Редакция таңдауы
Мағзұм Мырзағалиев жаңа қызметке тағайындалды
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының шешімімен және Президент әкімшілігінің келісімімен Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Сәуір, 2022
Министрліктер мен әкімдіктер жанындағы кеңесші органдар саны қысқарады
Үкіметке екі айдың ішінде өз аппаратының, орталық және жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың санын екі есе қысқарту жүктелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Сәуір, 2022
«Сталинград. Майдан шебі. Гүрсілдеп жарылған снаряд дауысы, басыңды көтерсең қарша жауған оқ, ол жетпегендей немістің ұшағы жаңа ғана төбемізден бомба лақтырып өтті. Біздің артиллеристер снаряд бағыттаған жерді байқап қалған немістер атқылауларын одан сайын күшейте түсті. Біздің солдаттар бомбылаудан кейін қираған «Красный Октябрь» зауытына келіп бекінді. Оның үстіне немістің снарядтары дәл түсіп жатты. Біздің батальон тұрған жерін бірнеше рет өзгерткенімен, бұл маневр еш нәтиже бермеді. Жаралы солдаттарды сол жағалауға алып баруға, оларды жаңа жауынгерлермен алмастыруға да мүмкіндік болмады. Немістердің атқылауы осылайша бірнеше күнге созылды. Біздің солдаттардың төзімі де таусылуға айналды.
14 Сәуір, 2022
«Гюгоның өлеңдері көбелектің қанатындай жеңіл» деген баға беріпті ақынды оқыған бір ғұлама. Гюгоның поэзиясын сүзіп шыққанда ақынның өлеңдері осындай сөз тудырған болады. Біздіңше үлкен баға сынды осы сөз.
14 Сәуір, 2022
Үнемделген қаржы – 5,3 млрд теңге
Өткен жылы елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің ұсынымдары бойынша жалпы сомасы 5,3 млрд теңгеге бюджет қаражаты үнемделген. Бұл нәтижеге мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын игеруге мониторинг жүргізу аясында қол жеткізіліп отыр.
14 Сәуір, 2022
«Сақалды» құрылыстың былығы көп
Павлодар қаласында шаһардың шырайын бұзған «сақалды» құрылыстар аз емес. Кәсіпкерлердің жобаны аяқтауға қаражаты жетпеді ме екен, әлде іргетасы қаланғаннан кейін жайбараттыққа жол берді ме екен? Не десек те, облыс әкімдігі бұл мәселені шешуді мықтап қолға алғаннан бері кейбір құрылысқа қан жүгіре бастады.
14 Сәуір, 2022
«Озғандарға жету керек, жеткендерімізден озу керек»
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекетіміздің біртұтастығы мен тәуелсіздігіне үйірілген қара құйынның, «қанды қылмыстың» түп себебінің ақиқатын талдап, әділ түсініктемесін жеткізді.
14 Сәуір, 2022
Семейде ядролық қауіпсіздік аймағы құрылады
Кеше Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы заң жобасы мақұлданды.
13 Сәуір, 2022
Өзінің бақай есебі мен қу құлқыны үшін біреуді нақақтан күйдіріп, қарау іс жасайтын адамның кенеттен өз басына қара бұлт үйіріліп, әділетсіздікке тап келсе, сол бейбақтың көңіл күйі қандай болады? Иә, дүние кезек. Кешегі зорлықшыл бір күнде жапа шегуші, бүгінгі әлсіз, ертең алпауыт болуы әбден мүмкін. Осындайда Джек Лондонның «Күмән» деген әңгімесінде баяндалған жағдаяттар ойға орала кетеді.
13 Сәуір, 2022
Біз бабалар шын тілеген жаңа заман, жаңа Қазақстанда бақуатты өмір сүреміз деп жатырмыз. Тәңір ниетімізді оңғарсын, тілегімізді қабыл етсін. Өткенмен ұштасып, түзу дәуірмен сабақтассын. Ал сол өткеннің жүрегіңді жылытар, жаныңды жадыратар, үмітіңді оятар бәрекелдісін танып білу де бір ғанибет. Өткенсіз бүгін әлсіз, сөз нәрсіз.
13 Сәуір, 2022
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды бағдарламасында мемлекеттігіміздің мықты іргетасы – әділдік, ал оған әкелетін маңызды басымдықтардың бірі – жемқорлықты түп-тамырымен жою екенін мәлімдеген болатын. Осы бағытта Мемлекет басшысының бастамасымен бірқатар пәрменді шара қабылданып, қоғамдық өмірдің қай саласына болсын дендеп енген қылмысты құбылыстан құтылуға күш салынып отыр.
13 Сәуір, 2022
Күйдіру машиналарының өнімділігі артты
Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігінің шекемтас өндіру цехындағы екі күйдіру машинасы жаңғыртылып, қайта іске қосылды. Жабдықтың жұмысы 6 ай тоқтап тұрған болатын. Қалпына келтіру жұмыстарына 1 жыл кетті. Жобаға жұмсалған инвестиция көлемі шамамен 3 млрд теңгеге тең.
13 Сәуір, 2022
Азық-түлік тауарларына тапшылық жоқ
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбілдабеков пен Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тежеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы және бағаның өсу себептері жөнінде баяндады.
13 Сәуір, 2022
Маман тапшылығын жою – маңызы зор мәселе
Ауыл шаруашылығы саласындағы кадр тапшылығы жайлы аз айтылып жүрген жоқ. Шаруалармен жолығып қалсаң, әңгімесін субсидия мәселесінен бастап, ветеринар мен механиктердің қажеттілігімен жалғастырады. Зейнеткерліктің ауылына қадам басқан тәжірибелі мамандар ай-күнін санап отыр. Жастардың ауылға баруға ниеті аз. Қайтпек керек?
13 Сәуір, 2022
Биыл Жеңіс күніне арналған әскери шеру өтпейді
Биыл Нұр-Сұлтан қаласында Жеңіс күніне арналған әскери парад ұйымдастырылмайды, деп хабарлады Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 Сәуір, 2022
Құрылыс саласындағы лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды
Соңғы уақытта көп пәтерлі үйлер мен әлеуметтік объектілер құрылысының рұқсат құжаттарынсыз бұзылу жағдайлары жиілеп кетті. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі өзінің Telegram-каналында хабарлағандай, жыл басынан бері 169 млн теңгеге 615 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Сәуір, 2022
Оралда көші-қон полициясының бөлім басшысы парамен ұсталды
Орал қаласында пара алғаны үшін айыпталған көші-қон полициясының бөлім басшысы қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz «Уральская неделя» порталына сілтеме жасап.
13 Сәуір, 2022
Ресейден Қазақстанға тасқын су келе жатыр
Сәуірдің 12-сі күні елорда уақытымен 17:40-та Ресей Федерациясы Орынбор облысына қарасты Ташлин ауданы Пустобаев елдімекеніндегі су қоймасының 7-8 метрдей бөгеті бұзылып, тоспа су төменге қарай лап қойды деген суыт хабар келді.
13 Сәуір, 2022
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада көрнекті әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішевтің туғанына 95 жыл толуына орай, ғалымның шәкірті, профессор Жандос Смағұловтың «Абыз ғалым, аңыз тұлға» атты дәрісі өтті.
13 Сәуір, 2022
2022 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жеке тұлғалар ашқан брокерлік шоттар саны көбейе түскен. Қазіргі кезде олардың нақты саны 313 388-ді құрап отыр. Яғни соңғы бір жылда 2,1 есе артқан. Ал биыл жыл басынан бері 44 пайызға көбейгені байқалады.
13 Сәуір, 2022