делегация
Қазақстан • 14 Қараша, 2024
Қазақстан мен Вьетнам сараптамалық-талдау саласында ынтымақтастық орнатты
Бүгін ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтына Вьетнам Коммунистік партиясы Саяси Бюросының мүшесі, Хо Ши Мин атындағы Ұлттық саяси академиясының президенті, Орталық теориялық кеңес төрағасы Нгуен Суан Тханг бастаған делегация келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 28 Маусым, 2024
Париж-2024: Қазақстан делегациясында 118 адам бар
Бұл туралы ОКҚ алаңында Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 07 Маусым, 2024
Қазақстан делегациясы VI Этноспорт мәдени фестиваліне қатысып жатыр
20-дан астам елден 1000-нан астам спортшы мен мәдениет саласының өкілдері жиналған VI Этноспорт мәдени фестиваліне Қазақстан делегациясы қатысып жатыр. Іс-шараТүркияның Ыстамбұл қаласында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 19 Мамыр, 2024
Аграрлық университетте САU филиалын құру келісіміне қол жеткізілді
Ғылым-білім беру орталықтары арасындағы өзара байланысты арттыру мақсатында Алматыға келген ҚХР Мемлекеттік кеңесі вице-премьері Лю Гочжун бастаған үкіметтік делегация Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде болып, ғылыми-инновациялық қызметімен танысты.
Сенат • 09 Сәуір, 2024
Сенат Төрағасы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының делегациясымен кездесті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Орталық Азия бойынша арнайы өкіл Фара Карими бастаған ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының делегациясымен кездесті. Тараптар өзара іс-қимылды, оның ішінде халықаралық ұйымдар аясындағы байланысты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2023
Аустралияның мал шаруашылығын жүргізудегі озық әдістері зерттелді
Аустралияның мал шаруашылығын жүргізудегі озық әдістерін зерттеу үшін аграрлық бизнес, Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері, Түркістан, Қостанай, Алматы, Жетісу әкімдіктері басшылығынан құралған делегацияны Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин басқарды. Аустралия – жаһанда қой еті экспортынан – бірінші орында, ал сиыр еті экспорты бойынша – екінші орында. Оның 100-ге жуық өнім жеткізу нарығы бар. Бұл ретте ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсетілмейді. Қазақстан мамандары аустралиялық фермерлер мал шаруашылығы саласында осындай экономикалық табысқа қалай қол жеткізгенін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Туризм • 25 Қараша, 2023
Қазақстан делегациясы «ШЫҰ 2023 – Туризм жылы» форумына қатысты
Қытайдың Үрімші қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хатшылығы ҚХР-ның Шыңжаң – Ұйғыр автономиялық ауданының Халық үкіметімен бірлесіп ұйымдастырған «ШЫҰ 2023 – Туризм жылы» атты форум өтіп, оған Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев, Қазақстанның Қытайдағы Елшісі, Алматы қаласы мен Ақмола облысы әкімдіктерінің өкілдері, отандық туроператорлар мен Қытайдағы Елшілігінің қызметкерлері қатысты. Шанхай ынтымақтастық ұйымы Мемлекет басшыларының кеңесі 2023 жылды туризм жылы деп жариялаған еді, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 20 Қараша, 2023
Су саласы мамандарының біліктілігін арттыруға мүдделіміз – министр
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Швейцарияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Салман Бал мырзамен және су ынтымақтастығы мәселелерімен айналысатын Швейцария даму және ынтымақтастық агенттігінің Blue Peace Central Asia (BPCA) бағдарламасының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 31 Қазан, 2023
Қорғаныс министрі Қытайдағы Сяншань форумына қатысып жатыр
Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы Бейжіңде жүр. Пекинде өтетін Х Сяншань форумында әлемдегі қауіпсіздікті сақтау саласындағы мәселелер талқыланбақ. Биыл оны Қытайдың халықаралық стратегиялық зерттеулер институты (CIISS) ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 10 Қазан, 2023
Мәулен Әшімбаев шетелдік делегация өкілдерімен кездесті
Парламент Сенатының Төрағасы – Съезд Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының ХХІ отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген дін лидерлерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Кездесулерде тараптар дінаралық және конфессияаралық диалогты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Егемен Қазақстан • 03 Қыркүйек, 2023
Шаньдуннан келген әріптестер – «Қазақ газеттерінде»
«Қазақ газеттері» ЖШС алматылық басылымдарының басшылары Алматыдағы Достық үйінде ҚХР Шаньдун провинциясынан келген әріптестермен кездесті. Қытай делегациясын Шаньдун партия комитеті ақпарат министрінің орынбасары Си Яньчунь бастап келді. Делегация құрамында Шаньдундағы ең ірі медиа холдинг саналатын Dazhong Newspaper Group компаниясының оннан астам өкілі бар.
Форум • 17 Тамыз, 2023
Түркі мемлекеттерінің дүниежүзілік медициналық конгресі өтті
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бастаған қазақстандық делегация Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен Дүниежүзілік Түркі медициналық конгресіне және Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің денсаулық сақтау министрлерінің кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 16 Тамыз, 2023
Қазақстан өнеркәсібіне инвестиция тарту мәселесі талқыланды
Шэньчжэнь қаласында Қазақстан делегациясы және Қытайдың ірі кәсіпкерлері, қызметтер, технологиялар мен тауарлар жеткізушілердің жоғары рейтингіне енген компаниялар өкілдері, ауыл шаруашылығы, көлік, логистика саласындағы жаһандық ірі экспорттаушылардың қатысуымен өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 27 Ақпан, 2023
Қазақстан делегациясы Қосылмау қозғалысының саммитіне қатысады
2023 жылғы 1-3 наурыз аралығында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тұмыш COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі Қосылмау қозғалысының байланыс тобының отырысына қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Қыркүйек, 2022
Президент АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Әлем • 10 Наурыз, 2022
Ресей мен Украина делегациясының кездесуі басталды
Түркияда Ресей мен Украина сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Дмитрий Кулебаның кездесуі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Әлем • 07 Наурыз, 2022
Ресей делегациясы Украинамен келіссөздің үшінші раундын өткізеді
Ресей делегациясы Украинамен келіссөздің үшінші раундын өткізу үшін Беларуське ұшып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Sputnik Беларусь сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 17 Қазан, 2021
Қазақстан делегациясы Кабулда Ауғанстанның қазіргі әкімшілігі өкілдерімен кездесті
Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан бастаған қазақстандық делегация Кабул қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Қазан, 2021
Мемлекет басшысы Еуропалық Одақ делегациясын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақтың адам құқықтары жөніндегі арнаулы өкілі Имон Гилмор мен Орталық Азия бойынша өкілі Тери Хакаланы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Шілде, 2021
Қазақстанға БҰҰ-ның делегациясы келді
7-8 шілде күндері Нұр-Сұлтан қаласында «Астана форматында» Сирия бойынша келіссөздердің кезекті раунды өтеді. Бүгін Қазақстан елордасына БҰҰ делегациясы келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2021
Беларусь әскери делегациясы Қазақстанға келді
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов елімізде қызмет бабымен іс-сапарда жүрген Беларусь Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – ішкі әскерлер қолбасшысы генерал-майор Николай Карпенков бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 24 Маусым, 2020
Мәскеуге барған Қырғыз президенті парадқа қатыса алмай қалды
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Мәскеуден оралғаннан кейін оның делегациясында анықталған COVID-19 жағдайына байланысты оқшаулануға көшеді. Бұл туралы Қырғыз мемлекеттік басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап отырып Egemen.kz хабарлайды.