Оқи отырыңыз
Биыл елімізде жан-жануарлар дүниесін дамытуда, реинтродукция жасауда едәуір алға ілгерілеу болғанын мақтанышпен айтуға тиіспіз. Әуелі Торғай топырағына кәрі құрлықтан жеті кертағы оралды. Екі жолақ жон жолбарыс байырғы құтты мекені Іле мен Балқаш маңына қайта жерсіндірілмек. Бұқар бұғысы да бұрынғы мекеніне бұрылды. Ендігі бір іздейтін «жоғымыз» – жирен (зерен).
07 Қараша, 2024
Полиция қызметкерлеріне қызметтік көлік табысталды
Абай облысында гарнизондық сапқа тұрғызу сәтінде өңір тыныштығын күзеткен полиция қызметкерлеріне 50 жаңа қызметтік автокөліктің кілті тапсырылды. Салтанатты рәсім аясында сөз алған өңірдегі Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Бектөре Сұлтан материалдық-техникалық базаны жақсартуға жергілікті атқарушы органдардың қосқан үлесін атап өтті.
07 Қараша, 2024
Жақында Түркі мәдениеті және мұрасы қорының қолдауымен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ғалымдары құрастырған «Алпамыс батыр» жинағы жарыққа шықты. «Түркі халықтарының рухани мұрасы әлемдік өркениет аясында: «Алпамыс батыр» жыры» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция барысында таныстырылған жинаққа жырдың кең тараған, ең көлемді М.Сандыбайұлы – С.Аққожаев нұсқасы және Ю.Новикова мен А.Тарковскийдің орыс тіліндегі көркем аудармасы, сондай-ақ ағылшын тіліндегі жолма-жол аудармасы енген.
07 Қараша, 2024
Пластик қалдықты кәдеге жаратады
Қ.Сәтбаев университеті, «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы», «Coca-Cola İçecek Kazakhstan» компаниясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум пластикалық қалдықтарды жинау мен қайта өңдеу жобалары арқылы оның тиімділігін арттыруды көздейді.
07 Қараша, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі бірегей жануарлар мен өсімдіктерді сақтап қалу мәселесі әлі де өзекті екенін алға тарта отырып, бұл бағытта қажетті шаралар қабылдауды тапсырған еді. Расы керек, ел аумағындағы жыртқыш құстардың саны бір кездері күрт кеміп кетті. Қызыл кітапқа енгені бар, енбегені бар, қаскөйлер қызығын көріп бақты. Қазірде мұндай құстар мемлекет қарауына алынған. Сарышаған теміржол стансасынан 8 шақырым жердегі «Самұрық» жыртқыш құстарды өсіру, мониторингілеу және оңалту орталығы Арқа көгіндегі жыртқыш құстың түр-түрін аман сақтап, самғатып тұр.
07 Қараша, 2024
QS рейтингі: Сапа биігінен көріне аламыз ба
Мемлекет басшысы білім жүйесінің жекелеген ғылыми орталықтар, технопарктермен ынтымақтастығы әлеуеті зор зерттеу университеттерін құрылымдауға мүмкіндік беретінін атап өткен болатын. Осы мақсатта елімізде 20-дан астам жоғары оқу орнында үздік шетел университеттерінің филиалы ашылып, алдағы уақытта 10-нан аса оқу орны халықаралық келісімге қол жеткізбекші.
07 Қараша, 2024
Ақыл мен ой, ми мен жүрек қуаты таразыға түсетін спорт ойындарының төресі – шахмат. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде есімдерін әлем жұртшылығы жақсы білетін Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева сынды шаршы тақта шеберлерімен кездесуінде елімізде шахматпен шындап шұғылданатындардың саны 200 мыңнан асатынын, бұл көрсеткіш кемінде екі есе артуға тиіс екенін тілге тиек ете келіп, аталған спорт түрін алдағы уақытта мектеп бағдарламасына факультативтік пән ретінде енгізген дұрыс деген еді.
07 Қараша, 2024
Елімізде алғаш рет мектеп оқушылары арасында «Егемендігім – елдігім» атты республикалық «Қола домбыра» оқушылар айтысы өтті. Астана төріндегі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің сахнасында өткен дүбірлі доданы Оқу-ағарту министрлігі Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағымен бірлесіп «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ұйымдастырған.
07 Қараша, 2024
Ғалам ғажаптары: Естен кетпеген билет
АҚШ-тағы Оңтүстік Каролина штатының тұрғыны дүкенге барғаннан кейінгі мазасыз сезімнің арқасында лотереядан 300 мың доллар ұтып алды.
07 Қараша, 2024
Бүгін Астанада сабақ уақыты қысқартылады
Астана қаласы білім басқармасы бүгін елордада ауа райының нашарлауына байланысты мектептерде сабақ уақыты қысқартылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
06 Қараша, 2024
Екі облыстағы республикалық маңызы бар жолдарда қозғалысқа шектеу қойылды
«ҚазАвтоЖол» компаниясы күн райының бұзылуына байланысты Жамбыл және Ақтөбе облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
06 Қараша, 2024
Жаңа жыл қарсаңында қосымша Тальго пойыздары қатынайды
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жаңа жыл қарсаңында еліміздің үш ірі мегаполисі арасында қосымша Тальго пойыздары қатынайтынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
06 Қараша, 2024
1,2 млрд теңге жымқырған: Алмасбек Садырбай ұсталды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің басшысы А.Садырбайдың алаяқтық әрекетін әшкерелеген, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
06 Қараша, 2024
Павлодарда ағаштар бүршік жарды
Қыс мезгілінің басталуына аз ғана уақыт қалды. Алайда Павлодар облысының тұрғындары өңірде ағаштар бүршік жарғанын көріп, аң-таң болды, деп жазады Egemen.kz.
06 Қараша, 2024
Мектептерде «педагог-ассистент» лауазымы енгізілді
Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев инклюзивті және арнайы білім беруді дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қараша, 2024
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Жетісу облысында 5 қарашада түнгі сағат 22:58-де жер сілкінісін тіркеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қараша, 2024
Атырау облысының экономикасына инвестиция салуға Еуропа елдері де қызығады. Биыл 8 айда мұнайлы өңірдің Еуроодақпен сыртқы тауар айналымы 15,7 млрд долларды құрады. Оның ішінде, экспорт көлемі – 15,4 млрд, импорт – 300 млн доллар.
06 Қараша, 2024
Техника мамандарына сұраныс артты
Еңбек нарығындағы қажеттілікті талдау нәтижелері Ертіс –Баян өңірінің экономикасына орта кәсіптік білімі бар кадрларға қажеттіліктің артып келе жатқанын көрсетіп отыр. Алдағы бес жылда кәсіптік-техникалық білімі бар мамандарға деген сұраныс білімі жоғары түлектерге деген қажеттіліктен 70 пайызға асып кетеді деген болжам бар.
06 Қараша, 2024
Жетісу ауылдарын жандандыруға ең алдымен қалыпты жол, содан соң жаңа әлеуметтік нысандар қажет. Жүйелі жұмыс бар жерде халық тұрақтайды. Осы тұрғыда облыс әкімі Бейбіт Исабаев ауылдарға көбірек көңіл бөліп келеді. Айталық, шалғайдағы Көпбірлік ауылына отыз жылдан соң жаңа жол салынды. Талай жыл халықты қинап келген ауызсу мәселесі де шешілді. Көп ұзамай мұнда медициналық кешен мен мәдениет үйі салынбақ.
06 Қараша, 2024
Өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған бірінші мектеп пайдалануға берілді. Қостанай ауданының Заречный кентінде бой көтерген заманауи мектепте 900 бала мемлекеттік тілде білім алады.
06 Қараша, 2024