тасқын
Аймақтар • 16 Сәуір, 2024
Су тасқыны: ел бойынша бүгінгі ахуал қандай?
Төтенше жағдайлар министрлігі әр сағаттың басында су тасқынына байланысты жағдайды баяндап жатыр. ОКҚ алаңында өткен брифингте ведомствоға қарасты Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш бірқатар мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2024
Тасқыннан зардап шеккен өңірлерге елдің түкпір-түкпірінен көмек легі толассыз жеткізіліп жатыр. Гуманитарлық көмектен өзге, ауыр техникалардың қажеттілігі де арта түсті. Осыған орай Қонаев және Алматы қалаларындағы станциялардан Батыс Қазақстан облысына су тасқынымен күресу үшін арнайы және инженерлік техникалар тізбегі жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2024
Оралда тасқынмен күрес амалдары күшейтілді
Батыс Қазақстан облысында тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарды қорғау шаралары күшейтілді. Атап айтқанда, Оралда «Батыс су арнасы» ЖШС, «Жайықжылуэнерго» АҚ нысандары мен сорғылау стансасында су тасқынына қарсы жұмыстар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай • 16 Сәуір, 2024
Жамбыл облысында 300-ден астам отбасы тұратын ауылды су басты
Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Тараз қаласының маңындағы Жамбыл ауданына қарасты Жасөркен ауылын су басты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 16 Сәуір, 2024
Қара бетперде киген жұмбақ жігіт су тасқынынан зардап шеккендерге 1 миллион доллар бөлетінін айтты
Қара бетперде киген жұмбақ жігіт су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 1 миллион доллар (450 000 000 теңге) бөлетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2024
Су тасқыны: Павлодар облысында жаңа үйлер салынады
Павлодар облысында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға жаңа тұрғын үйлер салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 15 Сәуір, 2024
Су басқан ауыл тұрғындарын залалды бағалау жөніндегі комиссияға енгізу ұсынылды
Сенат депутаты Әсем Рахметова Солтүстік Қазақстан облысындағы Қызылжар ауданында Бескөл, Тепличное, Мичурино ауылдарының, сондай-ақ Петропавл қаласындағы Кожевенный, Заречное, Подгорное шағын аудандарында эвакуацияланған тұрғындармен кездесті, деп жазады Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Сәуір, 2024
Су тасқыны-2024: биыл су неге көп?
Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ табиғи қауіптер зертханасының бас ғылыми қызметкері Николай Попов қазіргі су тасқыны жағдайы тұрғысында пікірін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 15 Сәуір, 2024
Су тасқынымен күрес: арнайы техника ҚТЖ арқылы жеткізіледі
ҚТЖ арнайы техниканы Қазақстанның басқа өңірлерінен су басу аймақтарына жедел жеткізу үшін вагондар бөлетінін хабарлады. Тиісті тапсырманы вице-премьер Қанат Бозымбаев берді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 15 Сәуір, 2024
Астананы су басу қаупі бар ма? ТЖД жауап берді
Елорданың Төтенше жағдайлар департаменті Астана аумағында орналасқан Есіл өзенінің өлшеу стансаларында судың орташа деңгейі 615 сантиметрді құрағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 15 Сәуір, 2024
Тасқынның келесі толқынына дайындық: Премьер-министр Оралға барды
Премьер-министр Олжас Бектенов су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру мақсатында Орал қаласына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2024
Тасқынға тосқын: Атырауда қызыл сумен күрес қарқынды жүріп жатыр
Атырау маңындағы Зарослый аумағында 4 шақырым жерге бөгеттер қойылды. Қаланы тасқыннан қорғау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Сәуір, 2024
Петропавлда жабайы қабан, қасқыр жүргені рас па?
Су тасқыны аймақтарында көрінеу жалған ақпарат тарату әрекеттері тыйылмай тұр. Ішкі істер министрлігі «Петропавлда тасқын сумен бірге жабайы қабан, қасқыр пайда болды» деген сарында жалған хабарлама таратқан тұрғындарды анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2024
«Үйіңізді су басуы мүмкін». Орал қаласының әкімдігі үндеу жасады
Орал қаласының әкімдігі Ресей аумағынан келетін судың мол мөлшері аймаққа 2-3 күнде жетуі ықтимал екенін айтып, дабыл қағып отыр. Осыған байланысты әкімдік тұрғындарды эвакуациялануға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2024
Атырауда тасқын суын қабылдайтын орындар дайындалып жатыр
Қазақстанда су тасқыны қаупі әлі де сейілер емес. Елдің 8 өңірінде төтенше жағдай режимі сақталып тұр. Соның ішінде Атырау облысында тасқын суды қабылдау үшін каналдарда бос орындар дайындалып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Сәуір, 2024
8 облыста төтенше жағдай режимі сақталып тұр
Бүгін Орталық басқару орталығында өткен брифинг барысында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш облыстағы су тасқынына қатысты жағдай туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2024
СҚО-да тағы бір ауыл тұрғындары эвакуацияланды
Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір ауылдың тұрғындары эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Сәуір, 2024
Боксшы Канело еліміздегі су тасқынына алаңдаушылық білдірді
Қазақстандағы су тасқынына алаңдайтындардың қатарында боксшы Канело да бар, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2024
Ақмола облысында жолды су басып қалды
Ақмола облысында жолды су басып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Сәуір, 2024
Су басқан аудандарға 900 тоннадан астам топырақ төселді
ТЖ режимі Қазақстанның батысы мен солтүстігіндегі бірнеше өңірдегі жергілікті аймақтарда әлі сақталып тұр. Сонымен қатар Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін деген болжам бар. Қазір қауіпті аймақтардан адамдарды уақтылы эвакуациялау және су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қажетті көмек көрсету басты міндет болып қала береді. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 14 Сәуір, 2024
Су тасқыны: елімізде 4870 үй су астында қалды
Су тасқыны басталғалы 107 465 адам, оның ішінде 38 627 бала қауіпсіз жерлерге жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 14 Сәуір, 2024
Су тасқынының екінші толқыны үш өңірде күтіледі – Қазгидромет
14 сәуірде «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз хатшысы Алина Ісмағұлова су тасқынының екінші толқыны үш өңірде, атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы және Атырау облысында күтілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Сәуір, 2024
Құлсарыда су басқан үйін көруге кеткен әкесі мен баласы көз жұмды
Бүгін, 14 сәуірде сағат 13:40-та ТЖД күштерімен 2000 жылы туған жігіттің денесі өз тұрғын үйінен 1 км қашықтықта 1,5 м тереңдікте су астынан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2024
БҚО: Алты өңірден қосымша күш келді
Сәуір айы басталғалы Батыс Қазақстан облысы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режімінде өмір сүріп жатыр. Бұл уақыт – әсіресе құқық сақшылары үшін аса жауапты кезең, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Сәуір, 2024
Депутаттар үлкен нөпірмен су келе жатқанына алаңдаулы
Мәжіліс депутаттарының еліміздің су басқан өңірлеріне сапары жалғасып жатыр. Кеше Еділ Жаңбыршин, Абзал Құспан, Ринат Заитов, Мақсат Толықбай және Нартай Сәрсенғалиев Атырау қаласында, Махамбет ауданы мен Құлсары қаласында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Сәуір, 2024
Елімізде 4,8 мыңнан астам үй әлі де су астында
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш еліміздегі су тасқыны жағдайы туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Сәуір, 2024
16 санаторий зардап шеккендерді тегін қабылдайды
Денсаулық сақтау министрлігінің Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ қатысуымен көмек шеңберінде зардап шеккендерді тегін қабылдайтын 16 санаторийлік-курорттық ұйым айқындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Сәуір, 2024
Десантшылар Орал маңы аудандарында тасқынға тосқауыл қойды
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің Жетісу, Алматы гарнизондарынан келген 300-ден астам әскери қызметшісі, оның ішінде мерзімді қызметтің 50 сарбазы Батыс Қазақстан облысындағы Жайық, Шаған, Дерқұл, Көшім өзендері мен олардың салаларының жағалауын нығайту жұмыстарына тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Сәуір, 2024
Тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсету жалғасады
Қазіргі таңда еліміз соңғы 80 жылдағы ең үлкен су тасқынына тап болып отыр. Соның салдарынан алпыстан аса елді мекен сыртқы қатынаспен байланысын үзген. Әсіресе, батыс, шығыс және солтүстік өңірлеріндегі жағдай қиындап барады. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне қарағанда, соңғы екі күнде су басқан аумақтардан 80 мыңға жуық адам эвакуацияланып, 4000 мыңнан астам тұрғын үй мен 500-ге тарта аула аумағы су астында қалған.
Аймақтар • 13 Сәуір, 2024
Су тасқыны: Петропавлда халықты эвакуациялау жалғасып жатыр
Петропавл қаласында су басу қаупі бар аудандардан халықты эвакуациялау жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.