м
Өнер • 18 Мамыр, 2021
Бүгін – Халықаралық Музей күні
Бүгін – халықаралық Музей күні. Ұлттық Музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы барша әріптестерін мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 18 Мамыр, 2021
Президент Жарлығымен Алексей Волков лауазымынан босатылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Алексей Юрьевич Волков Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 18 Мамыр, 2021
Таяуда ағылшындардың «Brand Finance» деп аталатын аса ірі консалтингтік компаниясы қазіргі кездегі ең құнды футбол брендтерінің тізмін жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 18 Мамыр, 2021
Қазақстандық бапкер Токио Олимпиадасында қазылық етеді
Халықаралық каратэ федерациясы (WKF) Токио Олимпиадасында төрелік ететін қазылар тізімін жариялады. Төртжылдық додасына төрелік ететіндердің негізгі тізіміне 17 маман енген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Мамыр, 2021
Ғалымдар шылым шегудің өкпе аурулары бар науқастарға әсері туралы зерттеу жүргізді
Италиядан келген ғалымдар тобы өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨCOА) бар науқастар арасында қыздырылатын темекінің денсаулыққа әсері туралы ұзақ мерзімді зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Мамыр, 2021
Аида Балаеваның анасы өмірден озды
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның анасы, еңбек сіңірген мұғалім Раиса Рахымжанқызы Жыланкөзова 69 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 18 Мамыр, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді
21 мамыр күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Мемлекет басшысының Баспасөз хатшысы таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
Аймақтар • 18 Мамыр, 2021
Пандемия басталғалы 10 мыңға жуық шымкенттік коронавирустан емделіп шықты
Шымкент қаласында коронавирус пандемиясы басталғаннан 10 931 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 6156 симптоммен болса, 4775 симптомсыз. Емделіп шыққандар саны – 9528, қайтыс болғандар – 55. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында қала әкімі Мұрат Әйтенов айтты.
Қазақстан • 18 Мамыр, 2021
Электрондық еңбек биржасында бос жұмыс орындар саны өсті
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ деректері бойынша соңғы айда Электрондық еңбек биржасында белсенділік күрт өсті. Сәуір айында ЭЕБ-дағы бос орындар саны 26,5 мыңға 89 мыңға дейін, ал түйіндемелер саны 18,1 мыңға артып, 69,3 мыңға жетті. Бос жұмыс орындарының көпшілігін өзге де қызметтер мен ауыл шаруашылығы секторларының кәсіпорындары орналастырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Мамыр, 2021
Шымкентте 163 мыңнан астам адам КВИ-ға қарсы вакцина алды
Шымкент тұрғындары коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны белсенді түрде алып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Мамыр, 2021
Forbes тізіміндегі қазақстандық жеті миллиардер
Forbes.kz басылымы Қазақстанның ең дәулетті 50 бизнесменінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
Үкімет • 18 Мамыр, 2021
Асқар Мамин көмір бағасын қадағалауды тапсырды
Үкімет басшысы Асқар Мамин Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, көмір бағасын ерекше бақылауға алуды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Мамыр, 2021
Атырауда мұғалімдерді жұмысқа жеккен директор жауапқа тартылды
Атырауда мұғалімдерді кәсіби міндетінен тыс басқа жұмысқа тартқан мектеп басшысы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Мамыр, 2021
Алексей Цой «Ashyq» жүйесінің тиімділігін айтты
Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Ashyq» жүйесінің көмегімен «қызыл» және «сары» мәртебемен 3 256 адам анықталғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 18 Мамыр, 2021
БҰҰ Газадағы жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады
Біріккен Ұлттар Ұйымы Газадағы жағдай бойынша ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 18 Мамыр, 2021
Еліміздің 5 өңірінде дебиторлық берешек өскен
Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Қызылорда, Маңғыстау облыстарындағы дебиторлық берешектің өсіп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Мамыр, 2021
Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты
Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, 20 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 18 Мамыр, 2021
Асқар Мамин: Вакцинаны таңдау құқығы берілуі тиіс
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиялық жағдай қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Мамыр, 2021
Алексей Цой: Қазақстанда эпидемиялық ахуал тұрақталып келеді
Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 20 пайызға төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Мамыр, 2021
Шағын асханада жұмыс қауырт. Мұнда тамақтануға келетіндердің дені қарттар. Қайырымдылық мақсатта үлестірілетін тағамдар тек мұқтаж жандарға ғана арналғанына қарамастан, зейнет жасындағы тұрғындар үшін Расима Темербаева ашқан асханадағы дәмді тағамнан ауыз тию дәстүрге айналған. Осылайша, күнделікті Алматы қаласындағы Айманов және Шашкин көшелеріндегі дүңгіршектер маңы түскі мезгілде абыр-сабыр. Мұнда демалыстан тыс күнделікті 150-дей адам тегін тамақтана алады. Байқағанымыз, асханаға зейнеткерлер тамақтану үшін ғана келмейді. Бір-бірін сағына көріскен, әңгіме айтуға бейіл жандардың жүзінен жылылықтың нышаны байқалады.
Руханият • 18 Мамыр, 2021
Әлем мәдениетінің тағылымды тұлғасы
Рухты жырлары, терең зерттеулерімен әлемді мойындатқан айтулы тұлға, Қазақстанның халық жазушысы, ақын, лингвист-зерттеуші, түрколог, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 85 жасқа толған мерейтойына орай ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы және Алматы қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен халықаралық конференция өтті. «Танып-біліп өзімізді өзгеден, біз көшеміз өзімізге бет алып: Олжас және мәдениеттерді жақындастыру» деп аталған келелі басқосуға қабырғалы қаламгердің азаматтық қыры мен шығармашылық сыры кеңінен арқау болды.
Таным • 18 Мамыр, 2021
2021 жылдың дөңгелек даталарға толы жыл екенін ерекше атап өткеніміз дұрыс. Алдымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, сондай-ақ адамзаттың ғарышқа алғаш ұшқанына 60 жыл және Семей ядролық полигонының жабылуына – 30 жыл. Бұл орайда осы даталардың барлығына дерлік қатысы бар тұлға кім дегенде біз ойланбастан ұлы замандасымыз Олжас Сүлейменовтің есімін атаймыз.
Спорт • 18 Мамыр, 2021
Кәрімжан Әбдірахманов – «Достық-84» халықаралық ойындарының күміс жүлдегері, әлем кубогының командалық есептегі жеңімпазы (1985), Еуропа чемпионатының (1985) және «Ізгі ниет-86» ойындарының қола медалисі, Кеңес Одағының 2 мәрте чемпионы (1984, 1990).
Қазақстан • 18 Мамыр, 2021
Мәдениет және спорт министрлігінің кезекті есептік кездесуінде былтырғы және 2021 жылдың алғашқы тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар легі мен алдағы міндеттер барысы баяндалды. Министр Ақтоты Райымқұлова ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына баса назар аударды. Кинематография туралы заң жобасы, архив ісі саласындағы оң өзгерістерді баяндай келе, ұлттық мәдениет пен дәстүрді жаңғыртуға, бұқаралық спорт түрлерін дамытуға, сондай-ақ елдің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған бірқатар жаңа жобаны таныстырды.
Өнер • 17 Мамыр, 2021
Татулық пен рухани құндылықтарды дәріптейтін фотокөрме ашылды
Алматыдағы Орталық музейде «Ислам және адамзат: кеше, бүгін, ертең» атты халықаралық фотокөрме ашылды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өрбіген өнер жәрмеңкесін мәдениет ошағы мен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы бірлесе ұйымдастырды.
Технология • 17 Мамыр, 2021
Цифрлы платформада құқығымыз қорғалса игі
Пандемияның салдарынан күшейтілген карантин жағдайында электронды сауда мен онлайн қызметтер ерекше қарқын алғаны белгілі. Алайда осы цифрлы трансформация кезеңінде тұтынушылардың құқықтары жиі бұзыла бастағаны да жасырын емес.
Әлем • 17 Мамыр, 2021
Кәрі құрлық трамвайға қызығады
Таяуда Португалия коронавирус дағдарысымен күреске бөлінетін қаржының қалай жұмсалатынын жариялады. Аталған жоспарға сүйенсек, қаражаттың біраз бөлігі қаладағы қоғамдық көліктерді жаңғыртуға бөлінбек.
Руханият • 17 Мамыр, 2021
Сыр мен жырға толы тұлғалар музейі
Музей – тарихи жады мен өткен дәуірдің мұрасын сенімді сақтайтын мемлекеттік маңызы зор мәдени мекеме. Білім көкжиегін кеңейтіп, танымды арттырып, әсемдікпен байланыстыратын музей атаулы адамның әлем мен уақытқа қатысы барын сезіндіретін айрықша қуатқа ие. Уақыт озған сайын маңызының арта түсетіні де сондықтан.
Өнер • 17 Мамыр, 2021
Сұм соғыстан адам санасына түскен тыртықтар аз емес. Әсіресе миллиондаған тағдырларды тас-талқан еткен Екінші дүниежүзілік қырғынның адамзатқа тигізген қыруар залалын айтып тауысу мүмкін емес. Бірақ біз соғыс дегенде тек бірыңғай қатыгездікті елестетіп кетпеуіміз де керек сияқты. Кейде қаулап жанған қызыл өрттің ішінен де ізгілік іздерін көруге болады. Суретші Шавкат Гафуровтың «Қырық бесте гүлдеген алмалар» («Яблоки 1945-го») атты картинасы бізді осы ойға жетелеп әкетті...
Қазақстан • 17 Мамыр, 2021
Бүгінгі қоғамдағы кез келген мәселені парамен не таныс-тамырмен шешуге болады деген пікірдің қалыптасқаны баршаға мәлім. Себебі парамен ұсталғандардың өзі пара беріп жазадан құтылуға жанталасады.