П
Қазақстан • 15 Сәуір, 2021
Қазақстандық вакцина әзірлеген ғалымдарға баспана беріледі
Қазақстандық вакцина әзірлеген ғалымдардың жалақысы көтеріліп, оларға баспана беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2021
Түнгі тыныштықты бұзушылар жаман індет кезінде де тиылмай отыр
Жаман індетке қарсы күрестің сақтандыру шараларына қарамай түнгі тыныштықты бұзушылар саны азаяр емес. Жыл басынан бері Петропавлда сондай 829 оқиға тіркелген.
Білім • 14 Сәуір, 2021
NIS оқушысы Пенсильвания университетінен шақырту алды
Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Дина Жаныбекова Шырмауық Лигасы университетінен шақырту алды. Атап айтқанда, әлемнің үздік жоғары оқу орындарының бірі – АҚШ-тың Пенсильвания университеті Динаның оқу шығындарын толығымен өтейтін болады.
Саясат • 14 Сәуір, 2021
Өзбекстан президенті мен Пәкістан премьер-министрінің онлайн-саммиті өтті
Бүгін Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеев пен Пәкістан Ислам Республикасының премьер-министрі Имран Хан бейнеконференция режимінде саммит өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Өзбекстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 14 Сәуір, 2021
Шетелден ПТР-анықтамасыз келетіндер азайды
Қазақстанда теріс ПТР-тест туралы анықтамасыз республикаға келетін адамдар саны азаюда. Алайда, шараларды күшейту шеңберінде бас мемлекеттік дәрігер Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібі туралы қаулыға толықтырулар енгізді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Сәуір, 2021
Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады
Мемлекет басшысына еңбек және әлеуметтік саладағы қазіргі ахуал мен оның алдағы уақытта атқаратын міндеттері туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 14 Сәуір, 2021
БЖЗҚ салымдары пәтер бағасына әсер ете алмайды
«Отбасы» банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында зейнетақы жинақтары бойынша үй сатып алу операциялары екінші жартыжылдықта жылжымайтын мүлік нарығына әсер етуін тоқтататынын, БЖЗҚ шоттарынан алынатын сомалар 1-2 миллион теңгеге дейін азаятынын айтты», деп жазады Egemen.kz .
Коронавирус • 14 Сәуір, 2021
Адамзат соғыстан емес инфекциядан көп зардап шекті – ғалым
Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен жүздесуде Клиникалық және фундаменталды медицина академигі, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ эпидемиология кафедрасының және Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің профессоры Сәкен Әміреев коронавируспен ауырып-жазылған тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Сәуір, 2021
Шенеуніктердің кесірінен балалар спорт секцияларына қатыса алмай отыр
Қазақстанда мемлекеттік органдар дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша заңнамаға түзетулерге нормативтік-құқықтық актілер әзірлемегендіктен, балалар тегін спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелеріне қатыса алмайды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Вера Ким айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 14 Сәуір, 2021
Алик Шпекбаев «Ең белсенді мемлекет қайраткері» атанды
Қазақстандықтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевты ең белсенді мемлекет қайраткері деп санайды. Бұл туралы отандық БАҚ-тың сайтында онлайн дауыс беру нәтижелері көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 14 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Айдос Сұлтанғали мен Алмат Кебісбаев финалда
Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның қос грек-рим күресі шебері бас жүлде үшін таласады. Олар – Айдос Сұлтанғали мен Алмат Кебісбаев.
Елорда • 14 Сәуір, 2021
Биыл Нұр-Сұлтанда 7 мың үлескер баспаналы болады
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында биыл құрылысы ұзаққа созылған бірнеше үй қолданысқа берілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Сәуір, 2021
Жеңіс күніне арналған әскери парад бола ма?
Коронавирустың таралу қаупіне байланысты елімізде 7 және 9 мамырда өтетін әскери шеру болмайды, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Сәуір, 2021
Вице-министр: Баспана кезегіне қайта тіркелуге жол берілмейді
Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев баспана кезегін реттеу ісінде ашықтық қалай қамтамасыз етілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 14 Сәуір, 2021
Петропавлда үш айда 211 интернет-алаяқтық тіркелген
Петропавлдық зейнеткерлерге интернет-алаяқтар қоңырау шалып, әбігерге салған. Қоңырау шалған бикеш үй иелерінің аты-жөндерін атап амандасқан соң, өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, жеке мәліметтерін атауды сұраған. Банк карталарыңызда күдікті біреулер бұзып кіріп, сіздердің атыңызға несие ресімдепті-мыс деп түсіндірген.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2021
Алматыдағы сауда үйінің маңындағы жол апатына қатысты сот сараптамасы шықты
Соталды тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша жүріп жатыр. Алматы прокуратурасы ресми сауалымызға жауапта сараптама қорытындысының нәтижесін бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz
Ауа райы • 14 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтанда ауа сапасы нашарлайды
Бүгін Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Руханият • 13 Сәуір, 2021
Ұлт ғұмыры – ұрпақ сабақтастығында
Ұлттың ұлы болмағы ұрпақ сабақтастығының саралығында, алдыңғы толқынның даналығында. «Алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын інілер» (Абай) дегендей, алдыңғы толқынның құрметі кейінгі толқынға қашанда керек. Оның әдемі үлгілері халқымызда болған.
Аймақтар • 13 Сәуір, 2021
Танысын қатігездікпен өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты
Қостанай облысының тұрғыны танысының басын кесіп алып, көше бойында шелекке салып жүрген. Сот үкімі бойынша оған қатаң жаза кесіледі, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 13 Сәуір, 2021
Мемлекет басшысы Бас мүфтиді қабылдады
Наурызбай қажы Тағанұлы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жеті бағыт бойынша биылғы атқарып жатқан жұмыстары және алдағы жоспары туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 13 Сәуір, 2021
Бір күнде 4,5 мыңнан астам елордалық вакцина салдырды
Елордада жаппай вакцинациялаудың бірінші күні 4 500-ден астам адам коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының (ҚДС) мәліметі бойынша бұл көрсеткіш МСАК ұйымдарында және «Mega Silk Way» СОО-да ұйымдастырылған егу пункттеріндегі вакцинацияның нәтижесі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Сәуір, 2021
Ауыл тұрғындарын баспанамен қамтуға арналған бағдарлама қажет – Сенат депутаты
Сенатта «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың мемлекеттік бағдарламаларын жетілдіру және оларды іске асырудың кейбір мәселелері туралы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Дәурен Әділбеков жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz
Экология • 13 Сәуір, 2021
Ұлттық парктерді дамыту үшін 14,5 млрд теңге инвестиция тартылды
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін «Алтын-Емел», «Көлсай көлдері» және «Шарын» ұлттық парктерінің учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беруге арналған конкурстардың нәтижелері туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Сәуір, 2021
1 еуроға баспана сатып алуға болатын әлемдегі 9 қала
Қоғам белсендісі, журналист Дәулет Төлеутайұлы Telegram парақшасында 1 еуроға баспана сатып алуға болатын әлемдегі 9 қаланы атап берді, деп хабарлайды Egemen.kz
Коронавирус • 13 Сәуір, 2021
Елімізде 35 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осы уақытта емделіп жатқан науқастарға қатысты ақпарат жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Сәуір, 2021
Солтүстік Қазақстанда құтырмаға қарсы екпе салынып жатыр
Солтүстік Қазақстан облысында Тимирязев ауданы Докучаев елді мекенінің 20 шақты тұрғыны құтырма ауруына қарсы егіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Әлем • 12 Сәуір, 2021
Коронавирус бойынша әлемдегі ахуалға шолу
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия әлемдегі ахуалға қатысты ақпарат жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 12 Сәуір, 2021
Докторанттардың шәкіртақысы 260 мың теңге болады
2025 жылы докторанттардың шәкіртақысы 260 мың теңге болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 12 Сәуір, 2021
Қазақстанда эпидемиялық ахуал нашарлады
Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сәуірде Қазақстандағы коронавирус жағдайы наурызбен салыстырғанда 3 есе нашарлағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 12 Сәуір, 2021
Биыл күзге дейін 10 миллионға жуық адам вакцина алады
Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой биыл күзге дейін қанша қазақстандыққа вакцина салынатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.