Редакция таңдауы
ҰБТ-2020: қорытынды көңіл көншіте ме?
Ұлттық бірыңғай тестілеудің жылдағы «жыры» грант тағайындалып, мемлекеттік білім беру грантын иеленгендердің тізімі жарияланған соң бітетін. Биыл бұлай біте салмады. Білім беру гранттарын тағайындау бойынша Мемлекеттік комиссияның шешімінен кейін қолда тұрған грантынан айырылып қалғандар болды. ҰБТ-ның орташа ұпайы төмендеді, шекті балл жинаған талапкерлердің саны айтарлықтай азайды.
21 Қыркүйек, 2020
Жергілікті билік өзге елдерде қалай сайланады?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында жергілікті өзін өзі басқаруды дамытудың кезі келгенін, соған сәйкес жаңа тұжырымдама әзірлеу мен жергілікті басшылардың құзыреті мен жауапкершілігін арттырудың қажеттілігіне тоқталды. Сондай-ақ Президент алдағы уақытта ауыл әкімдерін тікелей сайлауды ұсынды. Бұл тәжірибе бірқатар шет мемлекетте әлдеқашан қолданысқа енген. Осы орайда аймақ басшыларын халқы сайлайтын мемлекеттердің тәжірибесіне шолу жасап көрген едік.
21 Қыркүйек, 2020
Қытай үкіметі жеке ақпараттарға, қауіпсіздікке нұқсан келтіреді деп бірқатар мемлекетте тыйым салынған Tik tok қосымшасының АҚШ-пен жұмыс істеуіне қарсылық білдіретінін хабарлады.
21 Қыркүйек, 2020
Тамыз айы төл валютамыз үшін жайлы болды. Бір айдың бедерінде бағамы 1 АҚШ долларына шаққанда 412-418 теңгелік дәлізден асқан жоқ.
21 Қыркүйек, 2020
Індеттің қайта өршуіне жол бермеу керек
Елдегі эпидемиялық ахуал тұрақталып, коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші едәуір төмендеді. Алайда босаңсымау керек екені қатаң ескеріліп, індеттің екінші толқыны болжанып отырған тұста жағдай барынша бақылануда.
21 Қыркүйек, 2020
Олег Свет: «Абай тағылымын Құнанбай бейнесі арқылы ұғындырамын»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қазақ КСР білім беру ісінің үздігі Олег Григорьевич Свет өзі жұмыс істейтін Ақтөбедегі №9 орыс мектеп-гимназиясында «Абайтану» курсын жүргізеді. 35 жылдан астам орыстілділерге қазақ тілін ұғындырып келе жатқан тәжірибелі педагог Абайды түсіну үшін Құнанбай құбылысын зерттеу керек дейді.
21 Қыркүйек, 2020
Биыл ерте көктемнен ел ішіне індет таралып, оған қарсы күрес барысында түрлі шектеулер енгізілгені белгілі. Көптеген мекеме жұмысын қашықтан, онлайн жүргізіп жатты. Жүріс-тұрыс азайып, барыс-келіске тыйым салынды. Біраз жұрттың зерігіп, жұмыс орнын аңсағанын әлеуметтік желіден-ақ аңғару қиын емес еді. Осындай өзгерісті байқаған туристік агенттіктер туристерді ел ішінде саяхаттатудың жолын қарастыра бастады. Бұдан бөлек агротуризмге қызығушылардың да қатары артқаны байқалды. Осы бағыттағы сапарлардың біріне біз де барып қайтқан едік.
21 Қыркүйек, 2020
Рут Бейдер Гинзбург қайтыс болды
АҚШ Жоғарғы сотының мүшесі Рут Бейдер Гинзбург 87-ге қараған шағында қайтыс болды. Оның қатерлі ісікке шалдығып, науқастанып жүргеніне біраз уақыт болған-ды.
21 Қыркүйек, 2020
Ыбырай Алтынсариннің «Мұсылмандықтың тұтқасы» атты кітабында, Жаратушының пенделеріне әуелі парыз еткендерінің ең үлкені иман болса керек. Одан соң дін ғылымы тұрады. Осылайша иман мен дін ғылымын үйреніп, сол бойынша істелетін іс-әрекеттерді амал деп айтады деп көрсетеді. Әрбір жақсы адамдардың да асыл түбі иманнан, яғни бір нәрсеге шын жүрегімен иланудан келеді дейді.
21 Қыркүйек, 2020
Өткеннің тәжірибесін де ескерген жөн
Осыдан біраз уақыт бұрын елімізде ауыл әкімдерін сайлау науқаны болған еді. Яғни сайлау тәжірибесі арқылы әкімдер аудандық мәслихат депутаттарының дауыс беруімен сайланған болатын. Нәтижесінде, бірқатар ауылдық округтің әкімдері сайланып, жұмыстарын бастап та кетті. Дегенмен, халықты басқару, өзіне артылған міндеттерді мүлтіксіз орындау, жауапкершілікті өз мойнына алу ауыл әкімдері үшін оңай болған жоқ. Бүгінде тұрғындар тарапынан да сол ауыл әкімдеріне қатысты сын жиі айтылады. Әсіресе ауылдықтар көше, жарық, су және тағы да басқа мәселелерді жиі көтеріп, оның шешілуін жергілікті әкімдерден талап етеді. Сонымен қатар кейбір әкімдердің өзіне жүктелген міндеттерді толығымен орындамай жауапкершілікке тартылып жататыны бар.
21 Қыркүйек, 2020
Курсанттар әскери-техникалық мамандықты тегін негізде алды
Қорғаныс министрлігі Алматы филиалының әскери-техникалық мектебінде курсанттар үш айлық оқуды тәмамдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қыркүйек, 2020
Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына Алматының дамуына қосқан үлестері үшін алғысын білдірді
Бүгін, қала күні «Қаланың құрметті азаматы» атағын беру және «Еңбегі үшін» төсбелгісін табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қыркүйек, 2020
Шымкенттік ғалымдар ауыл шаруашылығы саласында ақылды технологиялар дайындап жатыр
Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің М.Әуезов атындағы ОҚУ ұжымымен кездесуі кезінде белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қыркүйек, 2020
Атырауда 1000 текше метрден астам су сорылды
Сенбіде Атырауда толассыз жаңбыр жауды. Қала көшелері суға толды. Осыған орай коммуналдық қызмет көліктері су соруға кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қыркүйек, 2020
АШМ басшылығы аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды бақылау үшін СҚО-ға келді
Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың тапсырмасымен вице-министр Гульмира Исаева бастаған арнайы топ Солтүстік Қазақстан өңіріне келіп, облыста жоғары патогенді құс тұмауының таралуына жол бермеу мақсатында жасалып жатқан кешенді шаралардың барысын тексерді. Бұл туралы ҚР АШМ Баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
20 Қыркүйек, 2020
Өскеменде адам өлтіруге оқталған азамат ұсталды
Өскеменде полицейлер "адам өлтіруге оқталды" деген күдікпен 25 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қыркүйек, 2020
Оқиға 19 қыркүйекте Қарақия ауданында Шопан ата киелі орнына барар жолда орын алған. Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты дағдарыс жағдайларының басқармасына дельтаплан атты моторсыз ұшатын аппараттың құлағаны жайлы хабарлама келіп түскен. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
20 Қыркүйек, 2020
Маңғыстаулықтар жаһандық тазалауға қатысты
Ақтауда "Дүниежүзілік тазалық күні" 19 қыркүйекте таңғы сағат 10:00-де басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қыркүйек, 2020
Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК Қазақтанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қыркүйек, 2020
Коронавирус белгілері бар пневмониядан 5 адам қайтыс болды
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 20 қыркүйекте тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қыркүйек, 2020