Пікірлер .
Қазақ тілінің қолданыс аясын қайтсек кеңейтеміз, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін не істеу керек деген мәселе төңірегінде түрлі пікір-ұсыныс ортаға салынып жатады. Соның бірі әлемдік деңгейдегі кинокартиналарды жас ұрпақтың ана тілінде тамашалауына мүмкіндік туғызу дер едік.
15 Қыркүйек, 2021
Жапонияда санасы әлі қатып үлгермеген баланың өз қалауы бойынша таңдаған музыкалық аспабын жете меңгеріп шығуына қатты мән беріледі екен. Мұндай қадамға барудың себебін сұрағанда, мамандар ұлттық мәдениетке баулудың бірден-бір кілті музыка өнерінде екенін, ал өзінің музыкалық аспабының үнімен сусындап өскен жеткіншектің жан-дүниесі тау суындай мөлдір, кіршіксіз таза болып қалыптасатынын, сол себепті бұл атадан балаға мирас болып келе жатқан қалыпты үрдіс екенін алға тартқан.
17 Тамыз, 2021
Театр өнері қоғам жанын меңдеген дерт пен шерді қатар қозғап, көпшілікке терең ой салатын, адамзат баласының бәріне ортақ рухани құндылық десек, әрбір қойылымның түпкі идеясында белгілі бір халықтың, ұлттың мұрат-мүддесін көздеу, әдет-әдебі мен мәдениетін насихаттау басым тұратыны – заңды құбылыс. Алайда соңғы уақытта тек сезім мен лып етпе жарқылға еліктеп-солықтап, дәстүрлі үлгіден іргесін аулақ салғандар тарапынан ел театрлары басына төнген қауіп туралы жұртшылықтың ашынғаннан ащы дауысы шығып кетіп жататыны – тағы шындық.
07 Маусым, 2021
Интернетте бір автор: «Сіз» деп сөйлеу адамдардың арасын алшақтатып, бір-біріне деген сенімін азайтады. Ондай субординация ата-ана мен бала арасында болмауы керек. Бала ондай кезде бейсаналы түрде ата-анасын бөтен адам ретінде қабылдайды. Сондықтан бала ата-анасына «сіз» демей, «сен» деп сөйлеуі керек, «сіз» деп танымайтын бөтен адамға немесе аса құрметті үлкен адамдарға ғана айтылады» дейді. Мұны оқып, жыларымызды не күлерімізді білмедік.
04 Ақпан, 2021
Тілді қарым-қатынас құралы деп қана емес, ішкі мәдениетің мен рухани бейнеңнің, тәлім-тәрбиең мен дүниетанымыңның айнасы деп бағалауға аса мән бере қоймауымыздан кейде опық жеп қалып жататынымыз бар. Германияда тұратын Айнұр Асқарқызы есімді қызымыз өзінің желідегі парақшасында: «Өзінің мінін көрмей, өзгеден мін іздеу әдетке айналып бара ма, қалай өзі. Біз қытайлар секілді көп xалық емеспіз. Кең-байтақ жеріміз болғанымен, сол кең жердің әр тұсында тарыдай шашылған аз ғана xалықпыз... Сонда да бір-бірімізге ауыр сөз айтып, жазықсыз айыптап, себепсіз кінәлап, жанталасып жатамыз. Соншама неге ішіміз толып кеткен? ...Бір-бірімізге мейірімді болайықшы!» деп ой тастапты.
21 Қаңтар, 2021
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген отыз жылға жуық уақыт ішінде бір ауыз қазақша үйренуге жарамаған кей отандастың жан-бейнесіне үңілгенде, сонау бір жылдары Жапонияда өткен Қазақстан мәдениеті мен өнері күндері жобасы жадымызда еріксіз қайта жаңғырады.
29 Желтоқсан, 2020
Адамның өміріне ойы мен пейілінің ерекше әсер ететіндігін жиі естиміз. Психолог мамандардың айтуынша, адам әр сағат сайын жымиып, бақытты жанның кейпіне еніп тұруы керек екен. Көңілге осындай сезім орныққан сәтте ғана жүйке мен ми қалыпты ырғақта үйлесіп, жақсы жұмыс істей бастайтын көрінеді.
30 Қараша, 2020
Платон данышпан: «Игіліктің төрт түрі бар», – деген екен. Олар: жүректілік, данышпандық, естілік және әдептілік. Осы қағиданың біз бүгін тек біреуіне ғана, яғни әдептілік жайына тоқталғымыз келіп отыр. Оған себеп, кейінгі кезде жақсы мен жаманның аражігін ажыратпай, мәселенің ақ-қарасын білмей тұрып, біреуді сырттай сыдырта сөге сөйлеу, сынап-мінеу, нәпсінің азғыруына еріп, жалған, лепірме, бос сөзге ерік беру секілді халықтық қалыбымыз бен қазақы әдебімізбен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын жат құбылыстар тым белең алып барады.
20 Қараша, 2020
Алты Алаштың мақтанышы Ахмет Байтұрсынұлы: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр секілді» деген еді. Рухани мәдениетіміз бен елдік мәртебеміздің деңгейін бағамдауға басты өлшем болып келе жатқан осы қағидаға сүйенсек, көпшіліктің не оқып жүргеніне қарап, ой-санамыздың, тұрмыс-тіршілігіміздің түр-тұрпатын аңғаруға болатын секілді.
27 Қазан, 2020
Күнделікті өмірде неше түрлі адаммен жолымыз тоғысып қалып жатады. Жан-жағындағыларға жанашырлық танытып, мейірім нұрын себелеп жүретін қарапайым, кішіпейіл, адамгершілігі мол тұлғаларға көпшіліктің сүйіспеншілігі мен сый-құрметі әрине, қай кезде де жоғары болып қала бермек. Алайда жан дүниеңіз тек шуақты күннің шұғыласына нұрланып, өмір көшінде алдыңыздан үнемі осылай жайсаң жандар ғана ұшыраса ма? Адамдар туралы жақсы ойлау, жақсылық жасауға құштарлық барлық адамның қолынан келе бере ме?
01 Қазан, 2020
Қилы-қилы тағдырлар болатыны сияқты адам мінезі де сан алуан. Ол – жеке тұлғаның болмысынан, сөзінен, күнделікті қарым-қатынасынан көрініс табатын ерекше мәнге ие құбылыс. Ісіне ұқыптылық, сыпайылық, сезімталдық, қайырымдылық, мейірімділік, адалдық, сабырлық, жайдарылық, кешірімшілдік, қарапайымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарытып, жан-жағына шұғыла-нұрын себелеп жүретін ішкі мәдениетке бай жанды қазақ ежелден көркем мінезді адам деп айрықша бағалаған.
22 Қыркүйек, 2020
Балалары мен немере-шөберелерінің қуанышы мен қызығына марқайып, өмірдің алтын арқауы – ата-баба дәстүрін үзіп алмай, ұлы көшті ұрпақ жарастығымен жалғастыру, ешнәрсеге мұқтаж болмау, айналасындағы үлкен-кішінің құрметіне бөленіп, абырой биігінен табылу – үлкен ғанибет!
10 Қыркүйек, 2020
Белгілі ғалым Рахманқұл Бердібайдың: «Егістік жерді жаздың ыстық айларында бірнеше рет суармаса, шыққан егін мүлде қурап кететіні секілді дер кезінде жалғастығын таппаған дәстүр де жоғалады», деген сөзі кейінгі ұрпақты ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа баулып тәрбиелейтін, байырғы ата-бабаларымыздың наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен тұратын жыр-толғау, терме жанрларынан көз жазып қала жаздап отырған қазіргі қалпымызға қаратып айтылғандай әсер қалдырады.
14 Шілде, 2020
Кірме сөздер һәм тіл үйлесімдігі
Тіл мамандары түркі тілдерінің бәрінің түбірі – ортақ тіл деген тұжырымға келіп жүр. Дыбысталуы әр түрлі болғанмен ортақ сөздер негізінде бірегей терминологиялық лексиканың іргетасы қаланып, қазақ тілінің сөздік қоры қалыптасқаны мәлім.
29 Маусым, 2020
Ысырап ырзығың мен ырысыңды азайтады
Ысырапқа жол бермеу ежелден қазақы тәрбиенің басы болып саналатын. Діннің өзінде: «Жеңдер, ішіңдер және ысырап қылмаңдар. Шын мәнінде, Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді» делінген.
17 Маусым, 2020
Ата-бабаларымыздың байырғы ырым-тыйымын ескерсек, қазақ түнде үйден күл шығармаған, себебі күл төгілген жерді басуға болмайды, түрлі жамандық атаулы күлмен бірге көшеді, күлден шыққан жамандық адамның өзімен бірге үйіне ілесіп барады деп сақтандырған.
28 Қаңтар, 2020
Қазақта жыр-күйі деген жанр – ежелден бар дәстүр. Яғни, әуелде жырланып, сосын күйге бергісіз толғау ретінде ел арасына кең тараған. Жыр-күйі – жыраулар мен жыршылар, термешілер қолданатын мақам, әуен. Әр дәуірдің, әр өңірдің бүгінде жыр, толғау, терме, дастан, қисса айтатын өзіне лайық мақам-сазы, әуені сақталған.
30 Желтоқсан, 2019
Қазақтың «Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады» деген мәтелі көбіне рухани жүдеулік пен азапты дертке ұшырап, ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрден қол үзген, халықтық қалыппен қабыспайтын сиықсыз әрі сорақы жаңа салттардан көпшілікті сақтандыру мақсатында айтылып жатады. Бұл дерт ең алдымен жас ұрпақтың тамырын кеміріп, тауын шағатын құртқа, ал бүкіл ұлт үшін үлкен сорға айналды. Бүгінгі әңгімеміз – ұлттық тәрбиенің бесігі саналатын, ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасасып келе жатқан той мәдениеті төңірегіндегі түйткілдер жайында болмақ.
04 Қараша, 2019
Аристотель: «Би – адамның мінез-құлқын, ішкі жан-дүниесін, әрекетін көрсететін таза ырғақтың көрінісі...» деген екен. ЮНЕСКО-ның шешімімен 1982 жылдан бастап балетмейстер, би өнерінің шебері Жан Жорж Новердің (1727-1810) туған күніне орай халықаралық би күні мерекеленеді. «Балет өнерінің атасы» ретінде тарихта қалған француз реформаторының «Би мен балет жайлы хат» атты туындысы кез келген балет мектебі үшін әлі күнге дейін құнды құрал саналады. Мұнда балеттік қойылымдардың қыр-сыры, пантомимо және би өнері туралы егжей-тегжейлі жазылған еді.
10 Қазан, 2019
«Шешінген судан тайынбас» дегендей Қазақстан нарықтық қатынасқа толық көшкен соң мемлекет меншігіндегі мекеме-ұйымдардың бәрін жекеменшікке беру мақсатын алға қойған. Бұл – мемлекеттің бизнеске араласуын барынша азайтуды көздейтін нарық заңының талабы. Халықаралық бейбітшілік сыйлығының лауреаты, Қытайдың белгілі суретшісі Ци Байши: «Жасым қырыққа келгенде барып суретті түсіне бастадым» деген екен. Әлем мойындаған қылқалам шеберінің өзі осылай дегенде, басқа қарапайым халықтың бұл өнер туралы түсінігінің таяздығын, сауатының кемдігін сынап-мінеп жату қисынсыз секілді, әрине. Әйтсе де суретші десе тау-тасты кезіп, әсем табиғатқа алыстан қиялдана көз тіккен жай бояушы, тиын-тебенге бола әркімнің тапсырыспен портретін салып, күнін әзер кешіп жүрген қарапайым пенде деп қарайтын дүбәра көзқарастан түбегейлі арылмай, өркениетті елдердің қатарына қосыла алмаймыз.
07 Тамыз, 2019