Редакция таңдауы
Сергей Есенин және Төле би кесенесі
Сергей Есенин десе, жылы жүзді орыс ақыны және біздің Мұқағали Мақатай, Есенғали Раушан, Ұлықбек Есдәулет, Серік Ақсұңқарұлы, Ғалым Жайлыбай сынды ақтангерлеріміздің өзі де, сөзі де ойлы осы шайырға арнаған жырлары еске түседі.
16 Қазан, 2024
Жарық дүниеге сүйіспеншілігі жер басып жүрген тірілерден артық ұлы ақын-жазушылар болғаны неткен бақыт. Баяғыда сүйегі қурап қалса да бір құдайдың құдіретімен олардың рухы күн сөнгенше тірі. 300 жыл бұрын бүтін бір елдің бағына жаралған аруақты ер Мақтымқұлы (1724-1807) өзі жырға қосқандай, «хақ тағала көзі түскен ер жігіт». Әлемде өлең мен көркем сөзден артық, одан асыл не болсын. «Ақын – Құдайдың дауысы» (Орхан Памук).
16 Қазан, 2024
Асуды азулы қарсылас күтіп тұр
Бұл күндері барша қазақ жанкүйерлері 19 қазанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC Fight Night 245 турнирін тағатсыздана күтіп отыр. Сол кеште аса жеңіл салмақтағы Асу Алмабаев Бразилия спортшысы Матеус Николаумен күш сынасады.
16 Қазан, 2024
Олжас Бектенов Пәкістан Премьер-министрімен кездесті
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Исламабад қаласына барды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
15 Қазан, 2024
Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды
Үкімет қаулысымен Кеген Ахметұлы Тұрсынбаев төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
15 Қазан, 2024
«Жанжал сыраға бола басталмаған»: ІІМ тосын мәлімдеме жасады
Алматыда 16 жастағы Шерзат Болаттың өлімі бойынша БАҚ өкілдеріне арналған пресс-конференция өтті. Марқұмның өліміне әкеп соққан жанжал сырадан басталған жоқ. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары Самат Айсов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қазан, 2024
Полиция Шерзат Болаттың өлімі бейнеленген кадрларды жариялады
Ішкі істер министрлігінің өкілдері 16 жастағы Шерзат Болат қаза тапқан қайғылы оқиға бейнеленген видеоны көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қазан, 2024
Талғар қаласының әкімі қызметінен босатылды
Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков пен оның орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қазан, 2024
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі өзгереді
Мәжілісте өткен брифинг барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі өзгеретінін айтты, деп жазады Egemen.kz.
15 Қазан, 2024
Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінің көлемі артты
Биыл елде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 4,8% пайызға артқан. Саладағы өсім 14 өңірді қамтыған, деп жазады Egemen.kz.
15 Қазан, 2024
Саран қаласындағы жағдай Үкімет бақылауына алынды
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Саран қаласындағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қазан, 2024
Тұрақты даму еңбек нарығына тәуелді
Кеше Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында көпті толғандырып жүрген халықтың әлеуметтік ахуалы талқыға салынды. Оның ішінде депутаттар жұмыспен қамтудың жай-күйінен бастап шетелде құлпынай теріп жүрген отандастардың мәселесіне дейін көтеріп, сөз бен істің арасындағы арақашықтықты жақындату қажеттігін алға тартты.
15 Қазан, 2024
Интернет сапасы қайтсе жақсарады?
Елімізде интернет сапасы кейінгі жылдары біршама жақсарса да, әлемдік стандарттармен салыстырғанда әлі де төмен. Халықаралық Speedtest Global Index дерегі бойынша, 2023 жылы Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша 82-орынға тұрақтаған.
15 Қазан, 2024
«Жиһаз алаяқтары» айылын жияр емес
Астанада он шақты жылдан бері тұратын бір таныс бар еді. Кеше ол «Жиһаз алаяқтары» қалай тақырға отырғызып кеткенін баяндап берді. Оның өзегін өртеген әңгімесін тыңдап отырып, заңы салтанат құрған құқықтық мемлекетте «жиһаз алаяқтарын» неге тайраңдатып қойғанымызды түсіне алмай дал болдым.
15 Қазан, 2024
Кремльде алғаш концерт қойған қазақ жастары
Мәскеудің Кремліне қазақтардың алғаш аяқ басуы тек кеңес одағы жылдарынан басталды. Ал бұрынғы астанасы Санкт-Петербургтегі француз үлгісімен салынған Император сарайының табалдырығын төңкеріске дейін біраз қазақ аттаған. Соның ішінде қазақ хандарының патшамен кездесуге барған делегация мүшелері, одан беріде Шоқан Уәлиханов, 1913 жылғы Романовтар династиясы таққа отырғанының 300 жылдық тойына барған өкілдер, тағысын тағы.
15 Қазан, 2024
Біз әуелі университеттің сенбілігінде кездестік. Жоғары курс студенттері әр жаңа топқа бақылаушы әлде жетекші болып бекітілген бе, Тәкең біздің қасымыздан табылды. Осы күні қалың тоғайға айналған Шашкин көшесі жақ 90-жылдардың ортасында ашықтау еді. Ұйысып жатқан жапырақ жоқ, тиесілі тапсырманы тез орындап, отырғызатын ағаш түптері келгенше демалып алмақпыз. Талғат күрекке сүйеніп тұрып сөзге тартты.
15 Қазан, 2024
Бұл мақаланы жазуыма белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, қызылордалық Биғали Қаюпов, Бақберген Досмамбетов, Нажімәдин Мұсабаев, Жарылқасын Шәріпов, Мұрат Мұхамбетов, Бекмырза Еламанов, Имамадин Оңғарбаев, тағы басқа қадірлі інілерім себепкер болды.
15 Қазан, 2024
Ғалам ғажаптары: Түсінде тілдесті
Ұйықтап жатқан адамдар бір-бірімен түсінде тілдесті.
15 Қазан, 2024
Тарыдай шашылған тарихымыз дүниенің төрт бұрышынан қайта табылып, өшкеніміз жанып отыр. Қатпарланған ескі ғасыр бедерлері еңкеймеген рухымыздың куәсіндей, азаттығымыздың айғағындай.
15 Қазан, 2024
Астанадағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Сәкен Сейфуллин атындағы ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Аталған университет ректоры, ҰҒА академигі Қанат Тіреуовтің бастамасымен орталық Гуманитарлық факультеттің Қазақ және орыс тілдері кафедрасының жанынан құрылып отыр.
15 Қазан, 2024