музей
ANTIKOR • 16 Шілде, 2022
Антикор Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруін жалғастыруда
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр. Бұл туралы аталған агенттіктен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Маусым, 2022
Президент Қаныш Сәтбаевтың мемориалдық музейіне барды
Президент Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты жиыннан кейін академик Қаныш Сәтбаевтың мемориалдық музейіне экскурсия жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ANTIKOR • 16 Мамыр, 2022
Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқырған болуы мүмкін
«Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
Елорда • 13 Мамыр, 2022
Елордада «Музей түні» акциясы өтеді
18 мамыр күні астана тұрғындары мен қонақтары Ұлттық музейге тегін кіріп, ондағы құндылықтарды тамашалай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 28 Сәуір, 2022
Елордада Нұртілеу Иманғалиұлына арналған көрме ашылды
Дүниеде уақыттан асқан жүйрік бар ма?! Кеше ғана экраннан есті дүние іздеп телмірген көрерменнің көзайымы болған белгілі журналист, қоғам қайраткері Нұртілеу Иманғалиұлының өмірден өткеніне де жыл толыпты. Жылтыр сөз, жеңіл күлкіден ада салмақты ой, салиқалы пікірлерімен елдің жүрегін жаулаған тұлғаның орны уақыт озған сайын ойсырап тұр.
Руханият • 27 Сәуір, 2022
Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына арналған көрме ашылады
Ұлттық музейде қазақ журналистикасының қайраткері Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына арналған «Бай-қуатты болайық!» атты көрме ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Сәуір, 2022
Ұлттық музейге Нұртілеу Иманғалиұлының жеке заттары тапсырылды
Ұлттық музейге белгілі журналист Нұртілеу Иманғалиұлының жұбайы Қарлығаш Советбекқызы қаламгердің қолданған заттары мен киімдерін, тарихи еңбектері мен медальдарын табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 21 Желтоқсан, 2021
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-тарихи музей қорына атақты қолбасшы қанжығалы қарт Бөгенбай батыр дулығасын салтанатты түрде табыстау іс-шарасы өтті.
Руханият • 13 Қараша, 2021
Құнды мұралар музейге табысталды
Өткен апта аяғында, отандық археология ғылымының негізін қалаған қайраткер ғалым Кемел Ақышевтың жеке заттары және Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Тайпақ ауылы маңынан табылған қола дәуіріне тән көне жәдігерлерді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-тарихи музейіне табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қазан, 2021
«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығында киелі Отырар өңірінің тарихын насихаттайтын мұражайдың қалыптасу шежіресін көпшілікке таныту мақсатымен «Отырар Эрмитажы» тақырыптық экспозициясы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 21 Қыркүйек, 2021
Жақында бас шаһарда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновке еңселі ескерткіш қойылып, тұғырлы тұлға халқымен қайта қауышты. Айта кетейік, елордадағы Ұлттық музейде ардақты азаматтың көзі тірісінде өзі тұтынған біраз жәдігерлері сақталған.
Қоғам • 07 Қыркүйек, 2021
Сақ қорымынан табылған жәдігерлер Ұлыбритания музейіне жөнелтілді
Шығыс Қазақстан облысында сақ қорымдарынан табылған жәдігерлер Ұлыбританиядағы музейге жөнелтілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 12 Тамыз, 2021
Осы суретке қараған сайын, одан бір жылылық көрем. Ата мен әже алдарына немересін алып, соның қызығына тоймай, тамашалап отыр. Бала күнімізде осы көріністі ауылда жиі көрдік. Ата-әжеміз бізді де осылай алдарына алып, қызықтап отыратын. Жалпы, бұл туындының маңызы зор, қараған жанға мазмұнды ой салады. Автор осы суреті арқылы әке-шеше мен баланың арасындағы байланыс, ұрпақ жалғастығы деген өмірлік қағиданы көркем жеткізеді. Мұны суретші 1968 жылы қарындашпен салыпты. Оның иесі ұлттық бейнелеу өнерінде қайталанбас қолтаңбасын қалдырған көрнекті қылқалам шебері Шаймардан Сариев.
Руханият • 14 Шілде, 2021
Қастеев музейінен неге шу шықты?
Бейнелеу және қолданбалы өнердің ең озық туындылары мен ұлттық байлықтың керемет үлгілері сақталған Ә.Қастеев музейіне «шабуыл» бұрын да оқта-текте жасалып тұратын, бірақ бұл жолғысы қоғам назарын жылдам аударды.
Аймақтар • 14 Шілде, 2021
Қастеев мұражайындағы дау: Министрлік мәлімдеме жасады
Мәдениет және спорт министрлігін Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайына іргелес тұрған Central Esentai Resedence тұрғын үй кешені тұрғындарының шағымынан кейін қазір БАҚ-та қызу талқыланып жатқан жағдай алаңдатады. Аталған жайтқа қатысты министрлік мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Руханият • 11 Маусым, 2021
Көкшетауда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жылжымалы көрме ашылды
Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасына қарасты Мәлік Ғабдуллин музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Абылай ханның 310 жылдығына арналған «Тәуелсіздік туын биік көтерген – Абылай хан» атты жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2021
Мемлекеттік орталық музейде «Музей түні» жобасы өтті
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде «Халықарарлық музейлер күні» кәсіби мерекесіне орай «Музейлердің болашағы: қалпына келтіру және жаңғырту» ұранымен «Музей түні» онлайн-жобасы іске асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 18 Мамыр, 2021
Ақтоты Райымқұлова музей қызметкерлерін құттықтады
ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова музей ісінің мамандарын 18 мамыр – Халықаралық музей күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 18 Мамыр, 2021
Бүгін – Халықаралық Музей күні
Бүгін – халықаралық Музей күні. Ұлттық Музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы барша әріптестерін мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 17 Мамыр, 2021
Сыр мен жырға толы тұлғалар музейі
Музей – тарихи жады мен өткен дәуірдің мұрасын сенімді сақтайтын мемлекеттік маңызы зор мәдени мекеме. Білім көкжиегін кеңейтіп, танымды арттырып, әсемдікпен байланыстыратын музей атаулы адамның әлем мен уақытқа қатысы барын сезіндіретін айрықша қуатқа ие. Уақыт озған сайын маңызының арта түсетіні де сондықтан.
Өнер • 10 Мамыр, 2021
Ә. Қастеев музейінде виртуалды көрме ашылды
Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Жеңістің 76 жылдығына орай виртуалды көрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 29 Сәуір, 2021
Ақтөбеде облыстық музейдің жәдігерлері қараусыз қалды
Осыдан 3 жыл бұрын Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі жаңа ғимаратқа көшкен еді. Алайда ескі ғимаратта кей жәдігерлер қараусыз қалып қойған, деп хабарлайды Egemen.kz
Алматыда ретроавтомобильдер музейі ашылады
Алматыдағы қараусыз қалған кинотеатрлардың бірінен ретроавтомобильдер музейін ашу жоспарланып отыр, деп хабарайды Egemen.kz InAlmaty.kz сілтеме жасап
Қоғам • 02 Сәуір, 2021
Назарбаев орталығы мен Ұлттық музей өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Бүгін Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Руханият • 23 Қыркүйек, 2020
Ұлттық музейде "Стрит-арт" перфомансы өтті
Мəдениет жəне спорт министрлігіне қарасты Ұлттық музейдің ашық алаңында "Стрит-арт" перфомансы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 31 Тамыз, 2020
Нью-Йорк музейлері қайта ашылды
Пикассо мен Моненің картиналарын сағынсаңыз, яки Джакомметтидің мүсінін тамашалағыңыз келсе, мархабат. Осы аптадан бастап Нью-Йорк музейлері ұзақ уақытқа созылған демалыстан соң қайта ашылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2020
Абай атындағы нысандар жаңартылды
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Семейдегі бірқатар маңызды нысанды аралады, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 29 Тамыз, 2020
Жапонияда Семей ядролық сынақ полигонының жабуылына байланысты фотокөрме ашылды
Жапонияда Семей ядролық сынақ полигонының жабуылына байланысты фотокөрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 19 Тамыз, 2020
Музей ісі жөніндегі көркемдік кеңестің отырысы онлайн форматта өтті
Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешовтың төрағалығымен «Цифрлық дәуірдегі Қазақстан музейлері: жаңа талаптар мен мүмкіндіктер» тақырыбында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Музей ісі жөніндегі көркемдік кеңесінің кезекті отырысы онлайн форматта өтті. Бұл туралы Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Руханият • 14 Тамыз, 2020
Түркістан облысында Шәмші Қалдаяқов музейі ашылды
Түркістан облысының Отырар ауданында туып-өсіп, "қазақ вальсінің королі" атанған Шәмші Қалдаяқовқа туған жерінде музей ашылды. Аталған шара Ұлы композитордың 90 жылдық мерейтойына арналды. Бұл туралы Egemen.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.