Редакция таңдауы
Ендігі жерде «Полиция – қорғаның» деген сөздің тұзы жеңіл екенін түсіндіріп жатудың өзі артық шығар. Өйткені қоғамда тәртіп сақшыларына деген құрмет пен сенімге қатысты екіұдай пікір қалыптасқанын жоққа шығаруға болмайды. Алайда...
19 Маусым, 2019
Дариға Назарбаева Чехияның Қазақстандағы Елшісін қабылдады
Сенат Төрағасы Чехия Қазақстанның бұрынғы досы, Еуропа Одағындағы маңызды саяси және экономикалық әріптесі екенін атап өтті. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
19 Маусым, 2019
Сенат Төрағасы Жапония Елшісімен кездесті
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Тацухико Касаиді қабылдады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
19 Маусым, 2019
Илон Маск Twitter-дегі аккаунтын өшірді
Space X және Tesla Motors компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Twitter әлеуметтік желісіндегі аккаунтын өшіргенін хабарлады.
18 Маусым, 2019
Газетіміздің жүз жылдығы аясында қолға алынған игі істер елордадағы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жалғасын тапты. Орталық кітапханасына жүздесуге жиналған қариялардың қолындағы «Egemen Qazaqstan» көзімізге жылы ұшырасты.
18 Маусым, 2019
Пекин-Париж ретро-раллиінің қатысушылары Нұр-Сұлтанда тоқтады
Пекин-Париж бағытындағы VII Халықаралық ретро – ралли 1907 жылдан бері алғаш рет Қазақстан территориясымен жүріп өтті.
18 Маусым, 2019
Мысырдың экс-президенті қайтыс болды
Мысырдың экс-президенті Мұхаммед Мурси сот залында қайтыс болды. Ол мемлекетті ұзақ жылдар бойы басқарған Хосни Мубарак халық наразылығы нәтижесінде биліктен кеткен соң, 2012 жылы елде өткен тұңғыш демократиялық сайлау нәтижесінде билікке келген болатын.
18 Маусым, 2019
Лепсідегі жас өрендердің жарысы
Бұл күндері Алматы облысы Алакөл ауданының Лепсі ауылында «Қазақ батырлары» жобасы аясында бокстан еліміздің мақтан тұтар азаматтары – Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Қанат Ислам және әлем мен құрлық чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы Жәнібек Әлімханұлының жүлдесі үшін республикалық турнир өтуде.
18 Маусым, 2019
Жаңадан сайланған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ант беру рәсімінде сөйлеген сөзінде өзіне зор сенім көрсеткен барша қазақстандықтарға алғыс айтып, бұл жеңіс бүкіл халқымыздың жеңісі екенін, біз бәріміз болып еліміздің алға даму жолын айқындап алғанымызды атап көрсетті.
18 Маусым, 2019
Еңбек нарығында ескеретін ерекшелік көп
Жалақы дер кезінде төленбеcе, жұмысшының мүддесі мен құқығы тапталса, заң жүзінде еңбек адамын қорғайтын жалғыз ұйым – кәсіподақ. Еңбек туралы заңнамалардың орындалуына қоғамдық бақылау жасайтын, әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктер көзделген келісімдер, ұжымдық шарттар жасап, оның орындалуын қадағалайтын да әзірге осы ұйым. Сондықтан кәсіподақтың халықаралық ұйымдармен интеграциялануы өзекті мәселе.
18 Маусым, 2019
Баспанаға аса мұқтаж жандарға қолдау көрсетіледі
Иә, бүгінгі мақаламыздың тақырыбына шығарып отырғанымыздай, Ақтөбе облысының әкімдігі баспанаға аса мұқтаж жандарды қолдаудың байыпты бағдарламасын бекітті. Бүгінде оның нақты тетіктері жасалып, бұл бағыттағы жұмыстар жүзеге аса бастады.
18 Маусым, 2019
Медициналық мекемелердің жабдықталуына 5,2 млрд теңге бөлінген
Соңғы жылдары Түркістан облысының денсаулық саласында оң өзгерістер байқалуда. Оған Шымкенттің республикалық маңызы бар қалалар санатына жатқызылып, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Түркістанға көшірілген әкімшілік-аумақтық құрылым өзгерісі оң әсерін тигізді. Мысалы, Түркістан өңірінде соңғы 7-8 жылдың көлемінде ірі емханалар салынбаған екен. Ал биыл Жетісай, Мырзакент, Атакент, Сайрам мен Кентауда құрылысы жүріп жатқан бес емхана ел игілігіне пайдалануға берілмек. Олардың әрбірі бір ауысымда 500 пациентке қызмет көрсетуге қауқарлы. Келесі жылы осындай емхана Шардара ауданында іске қосылады.
18 Маусым, 2019
Жұмыссыздар қайтарымсыз қаражат алды
Маңғыстау ауданынан төрт және Ақтау қаласынан бір жұмыссыз әйел қайтарымсыз қаражат алатын болды. Бұл нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. Бағдарлама қатысушыларының әрқайсысы жаңа бизнес-идеяларын іске қосу үшін 250 мың теңге көлемінде мемлекеттік грант алады.
18 Маусым, 2019
Ғұмыры ғибратқа толы абзал жандар аз емес. Атырау десе, қасиетті құм Нарын десе, алғашқылардың қатарында есімі аталатын Нариман Үлкенбаевтың та өмірі өнегеге толы болды. Еңбек жолын медицина саласынан бастағанымен, табиғат берген дарыны өнер әлеміне әкелген Нариман Үлкенбаевты ел Қазақстанның Мәдениет қайраткері, күйші-композитор, әнші, сөз зергері ретінде таныды. Сөйлесе – сөзге шешен, шырқаса – әні келіскен, төгілте тартса – күйі күмбірлеген, шабыттанса – қара өлеңнің қасиетін танытқан өнер иесінің артында мол мұра қалды.
18 Маусым, 2019
Екі мың жылдан астам тарихы бар көне Тараз шаһары түркі мәдениетінің ордасы болып саналады. Бұл ретте талайғы Таразға қызығушылар қатары да аз емес. Түрлі тарихи орындар, ежелгі ескерткіштер, тастағы таңбалардың бәрі де ұлт тарихының ұстыны бола алатын құндылықтар. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Тараз төрінде Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Әулиеата бояулары» І халық шығармашылығы фестивалі өтті. Аталған фестивальға Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарынан суретшілер келді.
18 Маусым, 2019
Бас шаһар жұртшылығы жыл сайын асыға күтетін «SAMGAU» халықаралық театр фестивалі биыл да өз салтанатымен шымылдық түрді. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған ауқымды мәдени оқиға елорда күніне арналған мерекелік шаралар легінің көшін бастап тұр.
18 Маусым, 2019
Мұражай – өткен мен болашақты жалғастырушы
Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Өткеніңді танымай, келешегіңді болжау мүмкін емес» деген тұжырым бар.
18 Маусым, 2019
Отандық философиядағы елеулі құбылыс
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасы еліміздің білім беру жүйесіне ғана емес, ғылымының дамуына да елеулі ықпал етері сөзсіз. Осы жоба аясында 2018 жылы – 18, биыл 30 оқулық жарыққа шықты.
18 Маусым, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Президенті болып сайлануына орай құттықтау хаттары мен жеделхаттар келіп жатыр, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
18 Маусым, 2019
Таралым аз, жарнама жеткіліксіз
Жалпы, кітап арқылы кез келген ұлт өзінің кем-кетігін, жоқ-жітігін түгендеп алады. Тәуелсіздік алғаннан бергі он жылда біздің қоғам руханият саласын мүлде ұмыт қалдырғаны өтірік емес. Ес жию кезеңі ешкімді артқа қаратпады. Одан кейінгі он жылда әрине, қазақ кітаптары шыға бастады.
18 Маусым, 2019