суретші
Мәдениет • Кеше
Суретші Болат Мұхамедиевтің «Уақыт резонансы» атты жеке көрмесі ашылды
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде қоғам қайраткері, Қазақстан Өнер академиясының және «MONDIAL ART ACADEMIA» Дүниежүзілік өнер академиясының академигі, көрнекті суретші Болат Мұхамедиевтің «Уақыт резонансы» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 08 Қазан, 2024
Жетісу облысында Әбілхан Қастеевке ескерткіш орнатылды
Бүгін Жетісу облысының Талдықорған қаласында Қазақстанның Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің ескерткіші орнатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2024
Павлодарда жас суретшілердің көрмесі өтті
Павлодарда жас суретшілердің туындылары қойылған «Наурыз бояулары» атты көрме өтті. Іс-шара 16 наурыз - «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні мерекесіне орай ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Фотогалерея • 16 Наурыз, 2024
Әлеуметтік желіде түркі халықтары әйелдерінің образы бейнеленген кілемдерді көзіңіз шалған болар? Тың туындылардың авторы - Әсел Сабыржанқызы Egemen.kz сайтына сұхбат беріп, шығармашылығы туралы баяндап берді. Толық сұхбатты сайтымыздан оқи аласыздар.
Тұлға • 14 Қаңтар, 2024
14 қаңтар – Қазақтың әйгілі суретшісі Әбілхан Қастеев дүниеге келген күн
120 жыл бұрын қазақтың әйгілі суретшісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР халық суретшісі, Қазақ КСР-ің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбілхан Қастеев дүниеге келді. Туып-өскен жері – Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956). Әбілхан Қастеев (1904 – 1973 жж.) халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 16 Қазан, 2023
Жасанды интеллект суретшілерді алмастыра ала ма?
Соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан жасанды интеллект мүмкіндіктері, соның ішінде қылқалам өнері, шығармашылық индустрия ортасында алаңдаушылық туғызып отыр. Қазір нейрожелілер көркем шығармаларды жасаудың жаңа құралы ретінде белсенді қолданылады, оған студенттер де білдей сала иелері де машықтанып алған. Себебі ол арнайы білім беруді қажет етпейді, өнер саласында таза техникалық дағдыларға ие болу қажеттілігінен де арылтады.
Еңбек • 24 Қыркүйек, 2023
Екі саусақпен портрет салатын суретші
Кәсібилік пен еңбексүйгіштік қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет екендігі Мемлекет басшысының әрбір Жолдауында ерекше айтылады. Абай атамыз «Әуелі өнер ізделік, қолдан келсе» деген сөзінде «қолдан келсе» деп өнердің өлшеусіз еңбекті қажет ететіндігін ескертеді. Бірнеше жылдан бері елімізде кәсіби мереке ретінде аталып өтетін «Еңбек күні» қарсаңында өнер адамымен сұхбаттасқан едік. Біз сөйлескен азамат осыдан ондаған жыл бұрын кездейсоқ оқиға салдарынан үш саусағынан айырылса да, өнерін дамытып жүр. Екі саусақпен ғана портрет салатын суретші - Жанболат Бабаков.
Көрме • 26 Шілде, 2023
Павлодарда «сөйлейтін» көрме ашылды
Павлодар қаласында қоғамдағы өткір мәселелерді көтерген сурет туындылары қойылған көрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 17 Ақпан, 2022
Тіршілігінде тозаққа түскендер
«Елдің Ыбырайы – Ыбырай, біздің Ыбырай – сұмырай» демекші, бұл жолғы шығарманың бас кейіпкері барып тұрған оңбаған, көргенсіздің есебінде суреттеледі және онысын өзі біле тұра қолдан жасайтынға ұқсайды. Елге жақпайтын сүйкімсіз әрекеттерге қасақана барады. Бірақ кемақыл, түйсіксіз пенде емес, суретші. Өте талантты әрі белгілі суретші. Сөйте тұра сүйкімсіз адам.
Өнер • 13 Желтоқсан, 2021
Алматыда «Тәуелсіздік кемесінде» атты суретшілер көрмесі өтті
«Тәуелсіздік кемесінде» атты көрмеде суретші Нұржан Сауытбеков те өзінің жаңа туындысын көрсетті. Ол жас авторларды қолдау мен шабыттандырудың қажеттігін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 12 Тамыз, 2021
Осы суретке қараған сайын, одан бір жылылық көрем. Ата мен әже алдарына немересін алып, соның қызығына тоймай, тамашалап отыр. Бала күнімізде осы көріністі ауылда жиі көрдік. Ата-әжеміз бізді де осылай алдарына алып, қызықтап отыратын. Жалпы, бұл туындының маңызы зор, қараған жанға мазмұнды ой салады. Автор осы суреті арқылы әке-шеше мен баланың арасындағы байланыс, ұрпақ жалғастығы деген өмірлік қағиданы көркем жеткізеді. Мұны суретші 1968 жылы қарындашпен салыпты. Оның иесі ұлттық бейнелеу өнерінде қайталанбас қолтаңбасын қалдырған көрнекті қылқалам шебері Шаймардан Сариев.
Қазақстан • 10 Маусым, 2021
Қазақстандық суретші әйгілі Louis Vuitton сән үйінен шақырту алды
Қазақстандық суретші әйгілі Louis Vuitton сән үйінде қызмет етуге шақырту алды. Анейля Ибраимова Ұлыбритания, Оңтүстік-Африка мен Ирландиядағы танымал сауда желілері мен сәнқойларға арнап қол сандықтарын безендіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 31 Наурыз, 2021
Елбасы кітапханасында ауған суретшісінің көрмесі ашылады
2 сәуірде, сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасының кітапханасында Ауғанстан суретшісі Фаряди Мохаммад Масудтың «Ауған өнерінің сыйы» атты көрмесі ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 19 Тамыз, 2020
Жас суретшілер Австрияға жолдама алды
Балалар арасында ұйымдастырылған "Жануарлар – менің достарым!" республикалық конкурсы мәреге жетті, - деп хабарлайды Egemen.kz.