткізуге қатысқаны үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2017
Қызылордада АЭК республикалық жаттығуы басталды
Қызылордада аймақтық энергетикалық компаниялардың (АЭК) жедел-жөндеу қызметкерлерінің кезекті республикалық кәсіби-техникалық оқу-жаттығуы басталды. Шараға Қазақстанның 10 облысынан командалар қатысуда.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2017
Қазақстан мен Қытай мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының 20 жылдығын атап өтуде
Ақтөбеде Қазақстан республикасы мен Қытай халық республикасының мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының 20 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, энергетика вице-министрі Әсет Мағауов, «KAZENERGY» ассоциациясы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин мен CNPC корпорациясының вице-президенті Ван Дун Цзинь қатысты.
Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2017
Астана әкімдігі 8 мыңнан астам бос орындар ұсынады
Бос жұмыс орындарының мәліметтер базасы күн сайын жаңартылып тұрады: қазіргі уақытта мыңдаған жұмыс берушіден 8 343 орын бар, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2017
Солтүстікқазақстандық спортшы паралимпиялық марафонда топ жарды
Паралимпиялық ойындарға қатысушы Олег Сысолятин Астанада өткен ірі халықаралық марафонда алтыннан алқа тақты.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2017
Түркістандық 480 отбасы баспаналы болды
Түркістан қаласында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында салынған 5 қабатты 8 үй ел игілігіне тапсырылды. Бұл күні баспана кезегінде тұрған әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылар мен мүгедектер және жалғыз басты аналар сынды 480 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Инфографика • 06 Қыркүйек, 2017
Электр эенергетикасы саласында жаңа инвестиция тартуды ынталандыратын жаңа тариф саясатын енгізу
Суға батқан троллейбустан 20 адамды тірі алып шыққан аңыз адам
1976 жылдың қоңыр күзі. Нақтырақ айтсақ, қыркүйек айының 16-сы. Биыл Ереванға күздің ызғары ерте түсті. Жылдағыдай қыркүйекте тамылжып тұратын, жайма-шуақ атымен жоқ. Қаланың сұрғылт көшесіне көктегі мақта бұлт құлап түскен бе дерсіз, қаптай жайылған бозғылт тұманның арасынан қала көліктері әупірімдеп жол тауып асықпай жылжиды...
Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2017
Кешегі кеңестік кезеңдегі әскери газеттер мен журналдарда «ықтимал соғыс аймағы» деген сөз тіркесі болды. Бұл сол уақыттағы КСРО-ны үлгі тұтқан дамушы елдерге АҚШ-тың маза бермей түртпектеуі, оған Кеңес одағының ара түсуі сияқты әрекеттерге байланысты айтылатын. Мәскеудегі оларға, яғни, Ангола, Египет, Вьетнам, Сирияға жанашырлық танытуының бір түрі гуманитарлық көмек еді. Бірақ сол желеумен ондай жерлерге кеңес әскерінің жасырын түрде апарылғанын бертінде біліп жатырмыз ғой. Олардың арасында қазақ ұландары да болған. Соның бірі – 1962 жылы Қарағандыдан Мәскеуге міндетті әскери борышын өтеуге аттанып, 1964 жылы Кубада қаза тапқан Элс Мұхатов. «Барлық оқиғаның мән-жайын інісі Қуаныш ақсақал біледі», – деді бізге облыстық әкімдік қызметкері Нұржан есімді жігіт. Осы бауырымыздың берген мекенжайы бойынша қала іргесіндегі Пришахтинскіге келдік. Ондағы 23-үйдегі 4-пәтердің есігін қақтық. Ақсақалмен амандасып, шаруамызды айтқаннан кейінгі әңгімеміз былайша өрбіді.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2017
Машина жасаушыларды не мазалайды?
Орал қаласында «Батыс Қазақстан облысындағы мұнай-газ өнеркәсібіне арналған машина жасау кіші кластерін дамыту» тақырыбында форум болып өтті. Форум аясында облыстың әлеуетін көрсететін отандық өндірушілер көрмесі ұйымдастырылып, оған мұнай-газ саласы үшін машина жасау кіші кластеріне қатысушылар, облыстың мұнай-газ, машина жасау салаларында қызмет ететін ірі және орта кәсіпорындар, өңірдегі университеттер мен колледждер өз өнімдерінің тұсаукесерін өткізді.
Әлем • 06 Қыркүйек, 2017
Қытайды отбасы саясаты алаңдатады
Отбасы тақырыбы Қытай үшін бас ауыртар мәселеге айналғалы қаша-а-ан! Әуелі, шығыстағы көршіміз халық санының өсуін баяулатамыз деп «бір отбасы – бір бала» бағытын берік ұстанған-тұғын. Дегенмен, оның өміршең жоспар емес екенін түсініп, былтырдан бастап екінші бала өсіруге рұқсат берді. Кейінгі жылдары Қытайды толғандырған тағы бір мәселе туындады. Жастар шаңырақ көтеруге құлықты емес.