Қаз
Өндіріс • 31 Қазан, 2024
Отандық автоөнеркәсіп қазақ тілінде сөйлей бастады
Алматыда ашылған «Kazakhstan Mobility Engineering» зауыты қазақ тілі интеграцияланған автомобильдерге арналған мультимедиялық жүйелерді шығарады. Мұндай жүйелердің бірінші партиясы Tucson, Elantra және Palisade модельдеріне орнату үшін Hyundai Trans Kazakhstan зауытына келіп түсті. Енді Қазақстанда шығарылатын Hyundai автомобильдері қазақ тіліндегі интерфейсті ұсына отырып, жергілікті пайдаланушылардың қажеттіліктеріне жауап бере алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 31 Қазан, 2024
Тұман, көктайғақ, жел: Бүгінгі ауа райы болжамы
«Қазгидромет» синоптиктері 31 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, елдің 17 өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 31 Қазан, 2024
Тұман, жел, көктайғақ: 16 өңірде дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК ертең, 31 қазанда еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Қазан, 2024
Елімізде дәрігерлердің орташа жалақысы қанша
Мәжіліс алаңында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова еліміздегі дәрігерлердің орташа жалақы мөлшерін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қазан, 2024
Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша арнайы үкіметтік комиссия құрылады
Мәжіліс алаңында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда атом электр стансасын салу жобасын жүзеге асыру барысы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Қазан, 2024
Балалар сапалы қазақша мультфильмдерді көруі тиіс - Асхат Аймағамбетов
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қазақ тіліндегі мультфильмдердің өте аздығын, ал YouTube сияқты қолжетімді платформаларда мүлде жоқтың қасы екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 30 Қазан, 2024
Кинотеатрларда архивте сақталған тарихи бейнематериалдар көрсетіліп жатыр
Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбаларының архивінде сақталған кино, фото және аудиоқұжаттар негізінде жасалған бейнематериалдар әзірледі.Тарихи көрсетілім еліміздегі Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс орталықтарындағы – жалпы 24 кинотеатрда, әр аптаның жұма, сенбі және жексенбі күндері кешкі уақытта көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 30 Қазан, 2024
Қазақстандықтар псориазды инновациялық емдеуді тегін ала алады
Халықаралық псориаз қауымдастықтары Федерациясының (IFPA) бастамасымен 29 қазанда Дүниежүзілік псориаз күні атап өтіледі. Ол псориазбен ауыратын пациенттерді қолдауға және бұл ауру туралы халықты хабардар етуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 30 Қазан, 2024
Тұман, нөсер жаңбыр: 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК 30 қазанда еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қазан, 2024
Қазақстанның экспортқа арналған алғашқы жер серігі – Моңғолиямен тарихи келісім
Қазақстан Президентінің Моңғолияға мемлекеттік сапары аясында Жерді қашықтықтан зондтау жүйесін құру және дамытуға бағытталған тарихи инвестициялық келісімге қол қойылды. Бұл жоба Моңғолия үшін спутник құруды көздейді, ол жалпы қазақстан-моңғолдық спутниктік топтаманың құрамына кіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қазан, 2024
Алтай аңыздары кітапқа жинақталды
25-қазанда А.Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары» жинағының тұсаукесері өтті.
Президент • 29 Қазан, 2024
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
Мемлекет басшысы Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен кездесті, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 29 Қазан, 2024
Қазақстан мен Испания ынтымақтастық орнатады
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Испанияның 1000-нан астам құрылыс компанияларын біріктіретін Испан өнеркәсіптік инженерлер қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Тараптар су инфрақұрылымын салу және кадр даярлауда ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Қазан, 2024
Қазақстан мен Моңғолия президенттері келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық көрсеткені үшін Ухнаагийн Хурэлсухке ризашылық білдіріп, өзінің Мемлекет басшысы ретіндегі Моңғолияға алғашқы сапарына ерекше мән беретінін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 29 Қазан, 2024
Қазгидромет 13 өңірде дауылды ескерту жариялады
«Қазгидромет» РМК 29 қазанда еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қазан, 2024
Елімізде 13,7 мыңнан астам шетелдік жұмыс істейді
2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 707 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 28 Қазан, 2024
Үстел теннисі: 11 жасар Жания алтыннан алқа тақты
Бұл туралы Qazsporttv-ден мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 27 Қазан, 2024
Қараша айында ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» қараша айында қатты жел, бұрқасын, көктайғақ және тұман күтілетінін болжады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 27 Қазан, 2024
Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамынша, Қазақстанның 12 облысы мен Астанада тұман және көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 26 Қазан, 2024
Қазақстанның 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
«Қазгидромет» синоптиктері бүгін, 26 қазанда елдің 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 25 Қазан, 2024
Қазақстан - менің екінші отаным – Жоел Адамсон
1990 жылдың 25 қазанында азаттықтың алғышарты «Егемендік декларациясы» қабылданды. Қазақстан қазығын жеке-дара қаққан бұл күні елімізде Республика күні тойланады. Ұлық мерекені тойлау 2009 жылдан 2022 жыл аралығында үзіліп қалды. Рух мейрамын қайта мерекелеу бастамасын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың маусым айында Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда қайта көтеріп, Қазақстанның бас мерекесі ретінде атап өтуді ұсынды. Сол жылдың қыркүйегінде Республика күні заңды түрде қайта оралып, мөрлі жарлық басылды. Президентіміз ұлық мереке Тәуелсіздік тұғырын шегелеуді, оның қадір-қасиетін насихаттауды мұрат ететінін әрдайым еске салып келеді. Бұл күн - тарихи тағдырлы шешімдерге бойлап, болашақты ойлайтын айрықша дата.
Технология • 25 Қазан, 2024
Мобильдік қосымшаға арналған онлайн курс әзірленді
Бүгінде Цифрлық технологиялардың көмегімен жетілдірілген онлайн курстар педагогикалық қуатты құралға айналды. Уақыт пен орын таңдамастан, кәсіби құзіреттілікті үнемі жетілдіріп отыруға мүмкіндік беретін курстарға кез келген құрылғыдан кіріп оқи беруге болады, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 24 Қазан, 2024
Республика күні – халық бірлігінің белгісі
Республика күні әлемнің көптеген елінде ұлттық мереке ретінде тойланады. Сәйкесінше, бұл ерекше күннің тарихы әр елде әртүрлі. Ал Қазақстанда 1990 жылы 25 қазанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бірақ бұл күн ұлттық мереке мәртебесіне 2022 жылдың 29 қыркүйегінде ие болды. Содан бері 25 қазан күні еліміздің басты ұлттық мерекесіне айналды. Республика күні тек елімізде ғана емес, сондай-ақ шет мемлекеттерде де атап өтіледі.
Президент • 24 Қазан, 2024
Президент: Қазақстан Қытайдың бастамасын қолдайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС-тің көпжақты күш-жігері БҰҰ қызметін үйлесімді түрде толықтыратынын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Қазан, 2024
БРИКС жаһандық тартылыс орталығына айналды - Президент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында өтіп жатқан БРИКС-тің пленарлық отырысының «БРИКС плюс»/«аутрич» форматында сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 24 Қазан, 2024
Қазақ тіліндегі құжаттарда қате жіберуге болмайды - Сенат төрағасы
Бұл туралы Мәулен Әшімбаев бүгін Сенат отырысында қаралған Қазақстан мен Өзбекстанның экология саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді талқылау барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Руханият • 24 Қазан, 2024
Татарстанда Абай Құнанбаевтың бюсті ашылды
Татарстан астанасы Қазан қаласында ұлы ақын Абай Құнанбаевтың құрметіне бюст ашылды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 24 Қазан, 2024
Қазақ тілін үздік меңгерген өзге этнос өкілдеріне 3 млн теңге үлестірілді
Астанада өзге этнос өкілдері арасында «Елім дегендер» байқауының республикалық кезеңі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 24 Қазан, 2024
Қазақ боксшылары АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына қатысады
26 қазанда АҚШ-тың Пуэбло қаласында 19 жасқа дейінгілер арасында бокстан әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 24 Қазан, 2024
Елімізде 12 мыңға жуық кітапхана бар
24 қазан - кітапханашылар күні. Аталған кәсіби мереке елімізде жыл сайын аталып өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.