Редакция таңдауы
Ақтауда «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде
Ақтауда жүргізушілер арасындағы көліктік тәртіпті арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» шарасы өтуде. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
26 Қазан, 2019
Шаңғы қайдан тебесіз, Мырзашоқының басында қар тұрмаса
Баянауылдағы тау-шаңғы кешені былтыр да қарсыз қалды. Биылғы ауа-райы қалай болар екен деген оймен облыс әкімі Болат Бақауов та кешенге барып қайтты.
26 Қазан, 2019
Кендірлі демалыс аймағынан су тұщыту зауыты салынады
Кендірлі демалыс аймағынан су тұщыту зауыты салынады. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өкілдерімен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
26 Қазан, 2019
Ардагерлер Ақтауға мерейтойлық кездесуге жиылды
«Құтқарушылар күні» мерекесінде Маңғыстау өңірінде Төтенше жағдайлар саласында әр жылдары қызмет атқарған ардегерлер Алматы қаласынан, Орал, Ақтөбе қалаларынан және Дағыстаннан Ақтау қаласына жиылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен хабарлады.
26 Қазан, 2019
Түркістанда «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығына арналған медиафорум өтті
Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да «Turkistan open media forum». Жаңа және дәстүрлі медиа: ынтымақтастықтың заманауи модельдері» атты форум өтті.
25 Қазан, 2019
С.Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті
Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде ақын, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған «Сәкен Сейфуллин: ұлттық рух және ұрпақтар сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
25 Қазан, 2019
Қазақстан Елшісі Сербия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Сербия Сарайында Қазақстан Республикасының Елшісі Ғабит Сыздықбеков Сербия Республикасының Президенті Александр Вучичке сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
25 Қазан, 2019
Nur Otan партиясында мемлекеттік тілді дамыту жайы сөз болды
Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің қатысуымен партия жанындағы «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесінің «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» орындалуын талқылауға арналған отырысы өтті. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.
25 Қазан, 2019
Ұлттық музейде «Өнердегі доп» арт-көрмесі ашылды
Ұлттық музейінде халықаралық «Өнердегі доп» арт-көрмесі салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы музейдің баспасөз қызметі хабарлады.
25 Қазан, 2019
Қазақстандықтар қандай газет-журналдарды жиі оқитыны анықталды
Қазпошта арқылы Қазақстанда газет-журналдарға жазылудың жалпы көлемі 108 363 590 дананы құрады. 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша деректерді Қазпоштаның баспасөз қызметі ұсынды.
25 Қазан, 2019
Тарихи тұлғалардың портреттерінде нақтылық керек
Жуырда әлеуметтік желілерде қазақтың соңғы хандарының бірі Әбілхайыр ханның жұбайы – Бопай ханымның суреті жарияланды. Сурет авторы – Әбілхайыр ханның заманында өмір сүрген ағылшын суретшісі, жиһангез Джон Кэстель. Суретте Бопай ханымның жасы қырықтан асқан, 5 баланың анасы болып толысқан сәттегі сымбатты, көрікті келбеті бейнеленгенін көреміз.
25 Қазан, 2019
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Сәкен Сейфуллин: тұлға және уақыт» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция тұғыры биік тұлғаның 125 жылдық мерейтойына орайластырылды.
25 Қазан, 2019
Қоғам қалаған сақшылар қайтсе қалыптасады?
Соңғы жылдары полиция жұмысы қоғам тарапынан түрлі сынға ұшырап, олардың халық күткен келелі істердің кетігін таппауы көпшілікті толғандыра түсуде. Мұны Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та ішкі істер органдарының қызметін жаңғырту мәселелеріне арналған кеңесте айтып, полицияның жағдайы қоғам талабына толық жауап бере алмай отырғандығын сынаған еді. Елбасы «Адамдар өздерін қауіпсіз сезіне алмайды. Біз онсыз басты бағдарымыз саналатын қазақстандықтардың жоғары сапалы өмір сүруін қамтамасыз ете алмаймыз. Сондықтан полицияны реформалау ісіне шұғыл кірісуіміз қажет», деген болатын.
25 Қазан, 2019
«Әке – асқар тау» дейді халқымыз. Қазақ отбасында әкенің орны, құрметі ерекше. Әке – сол шаңырақтың ұйытқысы, қамқоршысы, тірегі. Сондықтан оған үлкен құрметпен қарау баланың парызы болмақ. Баланың бойындағы кез келген жақсылы-жаманды қасиетті байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, тегіне тартқан дейтіні тегін болмаса керек-ті.
25 Қазан, 2019
Кәсіпкерлікке тың өріс: Елордалық кәсіпорындар мемлекеттен қолдау алуда
Жуырда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы бірқатар кәсіпорындарға баспасөз турын ұйымдастырды. Аталған қор «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша көптеген кәсіпкерлік нысандарының қанатын кеңге жаюына қол ұшын созып келеді. Соның бірі «Үміт» Томотерапия және ядролық медицина аурухана кешені» ЖШС-і базасында «Емдеу-диагностикалық радиотерапия және ядролық медицина ауруханалық кешені» жобасы жүзеге асырылған екен.
25 Қазан, 2019
Жақында Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана ұжымы бірлесіп, «Ұлы даланың ұлы есімдері: идеялар мен тағдырлар мұрасы» атты дөңгелек үстел өткізді.
25 Қазан, 2019
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі Ата Заңымызда айқындалғанымен, өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігіне айнала алды ма? Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту жолындағы әрбір қазақстандықтың рөлі қандай? Еліміздің түкпір-түкпірінен тұңғыш тіл форумына жиналған жұртшылық қазақ тілі мен әліпбиі төңірегіндегі осындай сан сауалға жауап іздей отырып, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудың өзекті мәселелерін жан-жақты талқыға салды.
25 Қазан, 2019
Қарашаңырақ қиырдағы қазақтарды қолдайды
Елордада Nur Otan партиясының ғимаратында Отандастар қоры «Адам және этностық азшылықтар құқықтарын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел жиынын өткізді.
25 Қазан, 2019
Ел Президентінің халыққа Жолдауы аясында Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Шымкентке жұмыс сапарымен келді. Үкімет мүшелері шаһардағы білім беру саласымен танысып, №65 мектеп-гимназияда ұстаздармен кездесті. Жиында оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясаты орта білім беру стандартының негізі болуы тиіс екені айтылды.
25 Қазан, 2019
Қазақстан – Беларусь бизнес форумы – жаңа келіссөздердің ортақ алаңы
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше Қазақстан мен Беларусь мемлекеттері экономикалық әріптестікті нығайту мақсатында құны 75 млн АҚШ долларын құрайтын 15 келісімге қол қойды. Кеше елордада өткен Қазақстан – Беларусь экономикалық форумы Беларусь президенті Александр Лукашенконың елімізге ресми сапары аясында ұйымдастырылды.
25 Қазан, 2019