Редакция таңдауы
Белгілі журналист Михаил Гусман «Достық» орденімен марапатталды
Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаев ТАСС Ақпараттық агенттігі бас директорының бірінші орынбасары Михаил Гусманға 2-дәрежелі «Достық» орденін тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстанның Ресейдегі Елшілігіне сілтеме жасап.
13 Наурыз, 2021
Ерлан Карин жер қатынастары жөнінде пікір білдірді
Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин Telegram парақшасында жер қатынастары мәселесі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің күн тәртібінде басты орындардың бірінде екенін айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
13 Наурыз, 2021
Көкшетауда өртенген үйден ер адамның денесі табылды
Көкшетауда өртенген үйден 49 жастағы ер адамның денесі табылды. Ол еш жерде жұмыс істемеген және маскүнем ретінде есепте тұрған, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 Наурыз, 2021
IT-мамандарды даярлау мәселесі қалай шешілмек?
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов IT-мамандарды даярлау мәселесін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz
13 Наурыз, 2021
Қазақстанда коронавирус індетінен 4 адам көз жұмды
Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz
13 Наурыз, 2021
Ауыр атлеттердің ел чемпионаты өтуде
Бұл күндері ауыр атлетикадан онлайн-режимде ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
13 Наурыз, 2021
Елордада Наурыз мерекесі тойланбайды
Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері биыл қалада наурыз мерекесі тойланбайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
12 Наурыз, 2021
«Егеменнің» екі журналисі жүлдегерлер қатарында
Қазақстан әйелдер күштері Альянсының ұйымдастыруымен «Пандемиядан кейінгі кезеңдегі әйелдер үшін жаңа мүмкіндіктер» атты дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында журналистер арасында өткен Мира Мустафина атындағы қоғамдық сыйлықтың жеңімпаздары марапатталды. Байқауда Egemen Qazaqstan басылымының журналистері арнайы жүлдеге ие болды.
12 Наурыз, 2021
Көктемде вирусты инфекция асқынады - Алексей Цой
ҚР Денсаулық сақтау министрі мереке күндері қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасады. Алексей Цойдың айтуынша Күз бен көктемде жіті респираторлық вирусты инфекция (риновирус, аденовирус, парагрипп вирус және басқалары) асқынады.
12 Наурыз, 2021
Н.Нығматулин: Мәжіліс квазимемлекеттік сектор сатып алулары туралы заң жобасын қарайды
Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Наурыз, 2021
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 13-15 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
12 Наурыз, 2021
Жасұлан ҚЫДЫРБАЕВ: Өмірде чемпион болудан да басқа құндылықтар бар
Спорт әлемінде Жасұлан Қыдырбаевтың жұлдызы 2014 жылы жарқырай жанды. Жылқы жылы ауыр атлетикадан Алматыда өткен әлем чемпионатында 22 жастағы қазақтың нар тұлғалы жігіті қарсылас шақ келтірмей, 94 кило салмақ дәрежесінде бас жүлдені олжалады. Шыны керек, бұған дейін ересектер арасындағы дүбірлі додаларда көзге түспеген Қыдырбаевтан төрткүл дүниенің мықтылары жиналған жарыста ешкім дәл осындай орасан зор нәтиже күтпеген еді. Тіпті атағы алысқа жайылған зілтеміршілердің өздері таңданыстарын жасыра алмай, бастарын шайқап, оның мықтылығын еріксіз мойындады. Осылайша, Ж.Қыдырбаев әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ зілтеміршісі ретінде өз есімін еліміздің спорт тарихына алтын әріптермен жазды.
12 Наурыз, 2021
Коронавируспен күрес барысында мемлекет қамқорлығы айқын көрінді
Жер-жаһанда коронавирус пандемиясы «үстемдік құрған», ел басына күн туған осынау шырғалаң шақ бірлігіміз бен елдігіміз сыналған кезең болды. Адамзатқа зор зардабын тигізген бұл ортақ «жаумен» бүкіл әлем болып бірігіп күресіп жатқанымызға бір жыл толды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында атап өтіп, пандемия басталғалы бері Қазақстан әлеммен бірге көптеген қиындықты бастан өткергенін, мемлекет азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін пәрменді шаралар қабылдағанын мәлімдеді. Өршіген індетті береке-бірлік пен өзара қолдаудың арқасында еңсердік. Дегенмен дауасыз дерттің қатері әлі де сейіле қойған жоқ. Ал бұл бәлекеттен біржола құтылудың бірден-бір амалы вакциналау болып тұр. Осыған мән берген Мемлекет басшысы барша отандастарымызды ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге шақырды.
12 Наурыз, 2021
Көгілдір отынмен қамту үлесінің артуы мен балама қуат көздерінің дамуы отандық энергетика нарығында көмірге деген сұраныстың азаюына алып келді. Әйтсе де қатты отынның бұл түрін кәдеге жаратудың басқа да амалдары аз емес. Айталық, ресми сандарға жүгінсек, былтыр қаңтар-желтоқсан аралығында елімізде көмірден 3 млн 797 мың тонна көлемінде кокс өнімі өндірілді. Сөйте тұра 2016-2020 жылдар кезеңінде Қазақстанға 4 млн 500 мың тоннадан артық кокс импортталды.
12 Наурыз, 2021
Көрісу – Қазақ елінің батыс аймағында кең таралған мереке. Оны «Көрісу айт», «Көрісу амалы» деп те жатады. Негізінен, ұлттық нақыштағы жаңа жылдың бастауы ретінде қабылданады. Наурыз айының 14-іне тура келеді. Бірақ бір ғана күнмен шектеледі деген сөз емес.
11 Наурыз, 2021
Рас, бұл тақырыпты атақты жазушы Халид Хусейннен тікелей сұрай алмасым анық болғасын, тікелей «ұрлап» алып отырмын. Түсінесіз бе, тек қана тақырып үшін. Тақырып болғанда да тиісінше менің өмірімнің ең шуақты сәтін сызып беретін балалық шаққа сәл ғана саяхат жасап көру ниетімен. Себебі, «батпырауық» деген сөздің өзі балалық шақтың балбалтасы дегендей әдемі естіліп, ескі күннен жаңғырып-жаңарған жаңа лента ұсынады.
11 Наурыз, 2021
Аштық себептерін жан-жақты зерттеу қажет
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласында тарихымыздың өткен ғасырдағы аштық сынды ақтандақ беттері әлі күнге дейін жан-жақты зерттелмей келе жатқанын, бұл күрделі мәселеге ұстамдылықпен және жауапкершілікпен қарап, зерттеулерді таза ғылыми ұстаныммен жүргізген дұрыс деген пікір білдірді.
11 Наурыз, 2021
Қостанай облысының 30 жастағы тұрғыны коронавирустан көз жұмды
Қостанай облысында қар құрсауында қалған ауылға жәдел жәрдем дер кезінде жете алмай, 30 жастағы әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz
11 Наурыз, 2021
Үндістанның елшісі Қазақстаннан кетеді
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді өзінің Нұр-Сұлтандағы миссиясын аяқтағалы жатқан Үндістан Республикасының елшісі Прабхат Кумарды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 Наурыз, 2021
Қазақстанның бірнеше облысында 30 градус аяз болады
Синоптиктердің болжамына сәйкес алдағы күндері Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарында ауа температурасы түнде 30 градус аязға дейін төмендейді.
11 Наурыз, 2021