Редакция таңдауы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Сәуір, 2023
Туризмді дамытудың жөні – жолды түзеу
Туризмге әлемдік жиынтық өнімнің 10 пайыздайы тиесілі, яғни бұл сала мұнай және мұнай өнімдерін, автокөліктерді экспорттаудан кейінгі үшінші орында. Алайда «World Travel Tourism Council» халықаралық ұйымының мәліметі бойынша Қазақстандағы туризм ішкі жалпы өнімінің 5,2 пайыздайын ғана өндіреді. Көздің жауын алатын тамылжыған табиғаты, көне заманнан қызғылықты сыр шертетін тарихи-мәдени орындары көп елімізде туризмнің зор әлеуеті толық пайдаланылмай отырғаны қынжылтпай қоймайды.
05 Сәуір, 2023
Бас прокуратураның мәлімдеуінше, қазіргі таңда қылмыс жасады деген күдікке іліккен 2,5 мыңнан астам адамға іздеу жарияланған екен. Жалпы, соңғы үш жылда елдегі қылмыстық қудалау органдары әртүрлі қылмыс жасады деген күдікпен 3 мыңнан астам адамды іздеуде.
05 Сәуір, 2023
Балаларды оңалтатын қос орталық
2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне орай Шымкент қаласында медициналық әлеуметтік маңызы жоғары екі бірдей мекеменің тұсауы кесілді. Бірі Аутизмі бар балаларға арналған, екіншісі – «Қамқорлық» ерте араласу орталығы.
05 Сәуір, 2023
Ұлттық музейдің ұтымды дәстүрі
Бүгінгі заман талабы – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан саналы ұрпақ тәрбиелеу. Әрине, бұл мақсатта қазір балаларға арналған түрлі орталықтар жұмыс істейді. Мұндай орындарда жас өскіндер қоғаммен араласып қана қоймай, өздерін жаңа қырынан да танып үйренеді. Жаңа тынысы ашылады. Яғни қосымша орталықтар мен үйірмелердің балаға берер пайдасы көп. Астана төріндегі Ұлттық музей де балаларға ұлттық тәрбие беру мен дамыту іс-шараларынан кенде емес.
05 Сәуір, 2023
Абайтанушы – романның бас кейіпкері
2022 жылы «Дәуір» баспасынан Елен Әлімжанның «Алтын жүлге жыры» атты романы жарық көрді. Кітап аннотациясында жазылғандай, бұл роман – ғылыми шығармашылық иесі туралы интеллектуалды туынды. Жазушы шығармасының бас кейіпкері – ғалым Мекемтас Мырзахметұлы. Жазушыны ғылыми айналымға М.Мырзахметұлының ізденісі арқылы енген Абайдың «Толық адам» ілімі қатты қызықтырған екен. Және осындай іргелі танымның мәні мен төркінін, желісі мен жүйесін көзіқарақты қауым мен ғылыми ортаға ізерлі түрде айқындап берген абайтанушы ғалымның өзі де – жазушының ойынша, «біздің заманның кемел адамы».
05 Сәуір, 2023
Ипотека қаншалықты қолжетімді?
2022 жылдың қорытындысы бойынша, бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтылу көрсеткіші 23,4 шаршы метрді құраған. БҰҰ-ның әлеуметтік стандарттарына сәйкес бұл көрсеткіш 30 шаршы метрден асуы тиіс. Біздің елдегі баспана алудың бірегей жолы – ипотека және бұл заңдылықтың жақын арада өзгере қоюы екіталай.
04 Сәуір, 2023
Астанада Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күніне арналған «Autism Talks: ерекше балаcы бар отбасылардың жігер берер оқиғалары» атты мотивациялық кездесу өтті. Аталған жиында ерекше оқиғалар баяндалды.
04 Сәуір, 2023
Жүйкені жұқартқан жалақы «жыры»
Кейінгі уақытта Жамбылда жалақы «жыры» Манастың ырынан кем түспей тұр. Әлеуметтік теңсіздіктен қажыған халық шайлыққа жетпейтін айлықтың мәселесін көтеруден жалығар емес. Жарытымды жалақыны армандаған жамағат билік басындағылар мен олардың қасындағылар жанайқайымызға құлақ асатын күн туса деген арманның жетегінде жүргені жасырын емес.
04 Сәуір, 2023
Бүгінде интернет алаяқтарының қулығы түпсіз, құрығы ұзын болып тұр. Желі арқылы жұртты сазға отырғызып кеткендердің көбі арам ойын алыстан-ақ жүзеге асырады.
04 Сәуір, 2023
Браконьерге тосқауыл болмай тұр
Атырау облысында браконьерлікті кәсіп етіп, Каспий теңізіндегі бекіре тұқымдас балықтарға аш қасқырдай тиетіндер азаймай тұр. Неге? Мұның бір ғана себебі бар. Бұл – бекіре қара уылдырығының қара базардағы нарқының қымбаттығы. Сол себептен браконьерлер жылдың төрт мезгілінде де теңіз төрінен бағалы балықты заңсыз аулауды доғарар емес.
04 Сәуір, 2023
Биылғы қыстың қарасуығы Сыр жұртшылығын біраз қысып, мал-жанды әбігерге салып қойды. Дегенмен наурыздың соңғы күндері күн қабағы күрт ашылып, тал-дарақтар бүршік жара бастаған еді. Осы мамыражай мезетті сәуірдің алғашқы күндері көтерілген шаңды дауыл бұзды да кетті.
04 Сәуір, 2023
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Шымкент өңірлік комиссиясы жұмыс тобының жетекшісі, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Рухани жаңғыру және ҚХА» орталығының басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлнар Жанысбекова шаһарда «Халық жады» акциясы бастау алғанын мәлімдеді.
04 Сәуір, 2023
Биыл 1916 жылғы Торғайдағы тарихи көтерілістің қаһарманы Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толуына орай мазмұнды іс-шара елордадан бастау алып, Ұлттық музейде «Батырдың биік тұлғасы: тарихы, зерттелуі, ақиқаты» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оны Қостанай облысының Мәдениет басқармасы мен Ұлттық музей бірлесіп өткізді.
04 Сәуір, 2023
Еліміздің оңтүстік өңірінде түлеп, әлемдік музыка мәдениетінің кәсіби деңгейдегі ірі тұлғасы болып қалыптасқан, қазақ мәдениеті мен өнерінің дүлдүлі атанған Мыңжасар Маңғытаев өте кішіпейіл, сырбаз, парасатты, мәдениетті, білімді азамат болды. Адам неғұрлым қарапайым болса, оған елдің құрметі де соғұрлым арта түседі.
04 Сәуір, 2023
Атыраудың ауасы әбден бүлінді. Біресе, ауаға күкіртті сутек шекті нормадан көп тарайды. Біресе шаң басады. Тұрғындардың тынысын тарылтқан осындай жайттар аз болғандай, Каспий теңізінің жағалауында өртенген қамыстың түтіні де қолқаны қауып тұр. Бұған қоса қоршаған ортаға залалы орасан болуы мүмкін алау жағатын кәсіпорындар бар.
04 Сәуір, 2023
Мемлекет басшысы бірқатар азаматты марапаттады
Президент Жарлығымен өндірістік қызметке сіңірген ерекше еңбегі үшін, сондай-ақ «Теңізшевройл» ЖШС 30 жылдығы құрметіне орай арнайы төсбелгілер тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
04 Сәуір, 2023
Мәселені 3 жыл ішінде шеше алмаған басшыға шара қолданылады - Президент Жарлығы
«Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» ҚР Президентінің Жарлығына өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
04 Сәуір, 2023
Оқу-ағарту министрі тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
04 Сәуір, 2023
Ербол Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы министрі қызметінде қалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
04 Сәуір, 2023