Редакция таңдауы
Алматы: Індет жұқтырғандар ішінде 4 бала мен 80-дегі қария бар
Алматы қаласында 25 сәуір күні коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталғандар саны 791 болды. Соңғы тәулікте мегаполисте 27 адам жұқтырған, олардың барлығы бұған дейін ауырғандармен қарым-қатынаста болғандар, яғни провизорлық госпитальдарда карантинде жатқандар.
25 Сәуір, 2020
100 мыңнан астам алматылық коммуналдық төлемге жеңілдік алады
Алматыда коммуналдық қызметтерге үкімет тарапынан өтелетін 15 мың теңгені алатындардың тізімі жаңартылды.
25 Сәуір, 2020
Елорда дәріханаларына 5 млн маска әкелінді - әкімдік
Елорда әкімдігі дәріханаларға қосымша 5 миллион медициналық маска жеткізгенін хабарлады.
25 Сәуір, 2020
Батыс Қазақстан: Вирус жұқтырғандар Ресейде жұмыс істейді
Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адам Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс істейді.
25 Сәуір, 2020
Полиция интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырады
Жыл басынан бері Петропавл қаласында 88 интернет-алаяқтық тіркелген. Осының өзі көрші мемлекеттегі алаяқтар белсенділігінің артқанын көрсетеді дейді солтүстікқазақстандық полицейлер.
25 Сәуір, 2020
2 мыңнан астам алматылықтың коммуналдық төлемдерін өтеу өтініштері қабылданды
Коммуналдық төлемдер бойынша байланыс орталығына 20 мыңнан астам қоңырау түскен. Алайда өтініш берушілердің басым көпшілігі төлемдерін қайта қарауды қажет етпейтін топқа жатады.
25 Сәуір, 2020
Көліктік бақылау инспекторларына жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалды
15 сәуірінде орын алған жол-көлік бақылау постының мамандарына қарақшылық шабуыл жасау фактісі бойынша Көкшетау қаласының полиция Департаментімен жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында аталған оқиғаға қатысы бар 5 күдікті азамат ұсталды. М/н E006TB72 Камаз 53205 автокөлік құралы айыппұл тұрағына қойылды. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
25 Сәуір, 2020
Алматы уақытымен 03 сағат 56 минут 34 секундта жерасты дүмпуі тіркелді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі хабарлады.
25 Сәуір, 2020
Түркістан облысында індет жұқтырғандар саны 85-ке жетті
Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 4 науқас тіркелді.
25 Сәуір, 2020
Балаларға базарлық. Ақыл мен байлық
Бұл жолғы ертегінің мән-мағынасы зор. Ағайынды ұлдарды әкесі қалай сынап көрді? Негізгі түйін қандай? Мұның бәрін төмендегі ертегіні тамашалап шығу арқылы біле аласыз.
24 Сәуір, 2020
Президент жамбылдық ардагерді мерейтойымен құттықтады
Ұлы Жеңіс күніне де санаулы күндер қалды. Осынау бейбіт күнге әулиеаталық ардагерлердің де қосқан үлесі зор. Бүгінде олардың кейбірі өмірден өтіп кетсе, кейбірі әлі күнге дейін ортамызда жүр. Сондай жандардың бірі – бүгінде 95 жасқа толып отырған Ұлы Отан соғысының ардагері, Жамбыл облысының және Тараз қаласының Құрметті азаматы Тілеуқабыл Төребеков.
24 Сәуір, 2020
Ғылмани хазіреті ажалдан қалай аман қалды?
1929 жылдың күзі. Кеңес үкіметі дәулетті адамдардың мал-мүлкін кәмпескілеп, өздерін жер аударып көзін жойып жатқан кез. Одан қалды ел ішіндегі қожа-молдаларды тұтқындап, түрмеге тоғытып жатқан заман. Арқаның шұрайлы қоныстарының бірі – Ерейментаудың Төре ауылында мешіт пен медіресе бар еді. Бір күні ауылға сау етіп жетіп келген шолақ белсенділер мешітті құлатып, ойран салады. Бір қауіптің төнгенін аңдаған мешіт имамы бір түнде бала-шағасын алып, ауылдан қашып шығады.
24 Сәуір, 2020
«Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі өмірден өтті
«Той жыры» секілді әндерімен елге танылған «Дос-Мұқасан» тобының мүшесі Хамит Санбаев қайтыс болды. Бұл туралы шығармашылық ұжымның Instagram парақшасында жарияланды.
24 Сәуір, 2020
Төтенше жағдай кезінде диплом қорғау кейінге қалдырыла ма?
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты білім беру ұйымдары арасында бірінші болып жоғары оқу орындары қашықтан оқыту форматына көшкен еді.
24 Сәуір, 2020
Арал теңізін зерттеуші, оны бойлап кемемен алғаш еркін жүзуші, біршама толық картасын бірінші жасаушы, кейін контр-адмирал шеніне дейін жетіп, ғылыми табысы бүкіл әлем ғалымдары тарапынан жоғары бағаланған Алексей Иванович Бутаков (1816-1869), әрине, ең алдымен Ресей патшалығының игілігіне қызмет етті.
24 Сәуір, 2020
Жаһанға жайылған коронавирус індеті бүкіл елдің үрейін ұшыруда. Бұл елімізге төтенше жағдай жариялауға дейін жеткізді. Карантин жарияланғалы полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан жауынгерлері бірлесе қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде тәулік бойы қызмет атқарып жатыр. Ұландықтар республика бойынша мемлекеттік маңызды мекемелер мен стратегиялық нысандарды ерекше бақылауға алды.
24 Сәуір, 2020
Карантин қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін қажет
Дүние жүзін дүрбелеңге салған коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу және эпидемиологиялық жағдайдың асқынуының алдын алу мақсатында Шымкент қаласы да Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан соң карантинге жабылды. Әлі ем-домы табылмаған індеттен қорғанудың төте жолы – үйде болу, оқшаулану ғана болып тұр. Бұл бірінші кезекте ірі қалалар үшін ауадай қажет еді. Төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Оңтүстік – халқы тығыз орналасқан өңір. Сондықтан індеттің таралуын тоқтатпасақ, жағдайды ушықтырып аламыз» деп, жергілікті атқарушы органдарға карантин шараларының орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырған болатын.
24 Сәуір, 2020
Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын! Құрметті отандастар! Баршамызды қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізген Аллаға сансыз шүкірлер болсын! Сіздерді исі мұсылманның ұлық айы – Рамазанның келуімен шын жүректен құттықтаймын! Әр отбасына бақыт пен береке, бірлік пен татулық тілеймін! Алла тағала ұстаған оразамызды, жасаған дұғамызды, орынды себептермен ауыз бекіте алмай қалған жандардың қайырлы амалдарын қабыл еткей! Әмин! Өздеріңізге белгілі, елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты мешітте жамағатпен оқылатын намаздарға уақытша шектеу қойдық. Әр азаматтың өмірі мен денсаулығы қымбат құндылық болғандықтан, жұқпалы індеттің алдын алу үшін осындай шешім қабылдауға мәжбүр болдық.
24 Сәуір, 2020
Өңірлерде жұқпалы індеттің салдарынан емханалар мен ауруханаларда ем алатын науқастар саны күрт азайған. Әрине қауіпсіздік шарасы күшейіп, адамдардың үйден шықпай отырғаны тиімді болғанымен, тұла бойына дерт жабысқан тұрғындардың дәрігерге бәрібір жүгінуге мәжбүр болатыны анық. Бірақ бұл тығырықтан шығудың да жолы бар екен.
24 Сәуір, 2020
«Алтын Ордаға» барар жол жыл соңына дейін пайдалануға беріледі
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов Алматы маңындағы «Алтын Орда» базары мен Шамалған станциясындағы теміржол өткеліндегі жол құрылысы жұмыстары жайлы мәлімет берді.
24 Сәуір, 2020