қазақ
Коронавирус • 06 Қаңтар, 2023
Елімізде коронавирус жұқтыру жағдайлары көбейген
Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер А.Есмағамбетова елдегі эпидахуалға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Қаңтар, 2023
Қазақстанда бірқатар жолдар көлік қозғалысы үшін ашылды
Үш өңірде республикалық маңызы бар жолдардың бірқатар учаскелері автокөлік қозғалысы үшін ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғылым • 06 Қаңтар, 2023
Қазақстанда ғалымдардың мәртебесі көтеріледі
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Ғылым туралы» заңға енгізілетін өзгерістер жайында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2023
ҰҚК үш өңірде арнайы операция өткізді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздің әртүрлі өңірлерінде ірі көлемде көкнәр шикізатын сату қылмысына қатысы бар есірткімен айналысатын топтың заңға қайшы іс-әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 06 Қаңтар, 2023
Солтүстік Қазақстан облысында инфляция деңгейі өсті
Өткен жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында инфляция 20,6 пайызды құраған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Қаңтар, 2023
Қазақстанда Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы ашылады
Қазақстанда Сейсмология институты мен Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедицияны Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығына біріктіру арқылы қайта құру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Үкіметінің мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы қаулысында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Қаңтар, 2023
«Ашық аспан» режимі тағы 5 жылға ұзартылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті «Ашық аспан» режимін 2027 жылдың соңына дейін ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2023
Қаңтар оқиғасынан зардап шеккендерге көмек көрсетілді
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры өткен жылдың қаңтарында орын алған оқиғалар кезінде зардап шеккен 540 адамға 2 млрд 112 млн теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2023
Қазақстанда отбасының цифрлық картасы іске қосылды
1 қаңтардан бастап Қазақстанда мемлекеттік қолдау шараларын проактивті тағайындау үшін жұмыс режимінде отбасының цифрлық картасы іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 05 Қаңтар, 2023
Қазақстандағы McDonald's мейрамханалары жұмысын тоқтатады
«Food Solutions KZ» ЖШС басқаратын фастфуд мейрамханалар желісі жеткізілім шектеулеріне байланысты Қазақстандағы McDonald's брендімен жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2023
Елімізде қымыз өндірісі қысқарды
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылдың 11 айында Қазақстанда қымыз өндірісі 9,2 пайызға төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2023
Биыл қандастарға қанша квота бөлінгені белгілі болды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығымен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасы белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2023
Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өсті
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 60 000 теңгеден 70 000 теңгеге дейін артты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2023
Қазақстанда қанша жол жабық тұр?
Қазір республикалық маңызы бар автожолдарда қар тазалау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жұмыстарға 500 бірлік арнайы пайдалану техникасы жұмылдырылды. Бұл туралы Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Қаңтар, 2023
Елімізде құрылыс жұмыстарының көлемі ұлғайды
Еліміздің 17 өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің оң серпіні байқалады. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Қаңтар, 2023
Қазақстанда ауа райына байланысты бірқатар тасжол жабылды
Ауа райының нашарлауына байланысты тасжолдардың 109 учаскесі жабылды, оның 41-і республикалық және 68-і облыстық маңызы бар жол, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 02 Қаңтар, 2023
Елімізде жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшері артты
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруіне байланысты жол қозғалысы ережелерін бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшері өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 01 Қаңтар, 2023
2023 жыл қазақстандықтардың өміріне қандай жаңалық әкеледі
Зейнетақы мен жәрдемақының және ең төменгі жалақының артуы, ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуі, «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобаларын жүзеге асыру, жаңа даму бағдарламаларын, 5G байланыс желілерін іске қосу, сондай-ақ шағын қалалар мен ауылдарда интернет сапасын арттыру – Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет іске асырып жатқан осы және басқа да өзгерістер мен бастамалар биыл қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсартуға игі әсерін тигізетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 29 Желтоқсан, 2022
Елімізде тазы және төбет тұқымын сақтау туралы заң қабылданды
Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақ ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2022
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Жаңа жыл мерекесіне байланысты еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары 1, 2 және 3 қаңтарда жұмыс істемейді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Желтоқсан, 2022
Банкроттық рәсімі кезінде мүлікті жасырғандарға айыппұл салынады
Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов жеке тұлғаларды банкроттық рәсімі аясында жалған ақпарат бергені немесе мүлікті жасырғаны үшін айыппұл салынатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 29 Желтоқсан, 2022
Конституциялық Соттың судьялары тағайындалды
Сенат депутаттары Конституциялық соттың үш судьясын бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2022
Қазақстан БҰҰ Жарғысын сақтайды - СІМ
Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров Қазақстан БҰҰ Жарғысын сақтайтыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2022
Қазақстандықтар визасыз ұша алатын елдердің тізімі кеңейді
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте 2022 жылы визасыз елдердің тізімі 80 мемлекетке дейін кеңейтілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2022
Сенатта «банкрот» мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды
Сенат депутаттары Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы заң жобасын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2022
БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендер жаңа үйлерге қоныстанды
Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының Шалғын және Жақсыбай ауылдарының тұрғындары жаңа үйлерге қоныстанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Желтоқсан, 2022
Қарағанды-Ақадыр учаскесінде 19 вагон рельстен шығып кетті
Сағат 07:45-те Қарағанды-Ақадыр учаскесінің Қарабас станциясында жүк пойызының 19 вагоны рельстен шығып кетті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2022
Қаңтар оқиғасы: Қаза тапқандардың отбасыларына 1 млрд теңге көмек берілді
Бас прокуратура қаңтар оқиғасы кезінде қаза болғандардың отбасына көрсетілген материалдық көмек туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2022
Қазақстанда электромобиль инфрақұрылымы дамиды
Парламент Мәжілісінің депутаттары палатаның жалпы отырысында электромобильдерді танымал етуді көздейтін заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2022
Қазақстан мен БАӘ арасындағы әуе рейстерінің саны артады
Мереке және демалыс күндерінде әуе билеттерінің құнын төмендету мақсатында БАӘ-ге рейстер санын көбейту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.