Редакция таңдауы
Елордада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болды
Елордада Жеңістің 77 жылдығына орай демеушілердің қаржысына ұйымдастырылған мерекелік отшашу болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Мамыр, 2022
Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
Үкімет басшысы қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
09 Мамыр, 2022
Мемлекеттік хатшы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоғын қойды
ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Екінші дүниежүзілік соғыс қаһарманы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Мамыр, 2022
Үлкендердің «е заман-ай» деп, өткенге күрсініп, келешекке тыныштық тілеп отыратынын кейінгі жылдары шын түсіндік. Әйтпесе сонау жылдардағы ашаршылық, репрессия, Екінші дүниежүзілік соғыс біздерге елес секілді еді. Жер үшін, ел үшін бабаларымыздың баудай қырылғанын біле тұра, бейбіт те бейғам өмірдің бағасын сезбеппіз ғой. Кейінгі жылдары деп отырғаным, жер әлемді дүрліктірген пандемияның кесірінен туған-туыс, дос-жарандармен қауышудан қалдық. Оны қойшы, аты жаман індеттің кесірінен жарқылдап жүрген жақындарынан көз жазып қалғандар қаншама?! Иә, мұндай аласапыранды ел Желтоқсан оқиғасынан кейін көрген жоқ шығар. Желтоқсан демекші, індеттен енді құтыла бергенде «Қаңтар қасіреті» шырқымызды бұзды... Міне, осынау дүрбелеңдерден соң кешегі өткен батырлардың, зиялылардың мемлекет мүддесі деп құрбан болып кеткендеріне еріксіз бас шайқайсың, бас иесің. Бірақ бағасына жете алып жүрміз бе, оның бәрін уақыт өзі реттейді. Жетпіс жыл бұрын одақты қорғап, 397 фашистің көзін жойған батыр Төлеуғали Әбдібековтің өзіне кеше ғана Президент «Халық қаһарманы» атағын берді. Иә, әбден лайық. Кеш те болса, ерлігі еленіп жатқанына күллі қазақ қуанды.
09 Мамыр, 2022
Жаңа Қазақстанның жаңа келбеті
Мемлекет басшысы 5 маусым күні жалпыхалықтық референдум өтетіні туралы Қазақстан халқына үндеу жолдады. Референдум – саяси реформаларды жүзеге асыру бағытындағы басты құжат.
09 Мамыр, 2022
Қажымұқанға арналған кешен құрылысына қаржы табылмай тұр
Спорттағы өнері аңызға айналып, даңқы алысқа кеткен, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 54 мемлекетте күресіп, 48 медаль олжалағаны туралы дерек бар. Сонымен қатар Қажымұқан ел есінде бозкілем төріндегі балуандығымен қатар, домбыра шертіп, ән салған сегіз қырлы, бір сырлы тұлға ретінде қалған. Қажымұқанның бойындағы асыл қасиеттерінің бірі – қолының ашықтығы мен көпшілдігі екенін айтушылар да аз емес. Кей деректерде Қазан төңкерісінен кейін Қажымұқанның өзі ұйымдастырған турнирлерде өнер көрсете бастағаны, тапқан табысын жергілікті халыққа мектептер мен ауруханалар салуға беріп, өзіне және жақындарына өте аз қаражат жұмсағаны айтылады. Қайырымды жанның жақсылығы ұмытылған жоқ, алайда есімін ел есінде қалдыру ісінде бүгінгілердің әрекеті көңіл толарлықтай емес.
08 Мамыр, 2022
Қапшағай қаласына Қонаевтың аты салтанатты түрде берілді
Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілуіне байланысты шаһарда салтанатты шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Мамыр, 2022
Ардагерді мерекемен құттықтады
«Егемен Қазақстан» республикалық газетінің басшысы Дархан Қыдырәлі абыз басылымда айшықты еңбек еткен тыл ардагері алматылық Хамит Біржановқа арнайы барып, айтулы мерекесімен құттықтады.
08 Мамыр, 2022
Ислам өркениеті және түркілер Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
Түркістан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислам өркениетінің дамуына түркі халықтарының қосқан үлесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынға қатысушылар алдымен Әзірет Сұлтанның басына барып, арнайы тағзым етті.
08 Мамыр, 2022
Өңірдің дамуына қолдау көрсетіледі
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болды.
08 Мамыр, 2022
Мен бірде Алматыдағы М.Әуезов атындағы драма театрына спектакль көруге бардым. Сондағы үзіліске шыққанда соғыс ардагері Шайхыслам Баймұхамбетов ағайдың ұлы Бағланмен кездесіп қалдым. Екеуіміз ағалы-інілі болып құшақ жая қауыштық. 60-70-80-жылдардағы Нарынқолда өткізген күндерді әңгімелеп, мәре-сәре болдық та қалдық. «Қазір жол жақсы ғой. Баяғы ГАЗ-69 машинасы емес. Көлігіміз жүрдек. Ауылға туысқаншылап барып тұрамын», деді Бағлан. Иә, сонау бір кездері Нарынқолдан Алматыға жетудің өзі мұң еді. ПАЗ деп аталатын шағын автобустар. Оның өзі санаулы. Жолаушылардың оған сыймай таласып жатқаны. Жол да оңып тұрған жоқ еді. Ал енді... Уақыт бәрін де қалпына келтірген. Өзгерткен. Бағлан інімнің сөзінен мен міне, осыны ұқтым.
08 Мамыр, 2022
Жуықта елорда төрінде орналасқан Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейіне журналистік тапсырмамен барған сапарымызда көрме залынан қазақтан шыққан танкіші қыздар туралы жәдігерді көріп қалдық.
08 Мамыр, 2022
Бейбіт тұрғындар қауіпсіз жерге жеткізілді
Украинадағы қақтығыс әлі жалғасып жатыр. Ресей тарапы Донбасты бағындыруға бар күшін жұмылдырып-ақ келеді. Алайда Киев билігі Харьков маңында қарсы шабуылға шыққанын мәлімдеді.
08 Мамыр, 2022
Нұр-Сұлтанда жеңіл атлетикадан эстафета өтті
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Demalys Promenade алаңында Отан қорғаушылар күніне арналған жеңіл атлетикадан эстафета өтті. Оған 600 -ге жуық жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен орта және жоғарғы студенттер қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
08 Мамыр, 2022
Коронавирусқа қарсы екпе алғандар 10 миллионға жақындады
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 489 564 адам, екінші компонентін 9 254 951 адам салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Мамыр, 2022
Ресей Қошқарбаев туралы мұрағат құжаттарын Қазақстанға тапсырды
Сенбіде Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Қарулы күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайына мұрағат құжаттарының көшірмесін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Мамыр, 2022
Орталық сайлау комиссиясы үндеу жасады
Орталық сайлау комиссиясы қазақстандықтарға үндеу жасап, референдумға қатысуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Мамыр, 2022
Әлихан Смайылов: Қарулы Күштер халқына қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетіп жүр
Премьер-Министр Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
07 Мамыр, 2022
7 мамыр - ҚР Қарулы Күштерінің құрылған күні. Бұл күнді қазақстандықтар Отан қорғаушы күні ретінде жыл сайын атап өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Мамыр, 2022
Референдумға дайындық кезіндегі карантин талаптары туралы қаулы шықты
ҚР Бас санитар дәрігерінің референдумға дайындық туралы қаулысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Мамыр, 2022