қорғаныс
Қоғам • 10 Тамыз, 2020
Әскери дәрігерлер зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Ливанға ұшады
Кеше Президент – ҚК Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министріне Ливанға әскери медицина мамандарын жіберу туралы мәселені шешуді тапсырды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 08 Тамыз, 2020
Әскери дәрігерлер зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Ливанға ұшады
Кеше ҚР Президенті – ҚК Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министріне Ливанға әскери медицина мамандарын жіберу туралы мәселені шешуді тапсырды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 06 Тамыз, 2020
Қазақстанға Ресейдің әскери дәрігерлері көмекке келді
Ресейлік әскери дәрігерлер коронавируспен күресуге көмектесу үшін Қазақстанға келді, - деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 06 Тамыз, 2020
Ұшу қауіпсіздігі органдарының өкілдері үшін тексеру нысаны жеңілдетілді
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 16 шілдедегі № 327 бұйрығымен "Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік авиация қызметіне мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 424 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 04 Тамыз, 2020
Елордалық гарнизонда ПТР-зертханасы ашылады
Аппараттық кеңес барысында Қорғаныс министрлігінің басшылығымен Оңтүстік өңірдің бөлімдері мен бөлімшелерін тексеру қорытындысы, сонымен қатар Қарулы Күштерді кадрлармен жасақтау мәселелері қарастырылды. Одан бөлек, нормативтік-құқықтық базасына өзгерістер енгізу және басқа да өзекті бағыттар талқыланды.
Қазақстан • 04 Тамыз, 2020
Миссия орындалды: үшінші бітімшерлік рота елге оралды
Бітімгершілік миссияға жіберілген әскери қызметшілерді десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшылығы, әскери бөлім командирлері мен қазақстандық бітімгерлік полкінің жеке құрамы қарсы алды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz Алдыңғы топтар секілді еліміздің үшінші бітімгершілік құрамына да сегіз ай уақыт аралығында Ливандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті жүктелді. Олардың миссиясын орындау кезеңінде қабылдаушы елде әскери-саяси, экономикалық жағдайы күрделі болды, әлемде «COVID-19» коронавирустық инфекциясының тез таралуы байқалды, бірақ біздің әскери қызметшілер қойылған тапсырманы орындады. «ҚР Қарулы Күштерінің контингентімен бітімгершілік миссияны орындау еліміздің халықаралық қоғамдастықтағы беделін нығайту жолындағы маңызы зор. Сіздер жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейін көрсетіп, өз міндеттеріңізді адал атқардыңыздар», - деп атап өтті десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысының бірінші орыбасары - штаб бастығы полковник Бауыржан Артықов. Ол «бітімгершілік күштердің жаңа, төртінші контингенті Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшісі деген атын асқақтататынына» сенім білдірді. Үнді бітімгершілік батальоны құрамындағы қазақстандық әскерилер өздерін жауапты мамандар ретінде көрсете білді. Миссия басшылығы, шетелдік әріптестер мен бақылаушылар олардың кәсіби қызметіне жоғары баға берді және әлемдік қоғамдастықта лайықты беделдері бар екенін растады. Айта кетейік, Қазақстан Республикасының БҰҰ бітімгершілік қызметіне қатысуы еліміздің халықаралық деңгейдегі сыртқы саясат қызметінің маңызды саласы болып табылады. Жарияланған күні 04 тамыз 2020 Қызмет бағыты Бітімгершілік операцияларына қатысу Жаңалықтарға жазылу
Қазақстан • 28 Шілде, 2020
Қарулы Күштерде жекелеген бөлімшелерді күшейту жоспарлануда
Өткен аптада Қорғаныс министрлігінде Қазақстан армиясындағы өзекті мәселелерді қарастыру туралы аппараттық кеңес өтті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 14 Шілде, 2020
Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев өмірден өтті
Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев қайтыс болды. Бұл мәліметті министрліктегілер растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Шілде, 2020
Қорғаныс министрлігі отандық әскери журналистиканың ардагерін құттықтады
Қорғаныс ведомствосының өкілдері белгілі қазақстандық әскери журналист әрі жазушы, отставкадағы полковник Сапарғали Жағыпаровтың 70 жылдығына орай қорғаныс министрінің атынан құттықтау қағазы мен аты жазылған қолсағат табыстады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 04 Шілде, 2020
Елордада Ұлттық қорғаныс университетінің магистранттарына офицерлік шен тапсырылды
Нұр-Сұлтанда Қорғаныс министрлігі әскери жоғары оқу орындарының үздік түлектеріне офицерлік шен тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 30 Маусым, 2020
Жалпыәскери жарғыларына өзгертулер мен толықтырулар қатары дайындалды
Қорғаныс министрлігімен "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының жобасы әзірленді, - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 30 Маусым, 2020
Қорғаныс министрлігі коронавируспен күрес жоспарын түзді
Қорғаныс министрлігінде аппараттық кеңес барысында жеке құрамды карантиндік шаралар жағдайында жауынгерлік даярлау және оқыту мәселелері, Қарулы Күштердегі коронавирус індетімен күрес жөніндегі іс-шаралар талқыланды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 27 Маусым, 2020
ҰОС қатысушыларының туыстарына естелік сертификаттары табысталды
Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери тарих мұражайының өкілдері 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған, хабар-ошарсыз кеткен қазақстандықтардың туыстарына жеке естелік сертификаттарын табыстады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Әскери өкілдіктердің қызметіне өзгертулер енгізіледі
Қорғаныс министрінің "Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 200 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасы әзірленді, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 19 Маусым, 2020
Әскерге шақыруды ұйымдастыру мен өткізуге толықтырулар енгізіледі
"Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы №620 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" ҚР Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Қоғам • 15 Маусым, 2020
Ұлттық қорғаныс университетінде өзгерістер болды
Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде Әуе қорғанысы күштері, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс, тыл және қару-жарақ мамандарын даярлау үшін штаттық-ұйымдастыру іс-шаралар өткізілді. Бұл туралы нұсқауды бұған дейін Қорғаныс министрі берген болатын, - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 12 Маусым, 2020
Уақытша жүзуге тыйым салынған аудандарды белгілеу ережелері өзгертілді
"Жүзуге тыйым салынған және жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу қағидаларын бекіту туарлы" ҚР Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №455 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Қорғаныс министрінің бұйрық жобасы әзірленді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Қоғам • 11 Маусым, 2020
Елбасы кітапханасы мен Қорғаныс министрлігі ынтымақтастық орнатты
Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасы мен Қорғаныс министрлігі ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Орнатылған қоян-қолтық байланыс Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың идеялары мен бастамаларын насихаттауды, жастар саясаты саласында тиімді серіктестік орнатуды, Қазақстанның қалыптасу және даму тарихын зерттеуге бағытталған мәдени-танымдық және ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруды көздейді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Маусым, 2020
Қорғаныс министрлігінің қызметтері мобильді қосымшада қолжетімді болады
Ағымдағы жылдың соңына дейін Қорғаныс министрлігі құрамалымдық бөлімшелері көрсететін мемлекеттік қызметтердің бір бөлігі халыққа eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді болады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.