бас
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2023
2023 жылы еліміз қандай әлеуметтік жетістіктерге жетті?
2023 жылы еліміздің әлеуметтік саласында бірнеше жағымды жаңалық болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2023
Президент Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Сапарұлы Оразбай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 28 Желтоқсан, 2023
Жаңа жыл – әлемдегі ең көне мереке
Жаңа жыл – әлемдегі ең көне мереке. Ғалымдардың пікірінше, бұл дәстүр біздің заманымыздан бұрынғы IV мыңыншы жылдың соңында өркениет пайда болған Месопотамия жерінен бастау алған. Ал мысырлық пирамидалардан біздің заманымыздан III мың жыл бұрын жасалған «Жаңа жылдың басы» деген жазуы бар ыдыс табылған. Бұндай қызықты деректер bilim-all.kz сайтында жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 26 Желтоқсан, 2023
Қаңғыбас иттер мәселесі қалай шешіледі? Сенаторлар тиісті заң жобасын талқылады
Палата Төрағасының орынбасары Жақып Асановтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Жобалық кеңсесінің отырысы болды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023
Президент бастамалары мәдениет саласына тың серпіліс берді – Аида Балаева
Қазір Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде ауқымды өзгерістер болып жатыр. Бұл жаңа белесті бағындырған тарихи уақыт болды. Соның ішінде, мәдениет пен идеология саласында үлкен бастамалар қолға алынып, «Әділетті Қазақстан» концепциясының іс жүзіндегі тұғыры айқындала бастады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысы Б.Ельцин атындағы кітапханаға барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Б.Н.Ельцин атындағы президенттік кітапханаға барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2023
Елімізде тұрғын үй бағасы арзандауы мүмкін
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес биыл қолданыста болған үйлердің бағасы 5,5 пайызға арзандады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 21 Желтоқсан, 2023
«Жетісу» командасының жаңа бас бапкері тағайындалды
Футболдан Талдықорғанның «Жетісу» командасының бас бапкері қызметіне Қайрат Нұрдәулетов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Желтоқсан, 2023
Президент БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін қабылдады
Мемлекет басшысы БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады. Кездесуде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 19 Желтоқсан, 2023
Шымкент қалалық басқарма басшысының орынбасары жол апатынан қаза тапты
Алматы облысы аумағындағы тасжолда Шымкент қалалық басқармасы басшысының орынбасары жол апатына ұшырап, қаза тапты. Аталған ақпаратты Алматы облыстық полиция департаменті растаған, деп хабарлайды Egemen.kz Elitar.kz инстаграм арнасына сілтеме жасап.
Спорт • 17 Желтоқсан, 2023
Шавкаттың шеберлігіне таңғалдым - UFC басшысы
UFC басшысы Дана Уайт Шавкат Рахмонов пен Стивен Томпсон жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді. Ол баспасөз мәслихатында Шавкат өзін әбден шатастырып жібергенін және оның шеберлігіне таңғалғанын жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Айбын • 15 Желтоқсан, 2023
Тәуелсіздік күні қарсаңында әскерилер баспаналы болды
Қарулы күштердің Әуе қорғанысы күштері 31767 әскери бөлімінің әскери қызметшілері үшін Тәуелсіздік мерекесі қуанышты оқиғамен тұспа-тұс келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті елінің айтулы жетістікке қол жеткізуімен, атап айтқанда, Әзербайжанның 2024 жылы климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-шы конференциясы өтетін мемлекет ретінде таңдалуымен құттықтады. Жеделхатты Ақорданың баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Желтоқсан, 2023
Әлемдік сән брендтері 2024 жылы қандай түс трендте болатынын айтты
Pantone консалтингтік компаниясы дәстүрлі үрдісіне сай 2024 жылдың басты түсін таңдады. Компанияның таңдауы биыл ашық қызғылт сары түске түскен. Олар бұл түсті «шабдалы мамығы» (Peach Fuzz, персиковый пух) деп атауды ұсынды. Ұсынысты Италияның үздік сән үйлері Gucci, Jil Sander және Sportmax брендтері қолдап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 14 Желтоқсан, 2023
Астанада шырша шамы Тәуелсіздік күнінен кейін жағылатын болды
Елордадағы бас шырша EXPO халықаралық көрме орталығының аумағында орналасады. Шыршаның шамын жағу шарасы 17 желтоқсан күні, сағат 20:00-де өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Желтоқсан, 2023
12 баласы бар отбасыға қанша теңге мемлекеттік жәрдемақы берілетіні айтылды
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 540,8 мың отбасы жалпы сомасы 376,6 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде қараша айында 557,3 мың отбасына 37,2 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2023
Қазақстанда жас ғалымдарға арналған баспана бағдарламасы іске қосылды
Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Отбасы банкі» АҚ бірлесіп ғалымдарға қолжетімді шарттармен баспана алудың жаңа бағдарламасын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Желтоқсан, 2023
Екібастұз жылу электр орталығында апат болды
10 желтоқсанға қараған түні Екібастұз ЖЭО-да күл құбырында (күл шығару жүйесінен күл тасымалданатын құбыр) ақау анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 09 Желтоқсан, 2023
Костенко шахтасы: Бас Прокуратура тергеудің алдын ала нәтижелерін жария етті
Биыл 28 қазанда «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы көмір шахталарында бірқатар жарылыс болып, нәтижесінде 46 адам қаза тауып, 28 кенші жарақат алған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Бас прокуратураның арнайы прокурорлары ІІМ, ҚМА, ТЖМ және Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерінің қатысуымен жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Бас Прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Желтоқсан, 2023
Еліміздің барлық өңірінде қызылша ауруы өршіп тұр
Күн сайын Қазақстанда қызылшаның 300-ге жуық жағдайы тіркеледі, негізгі сырқаттанушылық вакцинацияланбаған адамдардың есебінен тіркеледі. Бұл туралы 6 желтоқсанда ОКҚ-да өткен сараптамалық брифингте ҚР ДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының басқарма төрағасы Манар Смағұл мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2023
Спорт журналистикасындағы тұңғыш күнделік-кітап жарық көрді
Белгілі журналист, спорт тарихшысы Қыдырбек Рысбекұлының жаңа кітабы оқырманға жол тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 05 Желтоқсан, 2023
Велошабандоздардың жақсы нәтиже көрсетуге мүмкіндігі бар – министр
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев велоспорт федерациясының басшылығымен кездесіп, биылғы есебін тыңдады. Федерация өкілдері спортшылардың нәтижелері туралы айтып, төртжылдықтың басты додасына дайындық жоспарларына тоқталды, деп жазады Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Денсаулық • 04 Желтоқсан, 2023
Елордада 200-ге жуық бала қызылшадан ем алып жатыр
Елордада қызылша ауруы дендеп барады. №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының инфекциялық стационарында 200-ге жуық бала қызылшадан ем алып жатқанын, оның басым бөлігі – уақтылы екпе алмағандар екенін елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Желтоқсан, 2023
Бүгін Қызылжарда үлкен мереке. «Береке» шағын ауданында жалдамалы-коммуналдық 6 көпқабатты үй қолданысқа беріліп, 600 отбасы баспанаға ие болды.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2023
Екібастұзда жаңа зауыт салынады
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 30 Қараша, 2023
Самат Әбішке қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы өзгермеген
Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбішке қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы күшінде екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қараша, 2023
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тоқтам салу жайы талқыланды
«Egemen Qazaqstan» газетінің редакциясында тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қатысқан спикерлер қоғамға тереңдей еніп кеткен кеселмен күресуде салдарымен арпалысуды ғана емес, себебін де байыптауға мән беру қажеттігін ескертті.
Қоғам • 29 Қараша, 2023
«Күміс жас» жобасы: 3,2 мыңнан астам адам тегін курстардан өтті
«Күміс жас» жобасы аясында 50 жастан асқан Қазақстан азаматтары жаңа дағдыларды игеріп, одан әрі жұмысқа орналасу үшін Skills Enbek платформасында тегін оқуға мүмкіндік алды. Платформада арнайы бөлім екі ай бұрын іске қосылып, оған 4,5 мыңнан астам адам тіркелді. Оның 3,2 мыңы оқуды аяқтап, сертификат алды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 29 Қараша, 2023
Астана 2035 жылға қарай қалай өзгереді?
Елордалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы «Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспары туралы» жобасын Ашық НҚА порталына орналастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қараша, 2023
«Ауруханада қалсам бола ма?». Жеті жасар қыз отбасындағы соққыдан кейін үйіне қайтқысы келмеген
Астанада жеті жасар қызды ата-анасы үнемі ұрып келген, салдарынан жеткіншек ауруханаға түсті. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Instagram желісінде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.