Редакция таңдауы
Алматыда Халықаралық валюта қорының орталығы ашылады
Алматы қаласында Халықаралық валюта қорының өңірлік орталығы жұмыс істейді. Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалиана Георгиева мен Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаев Кавказ, Орталық Азия және Моңғолияның потенциалын дамыту өңірлік орталығын қолдау бойынша келісімге келіп, осындай байламға уағдаласқан. Бұл жайлы Ұлттық Банктің баспасөз қызметі хабардарлады, деп жазады Egemen.kz
19 Желтоқсан, 2020
Геннадий Головкин қазақстандықтарға үндеу жасады
IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин кезекті жекпе-жегінен кейін қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz
19 Желтоқсан, 2020
Әли Ахмедов кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліп қалды
АҚШ-тың Флорида штатындағы Холливуд қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық Әли Ахмедов екінші орта салмақта IBO әлем чемпионы титулын жеңіп ала алмады, деп хабарлайды Egemen.kz
19 Желтоқсан, 2020
Болашақтықтар қазақ тілін қолдау үшін жүйелі жұмыс істеуде – Бауыржан Байбек
«Болашақ» корпоративтік қоры Қамқоршылық кеңесінің құрметті мүшесі Бауыржан Байбек қазақ тілінде дубляждалған «Мулан» фильмінің Алматы қаласында өткен премьерасына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Желтоқсан, 2020
ЮНЕСКО тоғызұмалақ ойынын адамзатқа ортақ мәдени мұра деп таныды
Тоғызұмалақ ойыны Адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының Репрезентативтік тізіміне енгізілді.
18 Желтоқсан, 2020
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz
16 Желтоқсан, 2020
Еліміз егемендікке қадам басқан тұста Елбасының қолдауымен шетелде аккредитациядан өтіп, Түркия Республикасындағы қазақ тілшісі атандым. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президенті болып сайланған сәтте Елбасыдан ең бірінші болып қазақ теледидарына (ол кезде республикада бір ғана телеарна еді) сұхбат алу бақыты маған бұйырды.
16 Желтоқсан, 2020
Отандық медицинаға оң өзгерістер енді
Тәуелсіздік күні – біз үшін әрқашан тұғыры биік, мәртебесі жоғары мереке. Ата-бабаларымыз армандаған мақсатқа біз жетіп отырмыз. Осы жылдар арасында мемлекетіміз жаңадан бой көтеріп, түрлі салада жетістіктерге жетіп отыр.
16 Желтоқсан, 2020
КСРО-ның шаңырағы шайқалып, ақтық демін алып жатқанда әлем назары кеңестер еліне ауғаны белгілі. Сол тұста әлемнің белді-белді басылымдары алып державадағы ахуал туралы жиі-жиі жазды. Әсіресе КСРО ыдырайтыны, оның құрамындағы елдердің тәуелсіздік алатыны туралы әңгіме қозғала бастағанда-ақ Батыстың бұқаралық ақпарат құралдары тың жаңалықты басқалардан бұрын беруге асықты. Осы орайда, Қазақстан егемендігін алғанын шартараптың жаршылары қалай жазып, таратқанын оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік. Қазақстанға қатысты мақаланың бірі 1991 жылғы қыркүйек айында The New York Times газетінде жарияланған екен. «Кеңестердегі дағдарыс: Тиімді жолды іздеген Қазақстан басшысы тәртіп пен еркін экономиканы қолдайды» деп аталатын мақалада КСРО ыдырайтын тұста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл қадамдары туралы жазылған.
16 Желтоқсан, 2020
1986 жылдың желтоқсанында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың орнына есімі қазақ жұртына беймәлім Г.Колбин сайланғаны белгілі. Басшылықтың ауысуы халықтың ашу-ызасын тудырды.
16 Желтоқсан, 2020
«Литер» белгісімен келген сурет еді
Әр жылдың ызғарлы желтоқсанының 16-сы мен жаз жайнатып, күн күлдірген маусым айының 16-сы... Осы екі күннің менің санамды әр кез «селк» еткізіп бір сілкіп қоятын жайы бар. Арада 34 жыл өтсе де, ол күндер еш ұмытылмайды екен.
16 Желтоқсан, 2020
Ұлттық қуатты нығайтудың стратегиялық бағыттары
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан ұлттық қауіпсіздік қалқанын қалыптастырып, тиісті заңнамалық актілер мен мемлекеттік органдар жүйесін жасақтады. Олардың қатарында Ұлттық қауіпсіздік туралы заңы, мүдделі мемлекеттік органдардың құрылуы және т.б. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев басқарған кезеңде аталған жүйе өз миссиясын толығымен орындап шықты.
16 Желтоқсан, 2020
Тәуелсіздік жылдарында сағынышы байыз таптырмай, атажұртына қоныс аударған сырттағы қандастарымыздың саны бүгінде миллионнан асты. Бұл отандастарымыздың әрқайсысының елге келгені – қазақ баласы үшін елеулі оқиға, үлкен жаңалық. Әсіресе, ұлы көштің алғашқы легімен жеткен қандастарымыздың атамекенінің топырағына табаны тиген кезі ерекше тарихи оқиға саналады.
16 Желтоқсан, 2020
Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың бірі Бағдат Мұқанова қазір Қызылжар қаласында тұрады. Облыстық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінде жұмыс істейтін оның әңгімесін біз қысқаша жазып алған едік.
16 Желтоқсан, 2020
Халқымыздың ең асыл құндылығы – Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Шөп, гүл, ағаштар күнді қалай аңсаса, халық та еркіндікті, тәуелсіздікті аңсаумен болды. Осы жолда талай қан да төгілді. Қаншама ерлер, батыр туған боздақтар қыршын кетті.
16 Желтоқсан, 2020
Қазақстанда алғаш рет «Бейбарыс сұлтан» балет тілінде сөйледі. Жақында «Астана Балет» театрында айтулы қойылымның премьерасы өтті. «Сұлтан Бейбарыс» тек хореографиялық тұрғыдан жаңашылдығымен ғана ерекшеленген жоқ, сондай-ақ спектакльмен қатар тікелей камера лентасына таспалануымен де дараланды. Сөйтіп, елімізде тұңғыш рет балет өнерінде атаулы қойылыммен аттас телебалет те өмірге келді.
16 Желтоқсан, 2020
Ең үздік «классиктер» анықталды
Бұл күндері Сербияның бас шаһары – Белградта күрес түрлерінен Әлем кубогы жолындағы жарыс өтіп жатыр. Кеше аталған додада грек-рим күресінен бәсекелер аяқталды.
16 Желтоқсан, 2020
Академик Төрегелді Шарманов сыйлығы үшін құжат қабылдау басталды
Байқауға денсаулық сақтау және аурулардың алдын алу, сондай-ақ денсаулық пен медицинаға қатысты қызықты және маңызды ақпараттарды қамтитын қазақ тіліндегі жобалар немесе бұрын жарияланған материалдар қабылданады. Материалдар қысқа ғылыми-көпшілік мақала, шағын бейнеролик, комикс немесе инфографика форматында болуы тиіс.
15 Желтоқсан, 2020
Қандай банкнот пен монета күмән туғызады?
Банкнот пен монетаны сараптау басқармасының басшысы Асхат Әбішев елімізде қандай банкнот пен монета күмән туғызатынын айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
15 Желтоқсан, 2020
Қазақстанға ұшып келген 6 жолаушыдан коронавирус анықталды
13 желтоқсанда Қазақстан аумағына анықтамасыз ұшып келген 481 жолаушының ПТР-талдау нәтижелері бойынша 6 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Желтоқсан, 2020