Қазақша
Кино • 03 Қараша, 2024
Голливуд фильмдерінің қазақ тілінде дыбысталуы үлкен жетістік - Аида Балаева
Соңғы кездері Sony, Disney және Pixar сияқты ірі студиялар фильмдерін қазақ тілінде дубляждап шығарып, қазақ дубляжының өрістеуіне жол ашып отыр. Бұл үрдіс тіліміздің әлемдік деңгейде насихатталуына тың серпін береді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Қазан, 2024
Балалар сапалы қазақша мультфильмдерді көруі тиіс - Асхат Аймағамбетов
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қазақ тіліндегі мультфильмдердің өте аздығын, ал YouTube сияқты қолжетімді платформаларда мүлде жоқтың қасы екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 22 Қазан, 2024
Кинотеатрларда «Веном. Соңғы би» туындысы қазақ тілінде көрсетіледі
Танымал туындыларды қазақша сөйлеткен әлемдік студиялар қатары толықты. Disney мен Pixar студияларының қазақ тілін қолдау бастамасын Sony Pictures компаниясы жалғастырды. «Venom: The Last Dance» фантастикалық экшн туындысы 24 қазаннан бастап көрсетіле бастайды. Әлемдік үздік фильмді «Қазақ тілі» қоғамының ұсынысымен Sony Pictures өз қаражатына аударып, дубляждаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 06 Маусым, 2024
Балаларға арналған қазақша контент жасаушыларды қолдау керек - Мәулен Әшімбаев
Бұл жөнінде Сенат Төрағасы Палата отырысында масс-медиа туралы заңды қарау барысында айтты. Мәулен Әшімбаев кеше қазақ тілінде контент жасап жүрген креативті индустрия өкілдерінің форумында осы мәселе кеңінен талқыланғанын айтып, оларды қолдау маңызды міндет екенін айта кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 15 Наурыз, 2024
Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады - Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші жиынында ел тағдыры үшін өзекті мәселелерге тоқталды. Президент қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту - мемлекеттің басты бағыты, мызғымас ұстанымы екенін айрықша нұсқады, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 31 Қаңтар, 2024
Жас өнертапқыш жасанды интеллектіні алғаш рет қазақ тілінде сөйлетті
Қызылорда облысына қарасты Сырдария ауданының жас тұрғыны, 11-сыныпта оқитын Асылжан Абдуллаев жасанды интеллектіні алғаш болып қазақша сөйлеткенін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ведомствоның телеграм арнасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2023
Павлодар облысында бірнеше елді мекен атауы қайта аталады
Облыстық мәслихаттың VIII кезектен тыс сессиясында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысы Медет Тауасқан бірлескен қаулы мен шешім жобасымен таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 13 Желтоқсан, 2023
Мереке қарсаңында «Қазақша Quiz» интеллектуалды сайысы өтті
Елордада Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Қазақша Quiz» интеллектуалды сайысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz turanews.kz сайтына сілтеме жасап.
Аударма • 16 Қараша, 2023
«Кемал Ататүрікті еске алғанда» кітабының таныстырылымы өтті
Бүгін Түркі Академиясы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Түркия Республикасының елшілігімен бірлесіп «Түркия Республикасының 100 жылдық белесінен Түркі әлемінің болашағына» тақырыбында халықаралық конференция өткізді. Аталған жиын Түркия Республикасының 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
Қоғам • 27 Қазан, 2023
Тегіңізді қазақшалағыңыз келсе…
Бүгінде -ов, -ев, - ова, - ева жалғауы бар тектерді иеленген ел азаматтарын жиі кездестіреміз. Қазіргі таңда аты-жөнді өзгерту соншалықты қиын іс емес. Оған көп құжат жинап, сабылудың да қажеті жоқ. Egemen.kz тілшісі мұндай жалғаудан арылғысы келетін оқырмандарға аз-кем ақпарат ұсынады.
Қоғам • 17 Тамыз, 2023
«Қазақша ойлай бастадым»: ұлты орыс жігіт қазақ тілін қалай үйренгенін айтты
Әлеуметтік желіде танысымен қазақ тілінде еркін сөйлесіп отырған орыс жігітінің видеосы тарап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Шілде, 2023
Мақаланың маңдайына жазғандай әңгіме Алексей жайлы. Дәл қазір біз үшін бұл Алексейдің басқа «алексейлерден» бағасы биік болып тұр. Иә, мәселе – оның сөзінде… Ол неге таза қазақша сөйлейді? Не себепті қазақ мектебіне барады? Мемлекеттік тілді білмегендерді мәңгүрт санайды. Оқушыға бұл сындарлы ой қайдан келді, мақсаты не? Біз бүгін соны айтамыз.
Қоғам • 25 Мамыр, 2023
Қазақша мәтінді дыбыстайтын Telegram-бот іске қосылды
Елімізде «Тіл-Қазына» орталығының IT-мамандары қазақ тіліндегі мәтінді дыбысқа айналдыратын Telegram-бот әзірлеп, іске қосты. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Мамыр, 2023
Самокаттың қазақшасы «белесепет» пе еді?
«Самокат» сөзінің қазақша аудармасы termincom.kz бірыңғай республикалық терминологиялық электронды базасында «белесепет» деп тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Мамыр, 2023
Мен әлем алдында қазақша сөйлеуден қысылмаймын – Жәнібек Әлімханұлы
WBO бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы 14 мамырда өтетін жекпе-жек алдында сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Сәуір, 2023
Қарағанды облысындағы ауылдарға қазақша атау беріледі
Қарағанды облысына қарасты бірнеше ауыл мен елді мекенге қазақша атау беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Қазан, 2022
Қазақстанда Тайқазан туралы мультфильм түсіріліп жатыр
Қазақстандық анимация саласы тағы бір төл туындымен толығады. Режиссер Қуаныш Нағыз «Тайқазан хикаясы» атты мультфильм түсіріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қазан, 2021
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2021
«Уақыттың шындығы осы»: Дариға Назарбаева мемлекеттік тілді дамытудың жолын айтты
Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры Дариға Назарбаева елдің шығармашыл қауымын қазақ комиксін дамыту ісіне атсалысуға шақырды, хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Тамыз, 2021
«Мен қазақша сөйлеймін» акциясының жеңімпаздары анықталды
Бүгін «Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясының ІІІ кезеңіне қатысқан ЖОО студенттері мен ересек тұрғындары марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Шілде, 2021
«Мен қазақша сөйлеймін» акциясының жеңімпаздары анықталды
«Мен қазақша сөйлеймін» Республикалық акциясы екінші кезеңінің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 26 Қазан, 2020
Орскіде онлайн қазақ сыныбы ашылды
Орск қаласында қазақ сыныбы жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 11 Маусым, 2020
Димаш Құдайбергеннің алғашқы қазақша альбомы жарық көреді
Әнші Димаш Құдайберген ең алғашқы қазақша альбомын әзірлеп жатыр. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.