П
Елорда • 21 Ақпан, 2024
Елордада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Астанада бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары ауа райы қолайсыздығына байланысты қашықтан оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы ертең Қазан қаласына барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21 ақпан күні Қазан қаласында өтетін «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысу үшін Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Балалар • 20 Ақпан, 2024
Балалар басылымдары оқуға құштарлықты насихаттайды
Алматыда халықаралық кітап сыйлау күніне орай Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Шығармашыл интеллигенция – Қазақстан балаларына» тақырыбында республикада жарық көретін балаларға арналған газет-журналдардың редакторларымен кездесу өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 20 Ақпан, 2024
Бір көшесінен 18 әлем чемпионы шыққан аудан
Алты құрлық «армрестлинг» деп білетін білектілер бәсекесі қазақтың ұлттық ойыны - қол күрес. Сырттай қара күштің иесі ғана жеңістің тұғырында тұратындай болып көрінетін спорттың бұл түріне интеллект пен икем де керек. Қарсыластың қарымын бағамдау, сайыс барысында тиімді техниканы ұтымды қолдана алу, жеңіске жетелер жаттығу жайын жүйелеу - ақылдың ісі. Білгеніңнен жаңылмай білекті жығу үшін шапшаң қимыл, игерілген икем қажет. Спорттың бар түріндей қол күреске қадам басқандар да шынығып, тынбай тер төгіп, іркелмей іздену арқылы ширығады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 20 Ақпан, 2024
Қазақстан каратэшісі халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды
Кипрдің Ларнака қаласында WKF каратэден Karate1 Series A халықаралық турнирі аяқталды. Туризм және спорт министрлігі мәлім еткендей, Қазақстан құрамасы бір жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Ақпан, 2024
«Ер адамдар ренжімесін»: Президент қызметтегі әйелдердің үлесін жоғары бағалады
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты. Жиын барысында Президент мемлекеттік қызметтегі әйелдердің рөлі жайында сөз қозғады, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Ақпан, 2024
Мас күйінде көлік жүргізген шетел азаматы қамалды
Павлодар қаласында көлікті мас күйінде жүргізген Израиль азаматы ұсталды, деп жазады Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 20 Ақпан, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Жиын алдында Мемлекет басшысына Президенттік жастар кадр резервінің қатарына әр жылдары өткен мамандардың жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Ақпан, 2024
Қазақстан мектептерінде сабақтың басталу уақыты өзгеруі мүмкін
1 наурызда Қазақстанда уақыт белдеуі ауысады. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкіметте өткен брифингте мектептерде сабақтың басталу уақыты да өзгеруі мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz kaz.tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2024
Әзілқой балалардың ата-аналары айыппұл арқалады
Жамбыл облысының полиция қызметкерлері 112 нөміріне қоңырау шалып, көмекке мұқтаж екенін хабарлаған екі кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Ақпан, 2024
Азия чемпионатында Қазақстан спортшылары 12 медаль олжалады
Иранның бас қаласы Тегеранда жеңіл атлетикадан жабық кешендегі XI Азия чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан спортшылары 4 алтын, 2 күміс, 6 қола, барлығы 12 медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Ақпан, 2024
Айсұлу Сүлейменова халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды
Астана қаласының пара спортшысы Айсұлу Сүлейменова Дубай қаласында өткен жеңіл атлетикадан Dubai 2024 World Para Athletics Grand Prix 15th Fazza International Athletics Championships турнирінде Т62 класы бойынша сәтті өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қылмыс • 20 Ақпан, 2024
Полицей саусақ іздері арқылы пәтер ұрлығын ашты
Батыс Қазақстан облысы бойынша Орал қаласының ПБ Шаған ПБ жедел-криминалистикалық тобының криминалисі Руслан Дускалиев терезеге қалдырып кеткен саусақ іздері арқылы пәтер ұрлығын ашты. Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің ресми инстаграм парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 20 Ақпан, 2024
Олжас Бектенов «Жайлы мектеп» жобасын сынға алды
Бүгін Үкімет отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды. Жиында Премьер-министр «Жайлы мектеп» жобасын іске асыруда белгілі бір шикіліктер барын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 20 Ақпан, 2024
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?
2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 12 882 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Ақпан, 2024
«Жайлы мектеп»: Биыл 217 мектеп қолданысқа беріледі
Бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Ақпан, 2024
20 ақпанда Астанада мектеп оқушылары қалай оқитыны белгілі болды
Ауа райы нашарлағандықтан ертең бас шаһардың бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Ақпан, 2024
Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент • 19 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы Өзбекстанның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Бахтиёр Саидовқа ілтипат білдіре отырып, қазақ-өзбек ынтымақтастығы барлық салада қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан бауырлас Өзбекстанмен өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға баса мән береді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 19 Ақпан, 2024
«Ештеңеден тарықпайды». Париж Олимпиадасына қатысатын спортшылардың дайындығы талқыланды
Париж жазғы Олимпиада ойындарының басталуына 158 күн қалды. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында құрылған Олимпиада ойындарына дайындық штабы өз жұмысын жалғастырып, медаль олжалайды деген спортшылардың дайындығын талқылады, деп жазады Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 19 Ақпан, 2024
1981 жылы туған Павлодар облысындағы Ақтоғай ауылының тұрғыны балыққа кетіп бақилық болды. Ол қарда жүретін көлікпен балық аулауға шығып, қайта оралмаған, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 19 Ақпан, 2024
Сенаторлар бизнесті жақсартуға бағытталған заңды қарайды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Палата Бюросының отырысын өткізді. Онда депутаттар осы аптадағы іс-шараларды талқылап, алдағы Сенат отырысының күн тәртібін бекітті, деп жазады Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 19 Ақпан, 2024
Жастарға 1 миллион теңгеден грант беріледі
«Zhas Project» жобасы аясында 18-35 жас аралығындағы 280 азаматқа 1 миллион теңге көлемінде грант беріледі. Қаржылай грантты жеңіп алу үшін үміткерлер өз аймағындағы әлеуметтік мәселені шешуге бағытталған жоба жоспарын ұсыну қажет. Өтінім 25 наурыздан бастап 24 сәуірге дейін қабылданады, деп жазады Egemen.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2024
Семейдегі аспалы көпір аяз салдарынан жарылып кетті
Кейінгі үш тәулікте Қазақстанның шығысында аяз күшіне мініп тұр. Салдарынан Семейдегі танымал аспалы көпір жарылып кетті. Көпір үстіндегі жарық өлшемі кей жерлерде 25 см-ге жетеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 19 Ақпан, 2024
Kuzilalan Cup: Алина Саркуловаға екі алтын тағылды
Түркияның Анталья қаласында велоспорттың маунтинбайк түрінен Kuzilalan Cup (Қызылалан Кубогы) мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz qaz_olympics мәліметіне сілтеме жасап.
Ән • 19 Ақпан, 2024
Рахат-Би Әбдісағин операсының премерасы Ұлыбританияда аншлагпен өтті
«Қазақ Моцарты» Рахат-Би Әбдісағин Шотландияның ең атақты патшаларының бірі 750 жылдығына орай опера жазды. 17 ақпанда Глазго соборында «Болашақ» бағдарламасының докторанты, дарынды композитор-пианист Рахат-Би Әбдісағин жазған «Брюс» операсының әлемдік премьерасы өтті. Қойылымда Шотландия Корольдік консерваториясының солистері, хоры және дирижерлер өнер көрсетті. Опера Глазго университетінің Шотландия әдебиетінің профессоры, ақын Алан Риачтың жанды дауыста оқуымен Рахат-Би өзі орындаған он минуттық орган увертюрасымен ашылды.
Оқиға • 19 Ақпан, 2024
Адам ұрлап, терроризмді насихаттаған 8 қылмыстық топ ұсталды (видео)
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 8 өңірде Ішкі істер министрлігі және Бас прокуратурамен бірлесіп арнайы операция жүргізді. Бір мезетте жүзеге асырылған іс-қимыл кезінде 8 қылмыстық топ қолға түсті, деп жазады Egemen.kz.
Теннис • 19 Ақпан, 2024
Соня Жиенбаева Мысырда өткен жарыста финалист атанды
Каир қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors J300 турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Ақпан, 2024
Талдықорған театрында кезекті премьера
Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының кезекті премьерасы көрерменге жол тартпақ. 22-23 ақпан күндері жас драматург Жәнібек Әлікеннің «Күйеу бала» шығармасының желісі бойынша сахналанған «Қазақтың тойы бітпесін» драмасы театрсүйер қауымға ұсынылады.
Экология • 19 Ақпан, 2024
Үлбі өзенін ластаған ірі компания 50 млн теңге айыппұл арқалады
Үлбі өзенінің ластануына байланысты тергеу ісі аяқталды. Тексеру нәтижесінде «Қазцинк» ЖШС Риддер тау-кен байыту кешеніне 50 млн теңге айыппұл салынды, деп жазады Egemen.kz.