Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 12 Маусым, 2017
Ел ертеңі – айбынды жас сарбаздар!
Жаңа қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі — Мәңгілік Ел идеясы! Қазіргі заманда әлеуетті әскері бар, технологиясы мен білімі дамыған мемлекеттің жастары заман талабына сай сауатты, білімді болуы қажет. Бүгінгі күні біз жастардың спортқа қызығушылығының өскеніне, Отан алдындағы парызын өтеуге деген құлшынысының күн санап артып келе жатқанына куә болып отырмыз. Осы жағдайлар қазір дәстүрге, жастардың тілімен айтқанда, «брендке» айналып отыр.
Кино • 12 Маусым, 2017
Композиторлар достығын көрсетеді
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Мәдениет және спорт министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Баспасөз, кино, радио, телехабар мәселелері бойынша мемлекеттік әкімшілігі арасында үкіметаралық келісімге қол қою аясында «Композитор» фильмін түсірудің басталғанын айғақтайтын салтанатты рәсім өтті.
Театр • 12 Маусым, 2017
Заңғар жазушы М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесі жуырда Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрында тұңғыш рет сахнаға шықты. Қоюшы режиссер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков.
Театр • 12 Маусым, 2017
«Астана Балет»: сұлулық сахнасы
Байтақ елдің бас қаласының мәдениет ошақтары сәулеті мен сәні жағынан әлемдік деңгейдегі өнер ғимараттарымен тең түспесе, еш жері кем соғып тұрған жоқ. Соның бірі һәм бірегейі «Astana Ballet» театры ашылғанына көп бола қоймаса да өзіндік стилі мен қағидасы қалыптасқан, қазіргі заманауи талғамды халқымыздың байырғы құндылықтарымен байыта алған, яғни жаңа мен көнені қағыстырмай, тоғыстыра білген өнер ұжымы болып саналады.
Тәрбие • 12 Маусым, 2017
Константин ЦХАЙ, Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Қазақстан корейлері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақтөбе филиалының төрағасы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры
Елді елеңдеткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі ашылды. Аспан асты, жер үстіндегі айдай әлем Астанаға көз тігіп отыр. Бұйырса, мұнда жаһанға сүйіншілеп жар салуға жарарлық небір ғылыми-техникалық жаңалықтардың тұсауы кесілмек.
ЭКСПО-2017 • 12 Маусым, 2017
Қазақстан • 12 Маусым, 2017
Бизнес • 12 Маусым, 2017
Энергетиканың тұрақты даму стратегиясы қаралды
Кеше ЭКСПО-2017 көрмесі аумағында бірнеше елдің министрлері мен БҰҰ өкілдері бас қосты. Төрт күнге созылатын ауқымды шарада тұрақты энергетика тақырыбы талқыға салынып, әлемдік сын-қатерлерді шешу жолдары нақтыланбақ.
Аймақтар • 12 Маусым, 2017
Оңтүстік туристерді күтіп алуға дайын
Қонақжайлылығымен танымал, қазағы қалың қоныстанған Оңтүстік Қазақстан облысы халықаралық көрмеге келген туристерді күтіп алуға дайын. Қонақтарға «біздерде мынадай бар» дерлік тарихи-танымдық орындар да, табиғаты тамсандырар жерлер де жетерлік.
Аймақтар • 12 Маусым, 2017
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясындағы өңірлердің мәдениет күндері кестесіне сәйкес, Маңғыстау облысының мәдениет күндері 15-18 тамыз аралығында өтеді. Маңғыстауда арнайы облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, штаб құрылды.
Аймақтар • 12 Маусым, 2017
Алматылықтар көрме көркін келтірмек
Әлемнің әр түкпірінен ағылған туристер мен түрлі халықтың өкілдері ЭКСПО-2017 көрмесінде біздің мәдениетіміз бен інжу-маржан мұраларымызды өрелі өнеріміз арқылы таниды. Еліміздің рухани-мәдени ордасы Алматының да шығармашылық өкілдері мен өнер ұжымдары елордаға келіп жетті.
Қазақстан • 12 Маусым, 2017
Үш киіз үй өткенімізді ұлықтайды
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне орай «Атамекен» Қазақстан картасы» этномемориалдық кешеніндегі отызға тарта макет жаңартылды.
Аймақтар • 12 Маусым, 2017
Ақтөбеліктердің тартуы да қомақты
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аясы мен ауқымы тек Астанамен шектелмейді. Оған қатысты өткізілетін аса ауқымды іс-шаралар еліміздің барлық аумағын қамтиды. Осы орайда республикамыздағы экономикасы жоғары дамыған Ақтөбе облысының халықаралық көрмеге қосатын үлесі қомақты болып отыр.
Қазақстан • 12 Маусым, 2017
Қазақстанның тағы бір тарихи белесі
Батыс пен Шығыс өркениетін жалғастырған алтын көпір атанған ару Астана өзінің тарих сахнасында салтанат құрған 20 жыл ғұмырында талай-талай аламан бәйгелерге ат қосып, талай-талай биіктерді бағындырды.
Қазақстан • 12 Маусым, 2017
Елордада Люксембургтің консулдығы ашылды
Елордада Люксембург Ұлы Герцогтігінің Құрметті консулдығы ашылды. Консулдықтың салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Люксембургтің премьер-министрі Ксавье Беттель, екі мемлекет үкіметтерінің басқа да мүшелері қатысты.
Бизнес • 12 Маусым, 2017
Баламалы энергия көздері – адамзат ақыл-ойының жемісі һәм игілігі
ЭКСПО-2017 көрмесінің алғашқы күні ашылған павильондар осындай ойға жетелейді.
Қазақстан • 12 Маусым, 2017
Әлем назарында «Шанхай сегіздігі»
Шетелдік басылымдар ШЫҰ саммиті туралы.
Қазақстан • 12 Маусым, 2017
Астанада ШЫҰ-ның жаңа тарихы басталды
Өткен жұмада елордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтті. Әлем назарын аударған жиын барысында Үндістан мен Пәкістан ШЫҰ-ға толыққанды мүше болып қабылданды.
Қазақстан • 12 Маусым, 2017
Жаһан жұртшылығы көз тіккен көрме
Әлем назарын Астанаға аударған ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаһан жұртшылығын бас қалаға қарап елеңдеткен айтулы оқиға Қазақ елінің халықаралық аренадағы абыройын асқақтата түсті деуге толық негіз бар.
Қазақстан • 11 Маусым, 2017
Елордада Алматының мәдени күндері басталды
Алматының Астанадағы мәдени күндері басталды. Елордадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында «Алматыдан махаббатпен» атты концерттік шара ұйымдастырылып, мәдени күндердің «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің аясында өткізіліп жатқаны белгілі болды.
ЭКСПО-2017 • 11 Маусым, 2017
EXPO кезінде Люксембургтің ұлттық күні аталып өтеді
ЕХРО халықаралық көрмесі өтетін тоқсан үш күннің ішінде бас-аяғы 2,5 мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылады. Соның бірі – Люксмебург ұлы герцогтігі күні.
Қазақстан • 11 Маусым, 2017
БҰҰ бас хатшысы: Арал теңізінің жойылуы адамдардың су ресурстарын дұрыс пайдаланбауынан болды
Сенбі күні Өзбекстанға сапары аясында БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Арал апатын «барлығымызға берілген ескерту» деп атап өтіп, Жерді адамзаттың бүлдіргенінің дәлелі екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Әлем • 11 Маусым, 2017
РФ энергетика министрі: Ресейде қуат көздерінің басым бөлігі таза технологияға негізделген
РФ энергетика министрі Александр Новактың айтуынша, қазірдің өзінде Ресейде қуат көздерінің басым бөлігі таза технологияға негізделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Хоккей • 11 Маусым, 2017
Хоккейден 2018 жылғы әлем чемпионатының белгісі болып таңдалды
2018 жылы хоккейден Данияда өтетін әлем чемпионатының ресми белгісіне үйректің балапаны таңдалып алынды, деп хабарлайды Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы.
Қазақстан • 11 Маусым, 2017
ЕҚДБ-нің Қазақстан экономикасына құйған инвестициясы 1 миллиардты құрады
«Бурное» күн электр станциясы жаңартылған қуат көздерінің ТМД аумағындағы аса ірі нысанына айналады. Бұл бүгін қазақстандық компания мен Еуропалық қалпына келтіру және дамыту банкі арасындағы келісімшартта көрсетілген, деп хабарлады 24.kz.
Қазақстан • 11 Маусым, 2017
Астанада ескекшілер мен каноистер Есіл өзенінде көрнекі өнер көрсетті
Астана қаласының №4 олимпиадалық резервтегі балалалар мен жасөспірімдер мамандандырылған спорт мектебінің спортшылары аз қамтылған отбасылардың және жетім балаларға байдарка және каноэ мен академиялық ескек есуден көрнекі өнер көрсетті. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 11 Маусым, 2017
Жасөспірімдер арасында баскетболдан ел чемпионы анықталды
Балқаш қаласында қыздар арасында өткен баскетболдан ҚР чемпионатында Астананың намысын №5 олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мамандандырылған спорт мектебінің тәрбиленушілері қорғады. Бұл туралы Астана қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 11 Маусым, 2017
Елімізде «жасыл» экономика саласында жарты миллион жұмыс орны құрылады
«Жасыл» экономика аясындағы Қазақстан реформасы 2050 жылға қарай елеулі нәтижелерді көрсетеді. Бұл туралы бүгін Астанада энергетика жөніндегі халықаралық форумда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.