Редакция таңдауы
Түрік этно-мәдени ұйымы әйелдер қауымын төл мерекесімен құттықтады
Мерейлі мерекеде әйелдер құттықтаған Түрік этно-мәдени ұйымы мен «Достық» үйі ерекше тарту жасады.
07 Наурыз, 2020
Есік көлі мен Үлкен Алматы көліне апаратын жол жабылды
Іле-Алатау ұлттық паркінің басшылығы Есік көлі мен Үлкен Алматы көліне (БАА) көлік құралдарының жабылу себептерін түсіндірді.
07 Наурыз, 2020
Маңғыстауда ішкі және сыртқы рейстерге тексерулер күшейтілді
Биыл 5 наурыздан бастап Әзербайжан рейстері азайтылды, яғни 7 рейстің орнына 1 рейске дейін тоқтатылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте белгілі болды.
07 Наурыз, 2020
«Жаңа БАҚ» курсының қатысушыларына сертификат табысталды
Журналистерге арналған «Жаңа БАҚ» модульдік оқыту курсы өз мәресіне жетті. Медиа мамандар 5 күн бойы сандық медиа стратегиясын әзірлеу, жаңа медианың экономикалық модельдері және мультимедиялық жаңалықтар жасау әдістері жайында ақпарат алды.
06 Наурыз, 2020
Шамалған стансасында жол өтпесі эстакада түрінде салынады
Алматы облысының Шамалған теміржол станциясындағы жол өтпесінің құрылысы биыл қарқын алмақ. Бүгінгі таңда нысанда алдағы құрылыс маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Алдын ала мәліметтер бойынша құрылыстың жалпы сомасы 5,5 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
06 Наурыз, 2020
Үндістанның Дели қаласында хиндустар мен мұсылмандар қақтығысып, 40-тан астам адам қаза тауып, мыңдаған тұрғын жараланды. Бірнеше күнге созылған қаралы оқиға Үндістанның жаңа тарихындағы қанды қырғынға айналды.
06 Наурыз, 2020
«Әкеге құрмет», «Анаға тағзым» кітаптарының авторы, әріптесіміз Күлия Айдарбекова еңбек жолын журналистикадан бастап, мемлекеттік қызметте, яғни облыстық басқармаларда басшылық қызметтерді атқарды. Бүгінде шығармашылыққа ден қойған Күлия Смайылханқызының қазақ қыздары жайлы кітап жаза бастағанын естіп, бұл тақырыпқа қалам тартуына не себеп болғанын сұраған едік.
06 Наурыз, 2020
Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Қазақстандағы коронавирустық инфекцияға қарсы шараларды күшейту туралы» баспасөз мәслихаты өтті. Шараға Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев қатысты.
06 Наурыз, 2020
Айжан Жүзбай: Киім еркіндігі үшін сана тәуелсіздігі керек
Айжан Жүзбай – 2016 жылы Қытай сән апталығына Орталық Азиядан қатысқан тұңғыш дизайнер. Пекин сән және технологиялар институтының түлегі, ZHUZBAY брендінің авторы бізге сән әлемінің соңғы жаңалықтары мен ендігі бет алысы, әлемді жаулаған қытай нарығының ерекшелігі турасында әңгімелеп берді. Оның қолынан шыққан безендіру жұмыстарында міндетті түрде күллі оюлардың атасы аталған өрнек – қошқар мүйіз көрініс тапқан. Бұл – молшылықтың, мәңгіліктің, күш құдіреттің символы.
06 Наурыз, 2020
Әйгілі орыс әзілкеші Аркадий Райкиннің «Әйел – адамның досы» деген бұрынғы нақылын қазіргінің қалжыңбастары да жиі қолданады. Бұралқы сөз күлуге жақсы болғанымен, оның астарында ақиқат бары анық. Шынымен, адамзаттың бұрынғы, соңғы тарихын әйелдің нәзік болмысының қатысуынсыз елестету қиын.
06 Наурыз, 2020
Түркия Еуроодақпен шекарасын ашты
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Еуроодақпен шекараны ашу туралы тапсырма берді. Бұл Сириядан келген босқындарға мемлекеттен кетуге мүмкіндік бермек. Мемлекеттен кеткен босқындар саны 100 мыңға жетті.
06 Наурыз, 2020
Идлиб: Сирия дағдарысының соңғы түйіні
2011 жылдан бері жалғасып келе жатқан Сирия дағдарысы 2017 жылы басталған Астана процесі шеңберінде біршама бақылауға алынған болатын. Үдеріс барысында құрылған қақтығысты азайту аймақтарында соғыс тоқтап, бейбіт өмір қалпына келе бастаған еді. Алайда 2020 жылдың басынан бері Башар Асадтың қақтығысты азайту аймақтарының ең соңғысы болып табылатын Идлиб аймағына шабуылын үдетуі Түркия мен Сирия арасында қақтығыс ықтималдылығын арттырып отыр. Әсіресе 27 ақпан күні Б.Асад күштерінің шабуылынан 33 түрік әскерінің қаза табуына байланысты Идлиб мәселесі және жалпы Сирияның болашағы туралы талдау жасауымыздың қажетттілігі туындап отыр.
06 Наурыз, 2020
«Көрпе Fest» тігін тігуге үйретеді
Ұлтымыздың ісмер әйелдерінің бағзыдан келе жатқан бір өнері – тігіншілік. Осынау ежелгі кәсіпті еске салып, өскелең ұрпақты көркемдік мектебінен өткізу мақсатында Шымкентте «Көрпе Fest» мегафестивалі басталды.
06 Наурыз, 2020
Онлайн гүл бизнесі гүлденетін кезең
Халықаралық арулар күні қарсаңында раушангүл мен қызғалдаққа сұраныс әлденеше есе өсетіні қалыпты жайт. Сарапшылар ішкі нарықтағы гүлге деген сұраныстың 50 пайызын шетелден келетін гүл өтеп отырғанын айтады.
06 Наурыз, 2020
Қазақстан халқы Ассамблеясының құттықтауы!
Құрметті әйелдер қауымы! Сіздерді Қазақстан халқы Ассамблеясы көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтайды!
06 Наурыз, 2020
Ұлттық сананы тарихи сана қалыптастырады
Ұлттық сана тарихи санамен қалыптасады. Әрине елімізде тәуелсіздіктің көк туы желбірегелі бері тарих саласында көптеген шаруа атқарылды. Дегенмен де бүгінде жоғары оқу орындарында тарих пәнін қалай оқытып жүрміз? Оған бөлінген сағат жеткілікті ме? Бағдарламасы қандай? Ал мектептерде тарих пәні қалай оқытылуда?
06 Наурыз, 2020
Мәжілісте «Заң көмегін көрсетудің заңнамалық негіздерін жетілдіру» тақырыбында 13 наурызда парламенттік тыңдау өтеді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
06 Наурыз, 2020
Елордада кәмелет жасқа толмағандарға жол ақысы тегін болады
Оқушылардың автобуста тегін жүруіне арналған көлік картасын онлайн режимде рәсімдеуге болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
05 Наурыз, 2020
Мұқағали мектебінде Абай залы бар
Алматыдағы Мұқағали Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясының қабырғасынан «Абай» әдеби залы ашылды. Білім ордасындағы айрықша орталықтан ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына қатысты көптеген мағлұматтар табуға болады. Ең бастысы қор үнемі жаңа басылымдармен, тың материалдармен толығып отырмақ.
05 Наурыз, 2020
Бүгін Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның туған күні
Бүгін «Алаш» қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның туған күніне 154 жыл толды.
05 Наурыз, 2020