бизнес
Аймақтар • 17 Маусым, 2020
Өңірлік айырмашылықтар ШОБ дамуына кедергі болмауы керек
Аймақтардың даму ерекшелігі шағын және орта бизнестің құрылымына және дамуына әсер ететіні осыған дейін де белгілі болатын. Сәйкесінше, елдегі донор аймақтарда экономикалық жағынан белсенді ШОБ-тің көп тіркелгені, реципиент аймақтардағы ШОБ әлеуетінің әлсіз екені мемлекеттік деңгейде талай рет көтерілген. Осыдан келіп, сарапшылардың "аймақтардың даму ерекшелігі ШОБ-тің дамуына немесе жұмысын тоқтатуына әсер етпеуі" тиіс деген ұсынысы тиісті орындар тарапынан назарға алынды,- деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 15 Маусым, 2020
Мәулен Әшімбаев Бюро отырысын өткізді
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Бюро отырысын өткізді. Онда Палатаның 18 маусымға жоспарланған кезекті отырысында қаралатын мәселелер пысықталды. Сенаторлар алдағы отырыс барысында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін тыңдайды және талқылайтын болды, дейді Парламент Сенатының Баспасөз қызметі.
Қазақстан • 05 Маусым, 2020
Тимур Құлыбаев бірыңғай ахуалдық орталық құруды ұсынды
4 маусым күні Үкімет, мемлекеттік органдар өкілдері және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның онлайн отырысы өтті. Бұл туралы atameken.kz хабарлады.