Редакция таңдауы
Академиктің жеке заттары музейге тапсырылды
Елордадағы Ұлттық музейде көрнекті әдебиеттанушы ғалым, академик Серік Қирабаевтың құнды жеке заттары музей қорына табыс етілді.
04 Сәуір, 2022
Технология тілі қыздарға жат емес
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның 150-ден астам бойжеткені ауаның ластануын анықтауға арналған наноспутниктерді стратосфераға ұшырды. Бұған БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қорының UniSat білім беру бағдарламасы мүмкіндік берді.
04 Сәуір, 2022
Бұл туралы қаншама шығарма бар, қаншама аңыз, әпсаналар уақыт құрсағын кеңітіп, әдебиетте қадау-қадау туындылар жазылды. Шыр еткен сәбидің қырық күндік шілде суынан бастап дүние салғандағы мейрам суына дейінгі аралықта қалай өмір сүрді, адамдық антына ту етіп, адалдық сертін ұстады ма, алыс жақынға несімен жұғымды болды, басқаны былай қойғанда өз бағасына жетті ме, соңына қандай із қалдырды, осының бәрін сарапқа салғанда, адам баласының қадір-қасиеті деген жалғыз ауыз сөзге сиятын секілді. Қазақ қарнының ашқанына емес, қадірінің қашқанына жылайтын халық еді ғой.
04 Сәуір, 2022
Халық жаңа саяси партияларды қолдауға дайын
Сөзімді Жолдаудан үлкен үміт күткенімізден бастайын. Мұны мен институт қабырғасында бірқатар маңызды сараптамалық кездесу, әлеуметтанулық зерттеу, қоғамның түрлі салаларындағы әртүрлі адамдармен әңгімелесу барысында сездім. Сондай-ақ бұл үмітіміз ақталып қана қоймай, көптеген күмәншіл адамдардың көзқарастарынан да басым болғаны қуантады.
04 Сәуір, 2022
Жыл басында болған қаңтар оқиғаларынан кейін мен Қазақстандағы жағдайды, елдің даму бағытын ерекше назарда ұстап келемін. Осыған орай Қазақстанды демократияландыру, экономикалық ырықтандыру және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елінің ашықтығы үшін қолға алған институционалдық реформалары мен елді жаңғырту үдерісіне толық қолдау білдіргім келеді.
04 Сәуір, 2022
Жетісу және Алматы: Екі облысты құру қалай жүзеге асады?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында еліміздегі мемлекеттік басқару үдерісін жеңілдету үшін өңірлерде әкімшілік-аумақтық өзгерістер жасау қажетін айтқан болатын. Қазір Президент Жолдауы жүктеген міндеттер бойынша ел ішінде қызу талқы өтіп, нәтижелі іс басталды. Осындай қауырт жұмыс Жетісу өңірінде де жүріп жатыр.
03 Сәуір, 2022
Қоғамдық кеңестердің қадірін кетірмейік
«Сын түзелмей, мін түзелмейді» дейді қазекем. Сол сынды түзеуші – жұртшылық пен мемлекеттік органдар арасындағы «алтын көпір» рөлін атқарады деген ниетпен құрылған қоғамдық кеңестер болуға тиіс. 2015 жылы қабылданған «Қоғамдық кеңестер туралы» Заң, міне, осы мақсатты көздейді. Содан бергі уақытта осы қоғамдық институт өзіне жүктелген маңызды міндетті ойдағыдай атқарып, көпшілік көңілінен шыға алды ма?
03 Сәуір, 2022
Геннадий Головкин: Мен шындықтың бетіне тура қарайтын адаммын
Орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин алдағы сенбі күні Жапонияда жергілікті боксшы Рета Муратамен шаршы алаңға шығады. Отандасымыз маңызды жекпе-жек алдында америкалық бокс маманы Тедди Атластың The Fight with Teddy Atlas жобасына сұхбат беріп, өзінің қазіргі мотивациясы, кәсіпқой бокстың шыңына шығудағы қиындықтары, сондай-ақ мексикалық Сауль Альвареспен (57-1-2, 39 КО) өтуі мүмкін болған үшінші жекпе-жек туралы әңгімелейді. Назарларыңызға сұхбаттың жазбаша нұсқасын ұсынамыз.
03 Сәуір, 2022
Жасанды интеллект: Жаһандық дамудың жаңа кезеңі
Білектің күші мен найзаның ұшына сенетін кезең келмеске кеткенімен, ғылым мен ілімді, жаңа технологияларды жарытып игеріп жатқанымыз шамалы. Өткен үш онжылдықта роботтехниканың, жасанды интеллектінің жалына жармасып, ауыз толтырып айтуға болатын отандық өнім де өндіре алмадық. Бұл – аға буынға айтылған өкпе-наз емес, жалынды жастардың жігерін жанудың, қажыр-қайратына қамшы салудың амалы. Жаңалықты өскелең ұрпақтан күтеміз.
03 Сәуір, 2022
Өткен жылдың соңғы айларының бірінде қарасөзден кесте тіккен талантты жазушы Жанат Ахмади ағамыз тұрған үйдің қабырғасына жазушының құрметіне ескерткіш тақта ілінді. Біраз адам жиналдық. Сол кезде сөз алған, жазушыларға жақын жүрген бір қонақ: «Осыдан біраз бұрын бір танымал ақынды бақилық сапарға Жазушылар одағынан шығарып салдық. Ақын, жазушылар аз келді. Келгендердің киімін көрсең, қалай болса, солай киінген. Жаның ашиды. Ұят емес пе? «Жазушы», «ақын» деген дардай атақтары бар. Бомждар сияқты жадап-жүдеген...» дегендей сөздер айтты.
03 Сәуір, 2022
Таланттарды заман тудырады деген тұжырымның өмірге келгеніне де бірнеше ғасыр болды, әрине, осы сөздің түп төркіні тым арыда жатқаны шындық. Мағжанша айтқанда «Толқыннан толқын туып» қазіргі әдебиет сансыз таланттардың шығармашылығымен толықты. Олардың селдей шабыты заманның ағысына, уақыттың сынына дөп келді. Қай заман үшін таланттың қадірін талантты адамдар ғана мойындаған. Сол үшін де олар бір-біріне жуық жүрді, үндес, сырлас бола білді. Біз аңыз қылып айтып жүрген кешегі «Жоғалған ұрпақ» өкілдері, міне, осы сөзіміздің айғағы. Ал бүгін біз қазақ әдебиетіндегі таланттылардың бір-бірін бағалау, анығырақ айтқанда, аға буынның соңынан ерген буынға көз қырын салуы туралы сөйлемекпіз.
03 Сәуір, 2022
Қазақ эстрадасының алғашқы қарлығашы
Биыл қазақтың ұлы әншісі, КСРО халық әртісі, Қазақстанның халық қаһарманы – Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев әйгілі әншінің атын ұлт жадында мәңгілік сақтау үшін еліміздің руханият пен мәдениет саласына бірқатар тапсырма бергені белгілі. Соған орай Отанымыздың үлкен қалаларындағы мәдениет ошақтарында атаулы датаға байланысты іс-шаралар өтті. Елордадағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік бірлестігіне Роза Бағланованың аты берілді. Әншінің костюмі, марапаттары, тұтынған заттары Нұр-Сұлтан қаласындағы мемлекеттік музейге қойылды. Осынау игілікті істің басы-қасында жүрген мәдениет майталмандары – Жеңіс Сейдоллаұлы, Арыстанбек Мұхамедиұлы сынды азаматтардың әнші тойына қосқан үлестерін айта кеткен артық болмас. Екі ғасырдың куәсі, аты жарты әлемге жария болған Роза Тәжібайқызының шығармашылық жолы жарқын болды. Десек те өмір даңғылында тағдырдың «тар жол, тайғақ кешуін» көп көрген қазақтың қаһарман қызының ұлттық эстрада жанрының қалыптасуына сіңірген зор еңбегі туралы осы бір мөлтек мақаламызды арнағымыз келеді.
03 Сәуір, 2022
Бұл осыдан 30 жыл бұрын қыркүйек айында болған еді. Мен ол кезде Жалағаш поселкелік Советі атқару комитетінің төрағасы болып қызмет атқаратынмын. Кезекті еңбек демалысына шығып, Талдықорған облысындағы «Қапал-Арасан» атты санаторийде демалғанмын.
03 Сәуір, 2022
Мыңдаған бала ерекше күтімге зәру
Күн сайын жарық дүниеге кәдімгі сәбилермен қатар, тумай жатып тағдыр талқысына душар болған дімкәс нәрестелер келіп жатады. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар әке-шешеге де оңай тимейтіндіктен, оларға өмір бойы дерлік қолдау мен көмек қажет. Ерекше күтімді қажет ететін сәбилерді аяғынан тұрғызу, өмірге бейімдеу, мамандарға қарату мен тағы басқасы төзімділік пен уақытты ғана емес, көп қаражатты қажет ететіні аян.
03 Сәуір, 2022
Рамазан – төзімділіктің, берекенің және рухани жаңарудың айы - М.Әшімбаев
ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев барша мұсылман қауымды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Сәуір, 2022
Елбасы қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
02 Сәуір, 2022
Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Сәуір, 2022
Қазақстанда қоғамдық кеңестердің әлеуеті артады
Қазақстанда қоғамдық кеңестердің әлеуеті артуда. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаровтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Сәуір, 2022
Мектеп түлектеріне ҰБТ-ны екі рет тапсыруға рұқсат беріледі
Биыл түлектерге Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсыруға рұқсат беріледі. Бұл жайында биыл мектеп бітіретін оқушыларға хат жазған ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
01 Сәуір, 2022
Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев облыс қалай бөлінетінін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz
01 Сәуір, 2022