Редакция таңдауы
«Қазақмыс» – ұлы ғалым Қанекеңнің перзенті
Табиғаттың Қазақстан халқына берген жер қойнауының байлығы ежелгі заманда-ақ пайдаланыла басталған. Жезқазған өңірі сол кездің өзінде-ақ ата-бабаларымыздың жақсы күнкөрісінің көзі болған. Оларды мыс, алтын, күміс және басқа түсті металдармен қамтамасыз еткен. Содан мың жылдар өткен соң Жезқазғанның сарқылмас байлығын халық мүддесіне орынды пайдаланудағы ерекше рөлін қазақтың ұлы перзенті, КСРО Ғылым академиясының академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бүкіл әлемге жеткізеді. Дарынды, көріпкел, данышпан Қанекең Жезқазған кен орны арқылы бүкіл Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінің даму жолдарын айқындады. Олардың көшбасшысы, әрине «Қазақмыс корпорациясы» болып шықты.
12 Тамыз, 2021
Ақсақалдар орны ойсырамасын...
Қазақ қоғамында ақсақалдар институтының алар орны ерекше. Халқымыз қарттарды ақыл дариясы, даналық қазынасы ретінде қадірлеген. Қариялардың қатысуынсыз қоғамда қордаланған мәселелер шешіліп, қарымды істер қолға алынбаған. Қартын қадірлеп, қара шаңырақтың құты мен киесі деп ұққан халқымыз оларға қашанда төрден орын берген.
12 Тамыз, 2021
Шалғайдан келіп шөп шабысқан шарапатшыл ағайынға зор алғыс
Биыл індеттің қырсығымен қабаттасып, даламызды қуаңшылық жайлап, ел әжептәуір әбігер болды. Осындай қиын шақта төрт түлігіне жемшөп таппай тарыққан жұртқа еліміздің тұс-тұсынан көмек қолын созған ағайынның ауызбірлігі бәрімізді сүйсінтті. Игі іс жалғасын тауып, өзге өңірлерден Павлодар облысына келген еріктілер мал азығын әзірлеуге атсалысып жатыр. Қазіргі кезде олар біздің өңірдегі Успен ауданында 3 мың гектар жердің шөбін шабуда.
12 Тамыз, 2021
Осы суретке қараған сайын, одан бір жылылық көрем. Ата мен әже алдарына немересін алып, соның қызығына тоймай, тамашалап отыр. Бала күнімізде осы көріністі ауылда жиі көрдік. Ата-әжеміз бізді де осылай алдарына алып, қызықтап отыратын. Жалпы, бұл туындының маңызы зор, қараған жанға мазмұнды ой салады. Автор осы суреті арқылы әке-шеше мен баланың арасындағы байланыс, ұрпақ жалғастығы деген өмірлік қағиданы көркем жеткізеді. Мұны суретші 1968 жылы қарындашпен салыпты. Оның иесі ұлттық бейнелеу өнерінде қайталанбас қолтаңбасын қалдырған көрнекті қылқалам шебері Шаймардан Сариев.
12 Тамыз, 2021
Елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық-драма театрының актері Дастан Әлімовті мен алғаш көрнекті жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» спектакліндегі бас кейіпкер – жас баланың бейнесіндегі рөлі арқылы таныдым. Бұл туындыны режиссер Нұрлан Жұманиязов сахналады. Осы қойылымда кішкентай кейіпкермен Дастанның жан-дүниесінде бір ұқсастық бар екені байқалды. Өйткені жеткіншектің қуанышы мен қайғысын, қиялы мен сағынышын актер жүрегімен сезініп, көрерменге шынайы жеткізе білді.
12 Тамыз, 2021
Дзюдо күресінен үлгі алатын елдер бар
Токио Олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салған дзюдошылар еді. 60 кило салмақта күш сынасқан Елдос Сметов бастапқы бәсекелерде түркиялық Мирхак Аққұс пен кореялық Ким Вон Жиді жеңгенімен, жартылай финалда Жапонияның жұлдызы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлемнің үш дүркін чемпионы Наохиса Такатоға есе жіберді. Есесіне одан кейін нидерландық Торнике Чакадуады шаң қаптырып, қола медальді мойнында жарқыратты. Қатарынан екі бірдей Олимпия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілген Елдосқа сол сәтте барша Алаш жұрты ақ алғысын жаудырды.
12 Тамыз, 2021
«Жасыл ел», қоқыс жәшігі және жас кәсіпкер
Жетісуда «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысы жақсы жолға қойылған. Өткен жылы облыстың еңбекшіл жастары Jyl serpini номинациясын иеленіп, үздіктер қатарына көрінген болатын. Биыл да штаб ХVІI маусымдық еңбек жұмысын шілде айынан бастаған екен, қазір 944 ерікті жас жұмыспен қамтылыпты. Сонымен қатар облыста студенттік құрылыс отрядтарының жұмысы қайта жанданды.
12 Тамыз, 2021
Жастар жетістігі жаңашылдыққа үндейді
Жастар – ұлт үмітін арқалаған ел ертеңі. Үміт пен сенімді ақтау сол буынның парызы. Сол себептен де жастар қазіргі қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы үшін жауапты екені мәлім. Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, дамуы мен модернизациялануы, жалпы бүгіні мен ертеңі де жастарға байланысты. Жастар қай заманда, қай елде болмасын, асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы болған.
12 Тамыз, 2021
Вакцина салдырушылар көбейіп жатыр
Нұр-Сұлтан қаласында бір тәуліктің ішінде жедел жәрдем қызметіне 3 300-ден аса қоңырау түсіп, мобильді бригадалар күніне 2 мыңнан аса шақыртуға барады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті.
12 Тамыз, 2021
ДДҰ әлемнің 20 көшбасшы еліне үндеу жасады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемнің ең беделді 20 көшбасшысын қазанға дейін пандемия толқынын тоқтату үшін вакцинаға қолжетімділікте теңсіздікті жоюға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz The Newpaper-ге сілтеме жасап.
12 Тамыз, 2021
Түркияда алапат су тасқыны болды
Түркияда орман өртінен кейін су тасқыны басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Тамыз, 2021
Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн жаңбырлы болады
Синоптиктер 12 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Тамыз, 2021
Ауыл шаруашылығы министрлігі үндеу жасады
Ауыл шаруашылығы министрлігі Маңғыстау облысындағы құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлерге қайырымдылық көрсетіп, қол ұшын созуға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
12 Тамыз, 2021
Cұранысқа ие мамандықты онлайн меңгеріңіз
Елімізде сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге көмектесетін онлайн-курстар платформасы іске қосылды. Ол бірнеше мамандық бойынша білімді тегін игеруге көмектеседі.
12 Тамыз, 2021
Науқастардың 99,9%-ы – вакцина алмағандар
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиялық ахуал, 2021 жылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары және жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы мәселелер қаралды.
11 Тамыз, 2021
Қарағандылық судья тоғыз жылға сотталды
Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Е.Ғабдуллин алаяқтық және арандатушылық жасағаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Тамыз, 2021
1 қыркүйек күні мектептерде алғашқы қоңырау қалай өтеді?
1 қыркүйекте ел мектептерінде салтанатты шаралар дәстүрлі форматта ұйымдастырылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Тамыз, 2021
А.Цой коронавирус жұқтырғандардың кімдер екенін ашық айтты
Коронавирусқа шалдыққандардың 99,9 пайызы вакцина салдырмағандар. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Тамыз, 2021
Солтүстік өңірлерде күн салқындайды
Синоптиктер 11 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Тамыз, 2021
Қазақстанның барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр
Қазақстанның барлық өңірі «қызыл» аймаққа енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Тамыз, 2021