Редакция таңдауы
Өңір спортының қалыптасу, даму бастауында жүріп, Қостанайда алғашқы спорт нысандарының салынуына ұйтқы болған ардагер спортшы, ұлағатты ұстаз Дмитрий Поляковтың қазақ халқының даладай кең пейіліне, ұлттық спортына деген сүйіспеншілігі ерекше. Биыл тоқсанның бесеуіне аяқ басқан Дмитрий Степанович – тоғызқұмалақтан Қазақстанның тұңғыш спорт шебері, республиканың тоғыз дүркін чемпионы, көптеген спорт шебері мен Қазақстан чемпиондарын тәрбиелеп шығарған жоғары санаттағы жаттықтырушы.
29 Ақпан, 2024
Әуелбек Зәуірбек: Су саласының шаруасы шашетектен
Қоғамның әл-ауқатына әсер ететін бастапқы ортаның сарқылуы мен ластануына байланысты гидрологиялық қатер қоюланып барады. Халық пен экономиканың өсу үдерісін ескергенде, 2040 жылға қарай Қазақстанда су тапшылығы 12-15 млрд текше метрге жетуі мүмкін. Қазіргі уақытта трансшекаралық өзендердің су қорын пайдалануда да өткір проблемаларға тап болдық. Сондықтан Мемлекет басшысы су тапшылығы тақырыбын халықаралық мінберлерде, жұртшылыққа үндеуінде үнемі көтеріп келеді. Күрмеуі қиын сала төңірегінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Су ресурстары және мелиорация кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Әуелбек Зәуірбек ой тарқатты.
29 Ақпан, 2024
Қазақстан азаматтары бірыңғай уақыт белдеуіне көшті
Үкіметтің «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Қаулысына сәйкес 2024 жылғы 1 наурыз сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай сағаттық белдеу белгіленді (UTC+5), деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Ақпан, 2024
Мына жұмыр жер бетінде қаншама халық өмір сүрсе, соншама тарих алтын әріптермен жазылды. Маңыздысы, кімнің тарихы қалай жазылды, уақыт кемесі оны асау ағыстар мен бұла бұлқыныстардан қалай аман-есен алып өтті деген ұлы сауалға келіп тіреледі. Қалай десек те, өз тарихы мен мәдениеті үшін көкірегін мақтаныш кернейтін халықтың бірі қазақ екені рас. Қадау-қадау ғасырлардан өз еншісін алып, даласының байлығын, мәдениеті пен дәстүрінің өзгешелігін, өлеңі мен жырының өміршеңдігін мұрат тұтты. Әне, соның нәтижесінде артында ұшан-теңіз мұралар қалды.
29 Ақпан, 2024
Шәкен Айманов және ұлттық кино
Шәкен Аймановтың соңғы фильмі – «Атаманның ақырының» экранға шыққанына жарты ғасырдан астам уақыт өтіп барады. Одан бері қаншама ұрпақ ауысты, қоғам, онымен бірге адам, өнер, бәрі-бәрі өзгерді. Бірақ дүние қанша өзгеріп, қалай дөңгеленсе де, ұлттық, халықтық өнердің төлқұжаты іспетті кез келген уақыттың тезіне шыдайтын, мәңгілік өлмейтін туындылар болады. Қазақ киносының классигі, актер, кинорежиссер Шәкен Аймановтың фильмдері ұлттың жүрегіндегі алау секілді.
29 Ақпан, 2024
Жамбыл Жабаевтың туғанына 178 жыл толды
Жыр алыбы – Жамбылдың туғанына 178 жыл. Қазақтың маңдайына біткен алып тұлға 1846 жылдың 28 ақпанында Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Ақпан, 2024
Үкімет отандық өндірісті дамыту тетіктерін әзірлеп жатыр - Олжас Бектенов
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті. Отырыста 2023 жылға арналған Инвестициялық саясат талаптарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 Ақпан, 2024
«Біріне жүрек, біріне бауыр». Бір адамның ағза мүшелері 4 адамды аман алып қалды
Тағдыр тәлкегіне түскен жандарды жалғыз қалдыру − қазақ жұрты үшін жат дүние. Сөзімен сүйеп, әрекетімен демеп жіберетін қайырымды қасиет қанда бар. Ежелден жеткен үрдістің үзілмегеніне айналамыздағы оқиғалар айғақ. Мәселен, биыл 7-рет өткен «Мың алғыс» қайырымдылық жобасы бұған дейін 25 отбасыға баспана кілтін табыстаса, денесін түрлі дерт дендеген 350-ге жуық адамға қол ұшын созды. Бастамашысы «Қазақ радиолары» болған дәстүрлі іс-шара осы жылы да тосын сыйларға толы болды, деп жазады Egemen.kz.
29 Ақпан, 2024
Елде уақыт белдеуі теңеседі. Өзгеріске қалай тез бейімделуге болады?
Үкіметтің «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Қаулысына сәйкес 2024 жылғы 1 наурыз сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай сағаттық белдеу белгіленеді (UTC+5). Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан бастап 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат кейінге шегереді, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Ақпан, 2024
Әділетті Қазақстан құруда білікті әрі білімді жас кадрлардың рөлі ерекше. Қалай дегенмен де бұрынғы сарынға үйреніп қалған кейбір мемлекеттік қызметкерлер ескі сүрлеуде сүрініп жүр. Сондықтан қазіргі саяси, әлеуметтік және экономикалық реформалардың атқарылуына кедергі болады. Ал бұған жаңа леп беретін қоғамдық топ – Президенттік жастар кадр резерві.
29 Ақпан, 2024
Тауар таңбалау ісін жолға қоюдың арқасында кейінгі бес жылда Еуразиялық экономикалық одақ елдері (ЕАЭО) арасындағы контрабандалық тауар айналымы 30%-ға төмендеген. Мамандар міндетті таңбалау енгізілгеннен кейін көлеңкелі айналымның үлесі азайғандығын, өндірушілер мен импорттаушылар үшін бірнеше млрд теңге қаражатында қосымша өткізу нарығын құруға мүмкіндік бар екенін айтады.
29 Ақпан, 2024
Қолымызда – «Shosa» ЖШС шығарған жиһаз тіреу өнімі. Бір қарағанда, қарапайым көрінген осы бұйым Қазақстан асып, Ресейдің көптеген қаласына тарайды. Әуелде бұған сенбегеніміз рас. Бара көрмекке бекіндік. Қала сыртына жақын өндіріс алаңында орналасқан цех жұмысымен танысқанымызда, алғашқы күмәнді ойдан арылдық.
29 Ақпан, 2024
Осыдан 20 жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда қазіргі медицина әлдеқайда алға басты. Осы күні облыс, аудан орталықтарынан бөлек ауылдарда да жаңа емханалар салынып, халықтың саулығын сақтаудың аясы кеңейді. Әрине, бұрынғы мен бүгінгіні салыстырғанда әуелгі әңгіме маманнан басталатыны даусыз.
29 Ақпан, 2024
Білім саласын үйлестіретін заң
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру және балалардың қауіпсіздігі мәселелері туралы заңға қол қойды. Құжаттағы негізгі жаңашылдық қандай, бұл салада енді не өзгереді?
29 Ақпан, 2024
Utebayev university ғалымдары «Техникалық күкірт негізінде тұтастырғыш материал алу» жобасын қолға алды. Соның нәтижесінде Атырау мұнай өңдеу зауытынан шыққан техникалық қалдық күкірттен экономикалық және экологиялық тұрғыда тиімді күкіртті цемент алынады.
29 Ақпан, 2024
Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат ауылдық округінің тұрғыны Сәрсенкүл Аралбаева былтыр шұлық шығаратын шағын цех ашуға бекініп, биыл сол жоспарын іске асырыпты. Кәсіп иесі сұраныс артып, іс алға басса, өндіріс көлемін кеңейтуге ниеттеніп отыр.
28 Ақпан, 2024
Сол жолы тоғыз жасар балаға осы бір ұзын-шұбақ теміржол таусылмайтындай, бар өмірі осы эшелонда өтетіндей көрінген еді. Қайда табан тірері, алда не күтіп тұрғаны беймәлім, ара-тұра шет-шегі жоқ далаға қарап көз талдырып келе жатқандарына әлденеше күн болған.
28 Ақпан, 2024
Облыс әкімдігі мен Президент Іс Басқармасының Медициналық орталығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Астанадан арнайы келген білікті мамандар үш күн бойы жергілікті дәрігерлерге шеберлік сабақтары мен семинарлар өткізеді. Бұған қоса қарағандылық дәрігерлермен бірге 20 шақты жоғары технологиялық операция жасауды жоспарлап отыр.
28 Ақпан, 2024
Отандық ғалымның елеулі жаңалығы
Отандық ғалым астықты тыңайтқышсыз 50 пайызға арттырудың тәсілін тапты. Бұл ғылыми жаңалық қазір әлемнің 12 елінде сынақтан өтіп жатыр.
28 Ақпан, 2024
Енді тұрмыстағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейеді
Бүгін, 28 ақпанда Мәжіліс депутаттары тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтетін заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Құжат Сенаттың қарауына жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Ақпан, 2024