Редакция таңдауы
Қақтығыс аймағында болғандар әлеуметтік мәртебе сұрайды
Елімізде «Ардагерлер туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенде одан құпия майдан жауынгерлері тыс қалды.
15 Ақпан, 2022
Биыл Жетісу өңірінде қыс болмады десе де болады. Таулы аймақта аздаған қар түскені болмаса, етектегі ел қара суық пен құрғақ ауа райына малданды. Өкінішке қарай, табиғаттың бұл құбылысы санаулы күндерден соң басталатын ауыл шаруашылығы дақылдарының егісіне кері әсерін тигізуі кәдік.
15 Ақпан, 2022
Мылқауларға арналған музыка сабағы
Қоғамда іштегі мұңын, сырын, шынын жұртқа жеткізе алмай, не қажет екенін, неге мұқтаж екенін айта алмай, қолдарымен «сөйлеп», онысын біреу ұқса, біреу ұқпайтын адамдар бар. Олардың өмірі – тұнған тыныштық. Араласатын ортасы да шектеулі: тек ым-ишарамен сөйлеп, ұғысатын кішкентай кеңістік.
14 Ақпан, 2022
Сауат ашу әдістемесінің негізін салған А.Байтұрсынұлы екендігі мәлім. Ұлт ұстазы: «Жалғыз әліпбиді үйретудің өзінде толып жатқан әдіс бар. Сол әдістерді әр әдісқой өзінше өзгертіп қолданған түрлерін сөз қылсақ, әдіс түрлерін айтып түгесе алмас едік. Әдіс – керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай», дей отырып, баланың сауатын ашуда қандай әдіс дұрыс екенін айқындап берді.
14 Ақпан, 2022
Берекелі мекеменің берекесі неден қашты?
Республикалық газеттің өкілі ретінде маған бір топ жаңаөзендік тұрғын хабарласты. Бастан кешіп отырған жағдайлары ауыр, олар айдың күннің аманында қасақана тоналуда. Жаңаөзеннің жарасы онсыз да аз емес, ал алыстан ат ойнатып басына келген, тойымсыз құлқыны қаржыға құныға келген топтың қылмыстық әрекеті естіген жанды бейжай қалдырмайды...
14 Ақпан, 2022
Бақтияр Адамжан: Менің бағым – балет
Сонау бір жылы теледидардан тек жарнамасын көріп, Алматыдағы А.В.Селезнев атындағы хореография училищесіне ата-анасының нұсқауымен кездейсоқ келген баламен бүгінде тек ұстаздары ғана емес, күллі қазақ мақтанады. Өнеріне әлем таңырқай қол соғады. Қайталанбас талантымен жаһанның ең үздік байқауларын бағындырып, шығармашылық қоржынын балеттегі небір күрделі бейнелердің жарқырай сомдалған шуақты шоғырымен байытқан дүлдүлдің әр қойылымы – құбылыс. Бекзат өнердің биігін бағындырған Бақтияр – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының жетекші солисі. Бақтияр Адамжанның сахнадағы биі қандай көркем болса, өмір мен өнер туралы толғамдары да сондай өрнекті.
14 Ақпан, 2022
Литий – цифрлы дәуірдің мұнайы
Дүниежүзілік банктің есебіне сәйкес, 2050 жылға қарай таза энергия көздеріне сұраныс артып, мыс, графит, литий және кобальт сынды минералдардың өндірісі 500%-ға ұлғаюы мүмкін. Әсіресе литийге деген сұраныс ерекше болмақ. Мәселен, Statista компаниясының дерегіне сүйенсек, 2030 жылы бұл сирек металдың өндірісі жылына 2 млн тоннаға жуықтайды деп болжанып отыр. Экономикасы пайдалы қазбаға негізделген Қазақстан осы орайлы сәтті ұтымды пайдалана ала ма?
14 Ақпан, 2022
Қаңтар оқиғасы: Азаптау фактісі бойынша 37 қылмыстық іс қозғалды
Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі азаптау фактісімен 37 қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Ақпан, 2022
Азамат Сатыбалды ректор болып тағайындалды
Азамат Сатыбалды Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Ақпан, 2022
Алдағы күндері -30 градусқа дейін аяз болады
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Ақпан, 2022
Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесі мүшелерінің кезекті отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли «Қазақстан» РТРК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz телеарнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 Ақпан, 2022
SARS-COV-2: Коронавирустың жаңа штамы анықталды
Британдық эпидемиологтар SARS-COV-2 вирусының жаңа мутацияланған штамының анықталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
14 Ақпан, 2022
ҚР Білім және ғылым министрлігі 2022 жылғы 9 ақпандағы бұйрығымен Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
14 Ақпан, 2022
«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атанған белгілі қаламгер Сапарғали Бегалиннің отбасында дүниеге келіп, қазақ киносының іргетасын қалағандардың қатарында есімі тарих парағына жазылып, «Бұл Шұғылада болған еді», «Оның күні туады», «Тұлпардың ізі», «Мәншүк туралы баллада», «Артымызда Москва» сияқты сүбелі дүниелерімен ел есінде қастерленіп келе жатқан режиссер Мәжит Бегалиннің мерейлі 100 жасы – ұлттық кинематографиядағы атаулы күн. Он тоғыз жасында мектеп бітіре сала майдан шебінен табылған Мәжит бүкіл Бегалиндер әулетінен соғысқа аттанған алтаудың ең кішісі еді. Мәжит те Төлеген Тоқтаров, Мәншүк Мәметова, Сұлтан Қожықов, Тахауи Ахтанов, Әзілхан Нұршайықовтармен бірге әйгілі 100-атқыштар бригадасының құрамында жаумен шайқасты. Жиырма жасында бір қолын соғысқа тастап кеткен ол, келешек асыл мұратын жаңадан қанат қаққан ұлттық кино өнерінің көкжиегін кеңейту жолына арнады.
13 Ақпан, 2022
Бүгін тағы да әдеби прототиптер туралы сөз қозғаймыз. Көркем шығарма жазуға жүректі қозғаған сәттер һәм оқиғалар, адамдар ғана емес, кейде ақынның өлеңі де себеп болады. Кейіпкердің поэзиядан прозаға ауысуы әдебиетте бар болғанымен, сирек кездеседі. Ақынның лирикалық өлеңін әңгімеге айналдыру үшін ол жырдың қуаты қандай болуы керек дейсің. Бәрінен бұрын ақын кешкен сезімнен туған өлеңді жазушы жазса, демек ол кейіпкер лирикалық параллельге айналады.
13 Ақпан, 2022
Жығылғысы, жеңілгісі келмейді адам. Жеңілгені былай тұрсын, жеме-жемге келгенде, бір нәрсені мойындауының өзі қиын. Қайткен күнде қапысын тауып жеңіп кетуді ойлап тұрады. Әйтеуір осы психология адамзатқа ертеден тән секілді. Түпсана солай ма, білмедік.
13 Ақпан, 2022
Тарыққанда тығырықтан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастырар жүректің емі – ауыл. Бала күнінде ата-әжесінің әсерлі әңгімесін тыңдап, олардың әр айтқан сөзін санасына сіңіріп, ел тарихына құмартып өскен жан сол аядай мекеннен ізгілік іздейтін әдеті. Кейде мен де осы картинаға қарап анау қыратта қалып кеткен өзімнің өзегімді іздеймін.
13 Ақпан, 2022
Электрондық формат – ел игілігіне
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында халыққа қызмет көрсету барысында ыңғайлы әрі қолжетімді қызметтерді цифрландыру және трансформациялау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
13 Ақпан, 2022
Былтыр Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 161 тұлғаға қатысты 122 қылмыстық істі қараған. Жыл көлемінде 159 азамат сотталып, біреуі ақталыпты. Енді бір тұлғаға қатысты іс прокурорға бұзушылықты жою үшін қайта қайтарылды. Жасалған қылмыстардың ішінде адам өлтіру, есірткі заттарын сақтау, өңдеу, дайындау, жасөспірімдерді зорлау сынды ауыр қылмыстар бар. Ең өкініштісі, бұл жағдайлар қазақы қаймағы бұзылмаған аудандарда да орын ала бастаған.
13 Ақпан, 2022
Түркі елдерінің Ақсақалдар кеңесі Ердоғанмен кездесті
Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған Ыстанбұлда Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Ақпан, 2022