Оқи отырыңыз
Райымбек ауданындағы Көмірші аулында бүгінгі таңда 600 адам тіршілік етеді. Олардың 128-і мектеп оқушысы болса, 65-і зейнет жасындағы қарт кісі. Осы бір алақандай ғана ауылда биылғы жылы тың бастамалар мен жаңа жобалар жүзеге асып, мұндағы халықтың көңіл күйіне соны серпін берді. Соның бірі – жақында ашылған медициналық пункт.
01 Қараша, 2024
Шымкентте кәсіпкерлерге қандай жағдай жасалған?
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Райымбек Баталов Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Іссапар барысында Р.Баталов палата жанындағы көпфункционалды қызмет көрсету орталығының, сондай-ақ «Invest Shymkent» фронт-кеңсесінің жұмысымен танысты.
01 Қараша, 2024
«Шығыс өңірінің мүмкіндігі мол» - Әлішер Сүлейменов
Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасын басып өтетін ең ұзын көпірдің ашылуы ел өміріндегі айтулы оқиға болды. Жалпы, соңғы уақытта Шығыс өңірі жүзеге асырылып жатқан жарқын жобаларымен, қомақты көрсеткіштерімен қуантып келеді. Осы орайда облыс әкімінің кеңесшісі Әлішер СҮЛЕЙМЕНОВТІ әңгімеге тартқан едік.
01 Қараша, 2024
Кәріз су кешені салынатын күн жақын
«Елу жылда ел жаңа» дегенді жиі айтып жатамыз. Әйткенмен, тәуелсіздік алғалы бері отыз жылдан астам уақыт өтсе де, Тараз қаласы мен онымен жапсарлас Жамбыл ауданы жұртшылығының жүйкесін жұқартқан кәріз суы кешенін салу мәселесі кейде тіпті шешімін таппайтындай көрінетін. Олай емес екен. Тұрғындар тілегі орындалатын болды. Жергілікті атқарушы билік жұрт жанына батқан түйінді шешуге ниетті.
01 Қараша, 2024
Астанада «Jastar fest» жас көшбасшылар форумы өтті. Ұлттық құндылықтар, патриотизм, адамгершілік, адалдық, ізгілік қағидаттары кеңінен насихатталған ауқымды іс-шара қаланың Жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдауымен ұйымдастырылды.
01 Қараша, 2024
Қазақтың шалғайдағы бір ауылынан шығып, әлемдік деңгейді бағындырып, ғаламдық кеңістікке шыққан таланттардың бірін білсек, бірін білмей жатамыз. Есімін ел таныса да уақыт өте келе ұмытыла бастағаны да бар. Мәселен, өнер әлемінде Ерік Құрманғалиевтің есімі ерекше құбылысқа баланады. Біртуар таланттың әншілік тұлғасы күллі құрлықты таңғалдырды. Бір-ақ сәтте қайталанбас дауысы шартарапқа жайылып кетті.
01 Қараша, 2024
Қара адыр, қамыққан ауыл. Сүттей төгілген ай сәулесі. Маржандай тізілген қиял тізбегі, мөлдір дала алқабы. Ине жоғалса табылардай түрленген дала, шым етер бөтен ойы жоқ жүрек тыныштығы. Қатар-қатар осынау көріністің бәрі бір әнге сыярдай. Құдіретті «Бір бала» әніне.
01 Қараша, 2024
Маңғыстауда құрастырылған катер
Маңғыстау облысында құрастырылған «Шапшаң» әскери десанттық катері Каспий теңізіне түсірілді. Салтанатты іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, Қарулы Күштердің контр-адмиралы Ратмир Камратов, әскери қызметшілер мен қала тұрғындары қатысты.
01 Қараша, 2024
Қой жүнінен сәндік бұйым жасайды
Өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында «Бір ауыл – бір өнім» конкурсының жеңімпаздары анықталды. Үздіктер қатарында Мәртөк ауданында қыш ыдыстар өндірісін жолға қойған Аркадий Гогель мен қой жүнінен этнобұйымдар жасайтын Ырғыз ауданының шебері Айдана Сағынғали бар.
01 Қараша, 2024
Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында 30 пәтерлі тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Бірқатар әлеуметтік нысан, кәсіпорын құрылысы аяқталып, салтанатты жағдайда ашылды.
01 Қараша, 2024
Атырау облысының ең шалғайындағы ауданның бірі – Қызылқоға. Елді мекендерінің кейбірі өңір, аудан орталығынан қашықта орналасқан. Бірақ тұрғындардың дені алтын бесігіне балаған қонысынан ірге көтермей отыр.
01 Қараша, 2024
Ғалам ғажаптары: Гиннеске енген «Балбырауын»
Елордада бір мезетте үш мыңнан аса домбырашы «Балбырауын» күйін орындады. Өнер әлеміндегі осынау ерекше оқиға еліміздің Гиннесс рекордтар кітабына енді.
01 Қараша, 2024
1 қарашада кей өңірде жаңбыр және қар жауып, көктайғақ болады
Синоптиктердің болжамына қарағанда, 1 қараша, жұма күні еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады және кей өңірде нөсер жаңбыр, қар жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Қазан, 2024
Маңғыстауда қырылған итбалықтардың саны 300-ге жуықтады
Маңғыстауда Каспий теңізінің Түпқараған ауданы аумағында қырылған итбалықтардың саны әлі артуы мүмкін, мамандар тексеру жұмысын толығымен аяқтап болған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Қазан, 2024
XVII «Еуразия» халықаралық кинофестивалі өтеді
2024 жылғы 24-30 қараша аралығында Алматы қаласында XVII «Еуразия» халықаралық кинофестивалі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Қазан, 2024
Шығыстың балы мен Аралдың тұзына ерекше мәртебе берілуі мүмкін
Әділет министрлігі еліміздің әр аймағына тән, сонда өндірілетін өнімдерге географиялық нұсқама беру ісін бақылауға алды, деп жазады Egemen.kz.
31 Қазан, 2024
Карьердегі оқыс оқиға: Арнайы комиссия тексеріс жүргізеді
Ақтөбе облысындағы жазатайым оқиғада 2 адам қаза тапқаны туралы хабарланған, деп жазады Egemen.kz.
31 Қазан, 2024
Әлем чемпионаты: 17 боксшы жартылай финалға шықты
Қазақстан спорт тарихында мұндай жетістік бұрын-соңды болмаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Қазан, 2024
Ақтөбеде мектеп есепшісі қомақты қаражатты иемденген
Ақтөбе облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары№48 жалпы білім беретін мектеп есепшісінің бюджет қаражатын заңсыз иемдену дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
31 Қазан, 2024
Қостанай облысындағы республикалық жолда қозғалыс шектелді
«ҚазАвтоЖол» АҚ Қостанай облысындағы республикалық жолдардың бірнеше учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
31 Қазан, 2024