КТ
Қоғам • 30 Қараша, 2023
«Қарлы боран, көктайғақ болады». Жолдардың бірнеше учаскесі жабылады
Күннің құбылып, ауа райының күрт суытуына байланысты бүгін еліміздің екі облысында республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың бірнеше учаскесі жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 30 Қараша, 2023
Елімізде мектептер 5 жыл сайын тексерістен өтеді
Қазақстанда жыл сайын апатты мектептер саны артып келеді. Осы олқылықты жою мақсатында бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша» заң жобасы талқыланып, қабылданды. Онда алғаш рет балалардың қауіпсізідігін қамтамасыз ету үшін салынғанына 30 жылдан асқан білім беру ұйымдарының авариялық жағдайы және сейсмикалық тұрақтылығын 5 жыл сайын тексеріп отыру міндеті қойылды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 30 Қараша, 2023
Астанада көктайғақ: ТЖД ескерту жасады
Астанада бүгін көктайғақ болатыны күтіліп отыр. Осыған байланысты қалалық ТЖД тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 29 Қараша, 2023
Сенаторлар электр энергетикасы саласын дамыту мәселелерін талқылады
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы үлгісінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 29 Қараша, 2023
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Синоптиктер 30 қараша - 2 желтоқсан күндері елімізде қандай ауа райы болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қараша, 2023
Қазақстанда саусақ іздерін міндетті тіркеу енгізілмеуі мүмкін
Қолданыстағы ережелерге сай саусақ ізін міндетті тіркеу 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталуы керек болатын. Алайда елімізде міндетті дактилоскопиялық тіркеуді (саусақ ізімен анықтау) енгізуді алып тастау жоспарланып отыр. Құжат Мәжіліс қарауына жіберілген, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 29 Қараша, 2023
Жаңа электр желілері іске қосылды
Атырау облысында Қазақстанның батыс аймағының электр желілерін нығайту мақсатында салынған жаңа электр желілері іске қосылды. Ресми іске қосу рәсіміне телекөпір арқылы Премьер-министр Әлихан Смайылов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Қараша, 2023
43 бас жылқыны айдап әкеткен ұрылар ұсталды
Алматы облысының полиция қызметкерлері жайылымда жүрген 43 жылқыны айдап әкеткен ұрыларды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мектеп • 28 Қараша, 2023
Мектеп ас мәзіріне 50 ұлттық тағам енгізіледі
Мектептегі тамақтанудың тиімділігі мен сапасын арттыру туралы ТМД елдерінің Бішкек қаласында өткен бірінші халықаралық форумында қатысушылар пікір алмасты. Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева Қазақстан мектептерінің ас мәзіріне 50 ұлттық тағам енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 28 Қараша, 2023
Әлемдегі ең үлкен айсберг 37 жылдан кейін орнынан қозғалды
Шамамен 4000 шаршы шақырым аумақты алып жатқан алып мұз қозғала бастады. A23a айсбергі континенттен 37 жыл бұрын бөлінген, бірақ ұзақ жылдардан бері қозғалыссыз болған, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews арнасына сілтеме жасап.
Оқиға • 26 Қараша, 2023
«Ауруханада қалсам бола ма?». Жеті жасар қыз отбасындағы соққыдан кейін үйіне қайтқысы келмеген
Астанада жеті жасар қызды ата-анасы үнемі ұрып келген, салдарынан жеткіншек ауруханаға түсті. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Instagram желісінде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 24 Қараша, 2023
Сенаторлар аграрлық ғылымды дамыту саласындағы мәселелерді талқылады
Парламент Сенатында «Аграрлық ғылымды дамытудағы және агроөнеркәсіптік кешен үшін мамандарды даярлаудағы өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбындағы Үкімет сағаты өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қараша, 2023
9 миллион теңгесі бар сөмкені қолына іле кеткен жолаушы ұсталды
Астана полицейлері көліктен 9 млн теңгесі бар сөмкені ұрлаған жолаушыны ұстады. Жеке такси жүргізушісі Нұра аудандық полиция басқармасына жүгініп, ішіне аталған сомадағы теңге салынған сөмкенің жоғалғанын хабарлаған, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 22 Қараша, 2023
Астана мектептерінде ауа райына байланысты сабақ қысқартылды
Астанада көктайғақ пен қатты желдің салдарынан мектептердегі сабақ қысқартылды, деп хабарлайды Egemen.kz білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Қараша, 2023
3,6 миллиард теңге үптеген күдікті үш жылдан кейін Грузияда ұсталды
2020 жылдан бері халықаралық іздеу жарияланған күдікті Грузия мемлекетінде қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Қараша, 2023
10 кг гашиш жасырған: Полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстады
Елорданың полиция қызметкерлері есірткі арнасының жолын кесу мақсатында жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп, екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Қараша, 2023
Қызылордалықтарды 44 млн теңгеге алдап кеткен күдіктілер ұсталды
ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті «Qnet» қаржы пирамидасымен айналысқан 3 күдіктіні қамауға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 21 Қараша, 2023
Газа секторындағы соғыс: ХАМАС Израильмен бітім басталғанын мәлімдеді
Палестиналық Хамас қозғалысы Газа секторындағы қақтығысты тоқтату үшін Израильмен келісім басталғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 20 Қараша, 2023
Елорда мектептерінде ыстық тамақ қымбаттайды
Астана мектептеріндегі балаларды тамақтандыру құны 700 теңгеге дейін өседі. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек бизнес өкілдерімен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қараша, 2023
Қару кезеніп қорқытқан ақша бопсалаушы ұсталды
Шығыс Қазақстан облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Өскемен қаласының тұрғынын адам бопсалағаны үшін ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 20 Қараша, 2023
Словения – Қазақстан матчының тікелей көрсетілімі
Бүгін түнде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу аясындағы соңғы матчын өткізеді. Сырт алаңдағы ойын Словенияның Любляна қаласындағы «Стожице» стадионында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қараша, 2023
Полиция қызметкері 84 жастағы зейнеткерді көл ортасынан алып шықты
Қостанай облысында учаскелік полиция инспекторы 84 жастағы зейнеткерді көлден құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Қараша, 2023
«Менің бауырым» жобасы оқушыларға қорған болады
Балалардың құқықтарын қорғауда мектептер мен жоғары оқу орындары тізе қосып, Астана қаласында «Менің бауырым» студенттік волонтерлік жобасын қолға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Қараша, 2023
Газа секторынан эвакуацияланған отандастарымыз Каирге жетті
Бүгін эвакуацияның бірінші кезеңі аяқталды. Нәтижесінде «Рафах» бақылау-өткізу пункті арқылы Газа секторынан Мысыр аумағына 92 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 15 Қараша, 2023
Елорда мектептерінде вандалимзге қарсы арнайы кездесулер өтіп жатыр
Бүгін Астана қаласының Байқоңыр ауданындағы №10 мектеп-гимназиясында вандализм және қоғамдық тәртіпті бұзған адамдарды жауапкершілікке тарту жөніндегі жұмысты күшейту бойынша мектеп оқушыларымен кездесулер ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Үкімет • 15 Қараша, 2023
Бюджет қаржысын игере алмаған министрліктер аталды
Бюджет қаржысын игере алмаған министрліктер пен облыстарды Үкімет отырысында Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков атап өтті. Олардың ішінде салыстырмалы түрде бюджет қаражатын ең көп игере алмаған 4 министрлік пен 4 облыс бар, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 13 Қараша, 2023
Бахтиер Зайнутдинов ұлттық құраманың алдағы матчтарына қатыспауы мүмкін
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі Бахтиер Зайнутдиновтің жарақатына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Prosports.kz сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 10 Қараша, 2023
Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры тағайындалды
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметіне Нұркен Әшіров тағайындалды. Бүгін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева аталған қызметке тағайындалған Нұркен Әшіровті өнер-білім ордасының ұжымына таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 10 Қараша, 2023
Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан самбошылары қандай жетістіктерге жетті?
Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясы Тәуелсіздік алғаннан кейінгі самбошылардың жетістіктері туралы деректерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қараша, 2023
Amanat букмекерлік кеңселер жарнамасын көшеден, БАҚ пен желіден алып тастауды ұсынды
Құмар ойын нарығы жылжымайтын мүлік нарығынан екі есе асып түсті. 350 мыңнан астам Қазақстан азаматы осындай ойындарға тәуелді. Лудоманияға қарсы іс-қимыл жүргізудің әдіс-тәсілі мен букмекерлік кеңселердің қызметін реттеу мәселелері бүгін Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының кеңейтілген жиынында талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.