Редакция таңдауы
Жыл сайын жаз айларында өткізілетін негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу уақыты жақындағанда талапкерлерге рұқсат етілмеген заттарды қолдануға жол бермеу жөнінде жиі айтып, адалдыққа үндейміз. Оқушыларын жоғары сыныптан бастап болашағы шешілетін маңызды тестілеуге дайындап жүрген мұғалімдер де шәкірттерін әділ жолмен биікке жетуге шақыратыны анық. Ал сол педагогтердің өзі түрлі қитұрқы әрекетке барып, заңды белден басса не болады? Осындайда «тұз сасыса не себеміз?» дейтін салмақты сұрақ ойға оралады.
22 Маусым, 2020
Жұмысы бірдей, жалақысы әртүрлі...
Атыраудағы жобаларға жұмысқа тартылған шетелдік жұмысшыларға бірнеше есе көп жалақы төленетіні жасырын емес. Ал, қазақстандық мамандар олардан әлденеше аз еңбекақы алады. Бұл мәселе көптен бері қозғалып жүр. Тіпті былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге келген сапарында бұл мәселеге айрықша назар аударған еді. Содан бері жалақы айырмашылығын жою үшін не істелді?
22 Маусым, 2020
Мемлекеттік қызметте бос орын неге көп?
Барлық істің сапалы орындалуы білікті маманға байланысты. Бірақ біздегі кадр саясаты жітілікпен жүргізілген, озық тәжірибеде деп айту қиын. Облыстық департаменттер мен басқармаларда мәселені шешуге тиісті кадрлардың орны бірнеше ай бойы бос тұрады. Былтыр заңнамаға енгізілген түзетулер бойынша конкурстық процедураларды оңтайландырып, бос орынға кадр қабылдауды үш кезеңнен екі кезеңге түсірген еді. Осының өзінде бос орынға өткізілетін конкурстың уақыты 32 күнге созылады. Ал мұны бос лауазымдық орынды жедел толтыру амалы деп айта алмайсың.
22 Маусым, 2020
Білім саласындағы бірегей бір жыл
Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында қалыптасқан жаңа ахуал білім және ғылым жүйесін түбегейлі реформалауды талап етіп отырғанын атап өтіп, бүкіл мемлекеттік саясатты соған сәйкес жүзеге асыратынымызды жеткізген болатын. Бұл елімізде аталған салаға қаншалықты назар аударылып отырғанын көрсетсе керек. Соңғы бір жылда отандық білім мен ғылым жүйесінде ауыз толтырып айтарлықтай бірқатар оң өзгеріс байқалады. Карантин шаралары аясында қашықтан оқуға көшкен төртінші тоқсан да, емтихан тапсыру мен диплом қорғау барысы да, тіпті бүгін басталған ҰБТ-ның алғашқы күні де ың-шыңсыз өтті. Сала жетекшілігіне келген Асхат Аймағамбетовтің қордаланған мәселелердің түйінін біртіндеп тарқата бастағанын білім беру ісінің қызметкерлері де қуаттап отыр. Бүгін редакциямызға әр өңірден келіп жатқан осы сипаттағы пікірлердің бір парасын жариялап отырмыз.
21 Маусым, 2020
Дәрігерлерге қолдау көрсету әрі қарай да жалғасын таба бермек - Байбек
Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram желісіндегі өзінің парақшасында Медицина қызметкерлерінің күнімен құттықтаған жазбасында осылай деді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Маусым, 2020
Алматыда ҰБТ қалай өтіп жатыр?
Бүгін, яғни 21 маусымнан елімізде Ұлттық біріңғай тестілеу басталды. Биыл тестілеуді тапсыруға 131 755 талапкер өтініш білдірген. Ал ҰБТ-ның алғашқы күні 6,5 мың адам тест тапсырады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Маусым, 2020
А.Аймағамбетов – санитария талаптары толығымен сақталуда
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтан қаласындағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті базасында орналасқан ҰБТ өткізу пунктінде болды. Ведомство басшысы талапкерлерді аудиторияларға кіргізу процесін бақылап, оларға сәттілік тіледі.
21 Маусым, 2020
Полицияның медицина қызметі қалғымайды
Бүгінгі "Медицина қызметкерлері күнімен" СҚО полицейлері өздерінің медициналық бөлімінің қызметкерлерін кеше құттықтады. Бұл бөлімнің қызметкерлері кәсіби мерекесін күшейтілген карантин режімі жағдайында қарсы алып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Маусым, 2020
Үйге бармағанына төрт ай болған дәрігер
Кеншілер астанасындағы облыстық клиникалық аурухананың бөлімше меңгерушісі Баянбек Аспандияровтың үй бетін көрмегеніне төрт ай болыпты. Арқа төсіне «жаман тұмау» қалай аяқ басты, сол кезден бастап бүгінге дейін инфекциялық госпитальда коронавируспен күрестің қалың ортасында жүр.
21 Маусым, 2020
ҰБТ-2020: мегаполистердегі талапкерлер тестілеу пунктіне жеткізіледі
Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.
21 Маусым, 2020
Елдің амандығы – отбасының тыныштығы
Батысқазақстандық дәрігер, мамандығы бойынша анестезиолог-реаниматолог Азамат Ізбасов – Сovid-19 індеті ел шетіне келгелі бері қауіпті дертпен алдымен кездескен маманның бірі.
21 Маусым, 2020
Әскери бөлімдер мен мекемелерді орналастыру нормалары әзірленді
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерін, мекемелері мен әскери оқу орындарын пәтерлерге орналастырудың заттай нормаларын бекіту туралы" ҚР Қорғаныс министрі бұйрығының жобасы әзірленді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
20 Маусым, 2020
Алматыда Шымбұлақ, Медеу, Көктөбе уақытша жабылды
Бүгін Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары Берік Солтанбаев Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифингте 20-21 маусым жаппай дезинфекциялау жүретіндіктен, қандай нысандардың қызметі тоқтатылатынын хабарлады.
20 Маусым, 2020
Елімізде тағы 128 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Қазақстанда тағы 128 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Маусым, 2020
Алматы полициясы қоғамдық орындардағы күзет қызметін күшейтті
Алматы полиция Департаменті демалыс күндері мегаполисте шектеу шаралары күшейе түсетіндігін еске салады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Маусым, 2020
Қазақстан мен Мажарстан арасындағы парламентаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов Мажарстан Мемлекеттік Жиналысының (Парламентінің) Төрағасы Ласло Кёвермен кездесті, - деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
20 Маусым, 2020
Елордалық полицейлер қауіпсіздік шараларын ескертуде
20-21 маусым күндері қосымша шектеу шараларының енгізілуіне байланысты полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне көшті, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
20 Маусым, 2020
Қазақстан және Солтүстік Македония арасындағы ынтымақтастық нығая береді
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Марғұлан Баймұхан Солтүстік Македония Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Жерновскимен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
20 Маусым, 2020
ДДҰ басшысы әлем пандемияның қауіпті жаңа кезеңіне өтіп жатқандығын ескертеді
Кеше ДДҰ 150 мыңнан астам жаңа COVID-19 оқиғасы туралы ақпарат алды. Қазіргі уақытта бұл күнделікті ең жоғары көрсеткіш, - деп хабарлайды Egemen.kz ұйымның сайтына сілтеме жасап.
20 Маусым, 2020
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 16779-ға жетті
Қазақстанда өткен тәулікте тағы 428 адам індет жұқтырды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Маусым, 2020