Редакция таңдауы
Аурухана құрылысының бітпес дауы
Төрт жылдан бері Қостанай облыстық балалар ауруханасындағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталмай тұр. Әу баста мердігер компания өзіне міндеттелген жұмысты жарты жылдың ішінде аяқтап, жаңарған ғимаратты қайта тапсырып беруге тиіс еді. Өкінішке қарай, аурухана ғимараты әлі бос тұр, тоқырап қалған жөндеу жұмыстары жанданар емес.
27 Ақпан, 2024
Алимент төлеуден жалтарған 14 755 азаматтың елден шығуына уақытша тыйым салынды. Былтыр сот орындаушылары тентекті тезге салғандай 7 мыңға жуығын әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Десек те, қалған 53 пайызының әлі берешегі өтелмеген. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді. Журналистерге арналған баспасөз мәслихатында бұдан өзге бірқатар маңызды мәселе көтерілді.
27 Ақпан, 2024
Мемлекеттік органдар үшін шешім қабылдауға көмектесетін «Data lakes» деректер базасын құру – аса көкейкесті мәселе. Бұл туралы Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында өткен Өңірлік сарапшылар кеңесінің отырысында айтылды. Сондай-ақ жиында аймақтардағы түйінді мәселелерді шешудің жолы талқыланып, ұсыныстар алға тартылды.
26 Ақпан, 2024
Атырау облысындағы «Теңіз» кенішінде жұмыс істейтіндер көп. Өзге елдерден келгендер де бар. Дені – ел азаматтары. Оның ішінде ел экономикасының өркендеуіне үлес қосып жүрген жігерлі жастар басым. Бәрі де жұмысын жауапкершілікпен атқарады.
26 Ақпан, 2024
Қарияның ахуалын жақсартқан операция
Ұлттық нейрохирургия орталығының Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің дәрігерлері 74 жастағы науқастың ми тамырларының бірнеше аневризмасын алып тастау үшін екі сатылы күрделі операция жасады.
26 Ақпан, 2024
Кітапхана – ой мен таным ордасы
Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысының кітапханалар желісі 318 облыстық, аудандық, қалалық, оқу мекемелік, 284 ауылдық кітапханадан тұрады. Оның қатарында 705 кітапханашы жұмыс істейді. Биыл М.Жұмабаев ауданының Қарақоға, Таман, Сулышоқ ауылдарының, Мамлют ауданының орталық, Қызылжар аудандық балалар кітапханасы күрделі жөндеуден өтіп, жаңаша жаңғырды. Барлық кітапханадағы кітап қоры 4 млн данадан асады, оның ішіндегі қазақ тіліндегі әдебиет 1,7 млн-ға жеткен. 220 кітапхана компьютерлендіріліп, интернет желісіне қосылған.
26 Ақпан, 2024
Бүтін қазақ елінің даналық, ізгілік, көшбасшылық, мемлекетшілдік қасиеттерін болмысына дарытып, философиялық көзқарасын жетілдіріп, ғылым-біліммен, өнермен қуаттанып, қайратты, ғибратты ұйымдастырушылық, жаңашылдық іс-қимылдарымен мемлекетіміздің тарихы мен тағдырына, абыройы мен беделіне өлшеусіз үлес қосқан, заманынан озып туған тұлға – Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.
26 Ақпан, 2024
Геннадий Головкин Қазақстанда беделді қызмет атқаратын болды
Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Қазақстанда Ұлттық олимпиада комитетін басқаратын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы Түркия Президентін мерейтойымен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 Ақпан, 2024
Президент Өскемен титан-магний комбинатына барды
Мемлекет басшысы «Өскемен титан-магний комбинаты» акционерлік қоғамындағы өндіріс жұмыстарының жай-күйімен және кәсіпорынның даму перспективасымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 Ақпан, 2024
Президент Өскемендегі Сәулелік терапия және диагностика орталығына барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Өскемен қаласындағы көпбейінді Онкология және хирургия орталығының базасында ашылған Сәулелік терапия және диагностика орталығына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 Ақпан, 2024
Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
Бүгінде елімізде 2 миллион 343 мың зейнеткер бар. Оларға биылғы екі айда 306 миллиардтан аса теңге зейнетақы төленген. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы көрсеткіштер негізінде орташа зейнетақы мөлшерін атады, деп жазады Egemen.kz.
26 Ақпан, 2024
Қостанайда тігін фабрикасы ашылды
«Азурит» 2018 жылы он шақты адам жұмыс істейтін шағын ғана тігін цехы еді. Әдетте жеңіл өнеркәсіптің нарықтағы жолы ауырлау болып келеді.
26 Ақпан, 2024
Жаңа кодекс су мәселесін шеше ме?
Қазір су шаруашылығы саласын ауқымды трансформациялау негізінен үш бағытта жүріп жатыр.
26 Ақпан, 2024
Сайын даланы алқызыл түске бояйтын көктем мезгілінде Жамбылда бұрын «Қызғалдақтар фестивалі» ұйымдастырылып тұратын. Жуалы ауданы аумағында өтетін іс-шараға мамандар ат басын бұрып, сұлулық пен нәзіктіктің символына айналған гүлдің арғы-бергі тарихы туралы сөз қозғайтын.
26 Ақпан, 2024
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясында Жас ғалымдар кеңесі құрылды. Ұлттық құрылтай, Ғылым және техника жөніндегі Ұлттық кеңес, сондай-ақ жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары арасынан іріктелген көшбасшы ғалымдар ғылымды дамытумен қатар сараптамалық-зерттеу қызметін жүзеге асырады.
26 Ақпан, 2024
Талдықорғанда облыс әкімдігінің бастамасымен қолжетімді үшінші дүкен ашылды. Кең әрі жайлы сауда орнында облыстың тұрақтандыру қорының және «кері схемамен» жұмыс істейтін өндірушілердің тауары 15-20 пайыз төмен бағамен ұсынылады.
25 Ақпан, 2024
Еліміздегі математика және математикалық модельдеу институтының бас ғылыми қызметкері, PhD Қанат Төленов былтырдан бері Бельгияның Гент қаласындағы Гент университетінде математика саласын зерттеумен айналысып жүр. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің постдокторантурасында білім алып, 2017-2018 жылдары Аустралияның Сидней қаласындағы Жаңа Оңтүстік Уэльс университетінде «Болашақ» бағдарламасымен бір жыл тағылымдамадан өткен. Сондай-ақ талантты жас 2019 жылы Қазақ ұлттық университетінің « Жас ғалым» аталымының игері болса, 2021 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпазы атанған.
25 Ақпан, 2024
Өмір жолы ұшы-қиырсыз алып мұхит тәрізді. Сол мұхит айдынында ел мүддесі, халық игілігі үшін еңбек етіп, лайықты орын табу ердің ерінің ғана қолынан келеді. Адам арманмен өмір сүріп, соны орындау жолында күреседі. Тура жолды айқындап, дұрыс бағыт таба білген жан ғана мақсатына адаспай жетеді. Біз елімізге белгілі тележурналист, жазушы, тұлғатанушы Доқтырхан Тұрлыбектің өмір жолы мен шығармашылығынан осындай ізденісті байқаймыз.
25 Ақпан, 2024
Тарихта тұңғыш рет қазақ композиторының операсы Ұлыбританияның төрт қаласында шырқалды. 17 ақпан күні Глазго соборында «Болашақ» бағдарламасының докторанты, композитор-пианист Рахат-Би Әбдісағиннің «Брюс» операсының әлемдік премьерасы зор табыспен өтті.
25 Ақпан, 2024