Редакция таңдауы
Осыдан он шақты жыл бұрын ұн экспортынан әлемде, соның ішінде дәстүрлі нарық – Орталық Азия елдерінде алдыңғы қатарда болған Қазақстан қазір осы көшбасшылықты сақтап тұр ма? Отандық ұн өндірісінің жай-күйі мен экспорттық әлеуеті қандай? Бұл мәселелерді талдағанда сала үшін мемлекеттің белсенді қолдауы ерекше маңызды екенін атап өту қажет.
02 Наурыз, 2023
Тұрғын үй нарығы: Төмен мөлшерлемелі бағдарламалар экономикаға зиянын тигізіп жатыр
Тұрғын үй нарығы туралы сөз болғанда, әңгіме мемлекеттік бағдарламаға келіп тіреледі. Бірқатар сарапшы жеңілдетілген шарттары бар бағдарламалардың экономикаға орасан зор зиян келтіретінін айтса, екінші тарап мұндай жобаларсыз халықтың баспанаға қол жеткізуі қиындай береді дегенді алға тартады.
02 Наурыз, 2023
Жалақының төмендігін айтып, мәселе көтергендер қатары соңғы уақытта Жамбыл өңірінде жиі байқалады.
02 Наурыз, 2023
Медреседегі білім мемлекет талабына сай ма?
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне ден қойсақ, елімізде 9 колледж-медресе жұмыс істейді. Осы орайда «медреседегі білім мемлекет талабына сай ма?» деген заңды сауал туындайды. Осы сұраққа жауап іздеп көрейік.
02 Наурыз, 2023
Баға бақылаудан шығып бара ма?
Ұлттық банк кезекті рет базалық пайыздық мөлшерлемені 16,75 пайыз деңгейінде сақтап қалды. Инфляциялық күтулер 2022 жылғы желтоқсанда шарықтау шегіне жетіп, кейін төмендеді, бұл алдыңғы болжамның алғышарттарына сәйкес келеді. Алайда инфляциялық күтулер әлі де жоғары және олардың төмендеуінің айқын тренді әлі қалыптаспаған. Бұл инфляцияның жылдам баяулауына кедергі келтіріп отыр.
02 Наурыз, 2023
Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Меценат» әдеби байқауының тұңғыш жеңімпазы, жазушы Шархан Қазығұлдың «Күлпет» романының тұсаукесері өтті. Тәуелсіз бәйгеде топ жарған дәл осы романы үшін автор өмір бойы ай сайын 500 АҚШ доллары мөлшерінде сыйақы алып отыратынын бұған дейін жазған едік. Ұлт әдебиетіне жаңалығымен енген шығарманың таныстырылымына зиялы қауым өкілдері қатысты.
02 Наурыз, 2023
Ақорда мен Ақ үй арасы: Серіктестіктің маңызы мен мәні
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Астанаға ат басын бұрды. Мұхит асып келген мейман Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды. Кездесулер барысында бірқатар маңызды мәселе талқыланды. Осы орайда, мұхиттың арғы бетінен келген қонақтың сапары қаншалықты маңызды екенін білмек мақсатында сарапшылардың пікірін білген едік.
02 Наурыз, 2023
Еңбек нарығындағы жағдай – ерекше бақылауда
Миллионнан аса халқы бар, тіршілігі қайнап жатқан мегаполиске арман қуып жан-жақтан ағылатын жастармен қоса, тұрмысын түзеймін деген үмітпен келетін жұрт та аз емес. Сондықтан елордадағы еңбек нарығын ерекше назарда ұстау маңызды. Бұл бағыттағы іс-шаралар жөнінде қалалық Жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Сәбит Жаманбаев кеңінен мағлұмат берді.
01 Наурыз, 2023
Кейінгі кезде мектептегі зорлық-зомбылық пен әскердегі суицид көбейіп кетті. Тіпті аптасына болмаса да, айында мұндай жантүршіктірерлік жағымсыз ақпараттарды көзіміз шалып жүр.
01 Наурыз, 2023
Жерге қатысты жауапсыздық тыйылмай тұр
Әулиеата өңірінде жер қатынастарына қатысты былықтың беті ашылып жатыр. Қолында билігі барда белден басқандардың әрекеті әшкере болды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Қуаныш Ахметқалиев хабарлады.
01 Наурыз, 2023
Алақанымен айды қалқаламақ болған қан-қасап замандарда рухани ұлт-азаттық көтерілісшілер, аспан тектес рухымен қара түнекті қақ тілген дарабоз тұлғалар дүниеге келді. Тарих толқыны алай-дүлей теңселген тұстарда ақын-жазушылар алғадай болып, ел еңсесін тіктеп, алып қуатын оятып отырды. Желтоқсан алауының тұтануына себеп болған, жас жүректерге ұлтшылдықтың маздақ отын жаққан да рух шырақшылары болатын.
01 Наурыз, 2023
Әдебиетте қысқа жазудың әдемі үлгісін көрсеткен, әрине, Чехов. Сонысымен жазуда ерекше құбылысқа баланған Чехов ақсақалды әлем әмсе сүйіп оқыды, қазақ оқырманы да жақын тартты. Бүгінгі даңқына жазушылықтың тәтті азабымен жеткен қаламгер «чеховский интеллигент» түсінігін тірідей көрсетіп һәм оның алғашқы зиялысы да өзі болды.
01 Наурыз, 2023
Француз поэзиясы – толассыз дүмпу мен жарылыстар мекені. Қайбір жаңалықтың түбірі француз ақындарымен жалғасып жатады. Символизм жанрын қалыптаған Бодлер, сюрреализм жанрының алғашқы қарлығашы Аполлинер сөзімізге айғақ. Осы тізбектен өлеңсүйер қауымының жүрегін қаритын, бірде асқан романтик, бірде жындысүрей, бірде ұлтты сүюдің таңбасы іспетті Аполлинер есімі бөлек.
01 Наурыз, 2023
Жер дүниедегі жаратылыс атаулыны тану адамзат дамуымен қатар ілгерілей беретіні сияқты ұлыларды тануға тырысу да жылдар бойы тоқтаусыз жүреді. Сол арқылы тұлғаның өмір сүрген уақытынан алыстаған сайын рухына жақындауға талпынамыз. Ұлы жырлары «бұл ғасырдың шегінен асатын» (М.Әуезов) Мағжан Жұмабаев сынды ақындар заманынан озып туатыны туралы айтамыз. Алайда кеңестік кезде кесіліп кеткен шығармалары хақында аздап естіп-білеміз.
01 Наурыз, 2023
Жасанды интеллект адамзаттың жауы ма?
Жасанды интеллект – жиналған ақпаратты қолдана отырып, кез келген тапсырманы орындайтын алгоритмдік жүйе. Ол адамның қолынан келе бермейтін тапсырмаларды оңай әрі тез орындай алады. Шағын жобаларды іске асыру бағытында да жасанды интеллектінің мүмкіндігі шексіз екенін аңғарып жүрміз.
01 Наурыз, 2023
Баскетболдағы бәсіміз неге төмен?
Әлемдік додаларда бақ сынап жүрген жерлестеріміз командалық сайыстарға қарағанда, жекелеген спорт түрлерінде сәтті өнер көрсетіп жүргені жасырын емес. Жеке-дара көш бастауға ұмтылатын Жеке батырдың бүгінгі ұрпақтары әлі күнге дейін ұжымдық ойында ұйымшылдық таныта алмай-ақ қойды. Мәселен, күні кеше баскетболдан әлем чемпионатына іріктеу матчтары өз мәресіне жетті. Өкінішке қарай, жаһандық доданың жолдамасына бір табан жақын тұрған Қазақстан құрамасы шешуші екі ойынның екеуінде де жеңіліп, әлем біріншілігінен құралақан қалды.
01 Наурыз, 2023
Аграрлы өңір саналатын Жамбыл облысында егіс алқабы жыл өткен сайын ұлғайып келеді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітековтің айтуынша, өткен жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 756 мың гектар жерге орналастырылса, биыл 770,7 мың гектарға жеткізу мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр.
01 Наурыз, 2023
Су тасқыны қаупі бар аймақтар анықталды
Бүгін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары мемлекеттік органдармен және өңірлердің әкімдіктерімен кездесу өткізіп, көктемгі су тасқынына дайындық мәселелерін талқыға салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Наурыз, 2023
Ұлттық статистика бюросы ұсынған соңғы деректерге сәйкес, 2023 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 788 254 адамды құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Наурыз, 2023