Редакция таңдауы
Досжан хазірет кесенесі жөнделіп жатыр
Шұбарқұдық маңындағы бұдан 150 жылдай уақыт бұрын салынған, өз кезеңінде осы аймақтағы барша қазақтың сүйініші, сүйеніші, жақсы үміті болған, кейіннен кеңес билігі дүкен, астық қоймасы, мал қора ретінде «пайдаланып», ақырында керексіз ғып қалдырған Досжан хазірет мешіті мен оның айналасында былтырдан бері қызу жұмыстар жүріп жатыр.
11 Тамыз, 2020
Қытай мен Иран стратегиялық серіктестік орнатуға ынталы
Өткен айда Иранның сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зариф Тегеран билігінің Бейжіңмен ұзақ мерзімді стратегиялық ынтымақтастық орнатуға бір қадам қалғанын мәлімдеген-ді. New York Times газеті таратқан ақпаратқа сүйенсек, жоспар бойынша Қытай Иранға 400 млрд доллар көлемінде инвестиция салмақ. Бұл қаражат банк секторына, транспорт жүйесі мен дамуға жұмсалмақ. Мұның есесіне Бейжің билігі Иранның арзан мұнайын алдағы 25 жыл бойы алып отырмақ.
11 Тамыз, 2020
Бағынышты қызметкердің кесірі...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: «Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілеу керек», деген болатын. Осы орайда қол астындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлығы үшін басшылардың жұмыстан босатылуы, сондай-ақ тәртіптік жазаға тартылуы жөнінде соңғы кездері заңнамалық норманың орындалуы барысына аз-кем тоқталғанды жөн көрдік.
11 Тамыз, 2020
Медициналық сақтандыру жүйесінде болмауыңыздың 6 себебі
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына тұрақты түрде жарна төлеп жүрген елорда тұрғыны, Egov арқылы тексергенде немесе телеграмм бот арқылы қарағанда МӘМС мәртебесі «сақтандырылмаған» деп көрсетілсе, оның себебін анықтап, білу керек. Біз бүгін ең жиі кездесетін 6 себепке тоқталамыз.
11 Тамыз, 2020
Сайлауға дайындық барысы талқыланды
Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) кезекті отырысында 12 тамызда өтетін Парламент Сенаты депутаттарының сайлауына дайындық мәселесі қаралды.
11 Тамыз, 2020
КВИ шеңгелі шектеулерді алдырмай отыр
Британ үкіметі бір күнде 892 адамнан вирус анықталғаны жайында мәлімдеді. Осылайша тұманды Альбионда ауру жұқтырғандар 307 184 жанды құраған. Індет корольдіктің 46 364 азаматының өмірін жалмап, пандемия кезінде 17 210 335 вирусқа тест тапсырылыпты.
11 Тамыз, 2020
Тегін дәрі-дәрмек кімге тиесілі?
Пандемия кезінде дәрі-дәрмек мәселесі біраз дүрбелең туғызды. Дәріханалардың алдын тоздырған жұрт препараттардың бағасын, сапасын, тапшылығын айтып, жиі шағымданды. Осы мәселелер Орталық коммуникациялар қызметі алаңында кеңінен қозғалды.
11 Тамыз, 2020
«Абай академиясының» ауқымды жобасы
Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ұлы ақын А.Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абай академиясы» сериясы бойынша жарық көрген кітаптардың таныстырылымы болып өтті.
11 Тамыз, 2020
Бүгін Абай жайлы әр жылдары түсірілген фильмдер кеші өтеді
10 тамыз күні ұлы ақын және ағартушының мерейтойын тойлау аясында Абай Құнанбаевтың өмірі жайлы әртүрлі жылдары түсірілген фильмдер кеші өтеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Тамыз, 2020
Шымкентте Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Бүгін Шымкентте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мен қалалық мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Тамыз, 2020
Жаркент өңіріне жылдамдығы жоғары интернет желісі жетті
Дерек бойынша Қазақстанда интернет тұтынатын абоненттер саны 17,5 млн адамға жеткен. Оның ішінде 15 млн тұтынушы ғаламтор қызметін ұялы байланыс желісі арқылы пайдаланып отыр. Ал осы сәтте елімізде жылдамдығы жоғары әрі кеңжолақты интернетті қолданатын 14 млн 800 абонент бар, - деп хабарлайды egemen.kz.
10 Тамыз, 2020
Жамбыл облысында ауруханалар қалыпты жұмысқа көшуде
Соңғы жағдайлар бойынша Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырудың 3889 дерегі тіркелген. Оның ішінде 1693 адамнан коронавирус белгілері анықталса, 2196 жағдай симптомсыз болған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Тамыз, 2020
Ливанда үшінші министр отставкаға кету туралы өтініш берді
Ливанның әділет министрі Мари-Клод Наджем отставкаға кету туралы өтініш берді, - деп хабарлайды Egemen.kz
10 Тамыз, 2020
200 мың науқасқа жететін дәрі-дәрмектің 50 түрі әзірленді
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
10 Тамыз, 2020
Президент: Абай – ұлтымыз бен жұртымызды танудың төте жолы
Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Абай – рухани реформатор» атты мақаласында Ұлы ақынның мұрасы мен өнегесіне қатысты пікір білдірді.
10 Тамыз, 2020
Майдан басылымындағы мерейтойлық мақала
Он жыл бұрын белгілі түрколог ғалым Алтай Аманжоловтың Алматы қаласының Сәтпаев пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында орналасқан үйінде болып, әңгімелесудің сәті түскен еді. Ол – тіл ғылымының білгірі, көрнекті ғалым Сәрсен Аманжоловтың баласы. Әкелі-балалы ғалымдардың қазақ ғылымының құлашын кеңге сермеуіне қосқан үлесі зор.
10 Тамыз, 2020
Абай – адамша өмір сүрудің үлгі-өнегесі
Абай мұрасы мәңгілік тақырып. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, ҰҒА-ның корроспендент-мүшесі Кенжехан МАТЫЖАНОВПЕН өрбіген сұхбатымызда хакім шығармаларын зерттеп-зерделеудің бүгінгі өрісі, саф мұраларды таным тұрғысынан саралау, таяу күндері жарыққа шығатын академиялық жинақтың мән-маңызы туралы орамды ойлар айтылды.
10 Тамыз, 2020
Біз тарих, қоғам туралы ойланғанда арғы-бергі өткен ойшылдардың пікірлерінен аттап кете алмайтынымыз ақиқат. «Ұят, ұят, ұят – міне бүкіл адамзат тарихы осы!» деген ащы сөзді Фридрих Ницше тегін айтпаған. Бұл сөзден барлық адамзат баласы жасаған күллі күнәлардың баршасы қараңғыдағы шоқтай болып, көздері қызара жылтырап, тесіле қарап тұрғандай сезіледі. «Білімнен асар қазына жоқ, ақымақтан асар жауың жоқ, білімнен биік бедел жоқ, ұяттан артық әшекей жоқ» деген сөзді Сократ айтқан деседі. Ал Абай 36-қара сөзінде ұят туралы айтып келіп: «Ұят кімде болса – иман сонда» деген...
10 Тамыз, 2020
Мұхтар ағаның кез келген дүниесі елең еткізсе керек. Даусыз. Өйткені шөпті де, шөңгені де шимайлап, киелі қаламын текке былғамайды. Оймақтай ой айтса да елдік тұрғысынан қозғауы ежелгі мұраты.
10 Тамыз, 2020
10 тамыз – «Абай күні» деп белгіленіп, мемлекеттік мерекелер тізіміне енгізілді. Ұлы ақынға көрсетілген жоғары құрмет – ұлттық руханиятымыз бен әдебиетімізді дамытуға және сөз өнерін қастерлеуге жасалған тарихи қадам.
10 Тамыз, 2020