Редакция таңдауы
Бүгінгі қоғамның дамуы – ертеңгі ұрпақтың сапалы білім алуына тікелей байланысты. ХХІ ғасырда білім саласы қарқынды өзгерісті бастан кешіріп отыр. Жаңа технологиялар, цифрландыру, жасанды интеллект – барлығы да мектептегі оқушының болашағына ықпал етеді.
27 Тамыз, 2025
Тамыздың басында өңірде «Мектепке жол» акциясы басталды. Аталған акция алғаш рет 2001 жылы Қостанай қаласында қолға алынғанын да айта кету керек. Сол кездегі бір топ қолы ашық азаматтың ізгі ниетінен туған игі бастама облыстық білім басқармасы тарапынан қолдау тауып, қайырымдылық акциясы біраз жыл өңірлік деңгейде іске асырылып келді.
27 Тамыз, 2025
Ұлттық кітапханада Малайзияның Селангор штаты делегациясымен кәсіби және мәдени ынтымақтастыққа арналған ресми кездесу өтті.
27 Тамыз, 2025
Елімізде қаржылық заңнама саласына реформа жасалады
Бүгінгі Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Тамыз, 2025
Арнайы мемлекеттік жәрдемақы кімдерге беріледі
Ел алдындағы айрықша еңбегі үшін немесе төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек ретінде республикалық бюджеттен ай сайын арнайы мемлекеттік жәрдемақы (АМЖ) төленеді. 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, оны алушылардың саны 208 668 адамды құрап, оларға 15,7 млрд теңге төленген. 1999 жылы енгізілген бұл мемлекеттік қолдау түрі – халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды элементі, деп жазады Egemen.kz.
26 Тамыз, 2025
Жапония Орталық Азиямен диалогті жандандыра түспек
Орталық Азия мен Жапония осыдан жиырма жыл бұрын басталған диалогті одан әрі дамытуға ниетті. Күншығыс елі – аймақтың маңызды инвесторы ғана емес, сонымен қатар технология генераторы болып келді, ал қазір сенімді стратегиялық әріптесі. Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу елімізге алғашқы ресми сапармен келген Жапония Сыртқы істер министрі Такеши Иваямен келіссөз жүргізіп, бірқатар келісім жасасты.
26 Тамыз, 2025
Елордада астаналық педагогтердің дәстүрлі Тамыз кеңесі өтті. Іс-шарада қалалық білім саласының өткен оқу жылындағы қорытындысы мен жаңа оқу жылындағы жаңалықтары талқыланып, үздік әдістемелер сарапқа салынды. Конференцияға Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, бас шаһардың әкімі Жеңіс Қасымбек, депутаттар, білім саласының қызметкерлері, ата-аналар қатысты.
26 Тамыз, 2025
Байырғы оқу орны заманға сай жұмыс істейді
2025 жыл «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жарияланғаны мәлім. Осыған орай Мемлекет басшысы: «Кәсіптік білім беру саласына реформа жасау – айрықша өзекті мәселе. Бұл – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін аса қажет қадам», деп айтқан еді.
26 Тамыз, 2025
Табиғаттың інжу-маржаны Іле Алатауының ең көрікті аймағы Алматы мемлекеттік табиғи қорығына тиесілі. Қорық 1931 жылы мамырда Кіші Алматы өзені аймағында ұйымдастырылған. Содан бері жан пенденің еш себепсіз топырағын басып, гүлін үзуге тыйым салынған табиғи қорық аумағы Солтүстік Тянь-Шаньның орталық бөлігінде, теңіз деңгейінен 1200–5017 метр биіктікте, жалпы алқабы 71700 гектарды құрайтын Талғар, Есік аудандарын алып жатыр.
26 Тамыз, 2025
Үлкен экранда – «Бақыт құшағында»
23 қазаннан бастап ел кинотеатрларында Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы аясында түсірілген «Бақыт құшағында» жаңа мюзиклі ұсынылады. Кинокартина бастан-аяқ ұлы композитордың әндерімен сүйемелденген. Күрделі әрі қызықты жанрдағы туындының бас продюсері әрі режиссері – New York Film Academy түлегі Санат Шапашов.
26 Тамыз, 2025
Мысыр 21 жасқа толмаған қазақстандық туристерге жаңа ереже енгізді
Мысыр билігі Қазақстаннан келетін жас туристерге қатысты жаңа шектеулер енгізді. Енді 21 жасқа толмаған қазақстандықтар бұл елге ата-анасының немесе заңды қамқоршысының ертіп жүруінсіз кіре алмайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Тамыз, 2025
Конституцияға 30 жыл: 2022 жылғы реформалар қандай өзгеріс әкелді
Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай 2022 жылғы конституциялық түзетулерге түсіндірменің 2-басылымының тұсаукесері өтті. Мәжіліс депутаты, заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Башимов конституциялық өзгерістердің мемлекет пен қоғам үшін маңыздылығы туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Тамыз, 2025
Еңбек министрлігі жұмыссыздарға халық санағына байланысты жұмыс ұсынады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тіркеуде тұрған 24 790 қазақстандыққа жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жөнінде SMS-хабарлама жолдайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Тамыз, 2025
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
Синоптиктер 26, 27 және 28 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Тамыз, 2025
Су ресурстары және ирригация вице-министрі тағайындалды
Талғат Амангелдіұлы Момышев су ресурстары және ирригация вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 Тамыз, 2025
Елімізде күріштің жаңа сорты шығарылды
«Сыр сұлуы» деп аталатын күріш сортын Қызылорда облысында Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты сынақтан өткізіп жатыр. Жаңа сорттың ерекшелігі 105-110 күн ішінде пісіп-жетіліп, суды аз қажет етеді, деп жазады Egemen.kz.
25 Тамыз, 2025
Газ өңдеу кәсіпорындары: мүдде мен мүмкіндік
Геологиялық барлау деректеріне сүйенсек, елде 3 трлн текше метрден астам газ қоры бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда газ мәселесіне тоқталып, «Былтыр бірқатар газ кеніші игеріле бастады. Сондай-ақ жылына жалпы көлемі бір миллиард текше метр газ өндіретін жаңа кен орындарын игеру жоспарланып отыр. Әзірге бұл жобалар толық іске қосылған жоқ. Сондықтан газды ішкі нарыққа тиімді бөлу қажет. Жылу электр орталықтарын және қарапайым тұтынушыларды көмір орнына газ жағуға көшіру жұмысын байыппен жүзеге асырған жөн», деген еді. Президент сондай-ақ Үкіметке Жаңаөзен, Қашаған және Қарашығанақтағы газ өңдеу кәсіпорындарының құрылысын тездетуді тапсырды.
23 Тамыз, 2025
Энергетикалық қуатты арттыру – айрықша міндет
Энергия қуатын арттыру бүкіл әлемде түйткілді мәселеге айналып отыр. Еліміз бұл міндетті кешенді шешімдер арқылы реттеуге мүдделі. Қазіргі уақытта отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары белсенді қолға алынған. Бұл өз кезегінде тұрақты экономикалық өсімге негіз болмақ.
23 Тамыз, 2025
Ұлттық сапа орталығының қызметі жүйеленеді
Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автожолдың сапасын арттыру мәселесі бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғыртуға қатысты Президент қойған міндеттер ескеріліп, саланың ағымдағы жағдайы мен даму жоспары қаралды.
23 Тамыз, 2025
Бекем бауырластық рухындағы қазақ-қырғыз қарым-қатынасы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталды. Мұнда Отанына әр кезеңде қалтқысыз қызмет еткен қырғыз халқының даңқты перзенттері, сталиндік репрессия құрбандары жерленген. Кешенге «Ата бейіт» атауын жазушы Шыңғыс Айтматов ұсынған. Мемлекет басшысы мемориалдық кешен аумағындағы 1916 жылғы үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды. Бұдан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқының кемеңгер жазушысы Шыңғыс Айтматовтың бейітіне арнайы барып, қаламгердің рухына Құран бағыштады.
23 Тамыз, 2025