Редакция таңдауы
Өкінішке қарай, қазынаға тиесілі салық пен өзге де төлемдерді жасырып қалуға тырысатын кәсіпкерлер әлі де азаймай отыр. Павлодар облысындағы үлкен бір серіктестіктің басшысы 165 млн теңгенің алым-салығын төлемей, жалтарып келген. Жақында бизнесмен бұл әрекеті үшін қылмыстық жазаға тартылды.
13 Қараша, 2022
«Жедел жәрдемге» – жүрдек көлік
Жетісуда «Жедел жәрдем» стансасы санитарлық автокөлікпен толық қамтылды. Өңір әкімі Бейбіт Исабаев дәрігер қауымына 40 жаңа көліктің кілтін тапсырды. Одан бөлек жаҺандық індет кезінде жан аямай еңбек еткен медицина мамандары тағы бір қуанышты жаңалықтан хабардар болды. Алдағы уақытта Талдықорғанда ересектер мен балаларға арналған өңірлік кардиохирургия орталығы бой көтермек.
13 Қараша, 2022
Ақаң көшелерінің мәдени бәсекесі
Қостанайда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы көшелер арасында өткен байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Соңғы отыз жыл ішінде облыс аумағында оннан астам көшеге ұлт ұстазының есімі беріліпті. Облыстық мәдениет басқармасы ұйымдастырған салтанатты іс-шараға осы көшелердің тұрғындары, өңір зиялылары мен ауыл әкімдері қатысты.
13 Қараша, 2022
«Қара Қабылан» қазақша сөйледі
Бұдан былай қазақ көрермендері MARVEL-дің фантастикалық блокбастері «Қара Қабылан: Ваканда жасасын» фильмін қазақ тілінде тамашалай алады. Күні кеше ғана Астанадағы «Сарыарқа» ойын-сауық орталығындағы Kinopark-та әйгілі туындының қазақша дыбысталған нұсқасы алғаш көрсетілді.
13 Қараша, 2022
Былтыр «EcoBusinessLab» қанатқақты жобасының бірінші кезеңінде 35 студент оқу курсынан өткен еді. Бүгінде олар бизнесін табысты іске асыруда. Шарапаты мол жобаны «ITeachMe» қоры Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және серіктес «Шеврон» компаниясының қолдауымен бастаған-ды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында кеңінен ақпарат берілді.
13 Қараша, 2022
Экобелсенділер французша тіл сындырды
Қазақстан француз тілі мұғалімдері қауымдастығының ұйымдастыруымен «Француз тілін үйренеміз және экобелсенді боламыз» тақырыбында акция өтті.
13 Қараша, 2022
«Балалар жылы» аясында КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері Амангелді Аймағамбетовтің құрметіне еркін күрестен 2008 жылғы және одан кіші жасөспірімдер арасында қалалық ашық біріншілік өтті.
13 Қараша, 2022
Иорданияның бас шаһары – Амманда өткен бокстан ерлер және әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Екі аптаға жалғасқан Сары құрлық додасында Қазақстанның ерлер құрамасы жүлде саны жағынан тәуір нәтиже көрсеткенімен, сапа жағынан Азиядағы басты бәсекелесімізге жол беріп қойды. Қыздар құрамасы да жігіттердің жағдайын қайталап, жалпыкомандалық есепте Үндістаннан кейінгі екінші орынға жайғасты.Азия чемпионатына аттанар алдында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында: «Былтыр Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен біріншілікте жігіттеріміз алтынсыз оралып, қоғамның сынына ұшыраған болатын. Дубайдағы сол сәтсіздіктің есесін биыл қайтарып, Амманда жалпыкомандалық есепте көш бастаймыз», деп мәлімдеген болатын.
13 Қараша, 2022
Тақтайдай тегіс жолмен жүреміз
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына жасаған сапары барысында аймақтың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен автомобиль жолдары инфрақұрылымын жаңғырту мәселесін назарға алған еді. Осы ретте республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың сапасын арттыру бойынша кешенді іс-шаралар жоспары бекітілді.
13 Қараша, 2022
Бұл күндері Алматыда «Жапон күзі» атты әлеуметтік-мәдени жоба жүріп жатыр. Алматылықтар 20 қарашаға дейін «Almaty Gallery» көркем галереясынан тегін көре алатын халықаралық мәдени оқиғаның басты қонағы – табиғи және техногендік апаттар, адам мен қоршаған ортаның байланысы сынды мәселелерді көтеріп келе жатқан белгілі жапон фотосуретшісі Шигеру Йошида.
13 Қараша, 2022
Кешегі Шер ағаң – Шерхан Мұртаза «әттеген-ай орын алған жерді аңғарса, бір ауыз сөзбен сойып салатын. Бір жолғы бір ауыз сөзінде: «Диқандар көктемде өліп-өшіп егін салды... Егін пісті... Бір тонна солярка – бір жарым-екі тонна бидай», деп шамырқанғаны бар.
13 Қараша, 2022
Азия чемпионаты: Бокстан Санжарға алтын, Сәкенге күміс бұйырды
Бүгін Амманда бокстан Азия чемпионатының соңғы жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Қараша, 2022
Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса жансақтау бөліміне түсті
Бүгін депутатқа ота жасалады. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Қараша, 2022
ҚР Президенттігіне кандидаттардың теледебаты басталды
«Хабар» арнасының тікелей эфирінде ҚР Президенттігіне кандидаттардың теледебаты өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
11 Қараша, 2022
Аршалыда төтенше жағдай жарияланды
Ақмола облысының Аршалы кентіндегі жылыту қазандығынан шыққан апатқа байланысты ауданда төтенше жағдай жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
11 Қараша, 2022
Жайна Шекербекова Азия чемпионы атанды
Қазақстандық боксшы Жайна Шекербекова (54 келі) Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
11 Қараша, 2022
Астанада екі жұмысшы 14-қабаттан құлап кетті
Бүгін Астана полиция бөлімшесіне жұмысшылардың жоғарғы қабаттан құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Қараша, 2022
Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады
Қазақстан Ұлттық Банкі Цифрлық теңге жобасымен алдайтын сайттардың пайда болғанын ескертеді, деп жазады Egemen.kz.
11 Қараша, 2022
Мүдделер қақтығысы бар: Сенатор бюджетаралық қатынастар туралы айтты
Жалпы сипаттағы трансферттер әкімдіктердің қаржылық мүмкіндіктерін теңестіруге тиіс. Бірақ түрлі көрсеткіштер бойынша аймақтар арасындағы диспропорция әлі де бар, деп жазады Egemen.kz. Бұл туралы сенатор Бекболат Орынбеков Палата отырысында айтты.
11 Қараша, 2022
Президент түркі елдерінің «Цифрлық кітапханасын» құруды ұсынды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Түркі халықтарының ортақ жазба мұрасын зерттеуге арналған «жол картасын» әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Қараша, 2022