Оқи отырыңыз
Қызылорда – Жезқазған күре жолы: Құрылыс тәмамдалуға таяу
Оңтүстікті орталықпен байланыстыратын «Қызылорда – Жезқазған» күре жолының бойында тірлік қауырт. Қайта жаңғырып жатқан жолдың көп бөлігінде көліктер кедергісіз зырлайды. Қазір автожолдағы үш учаскеде асфальт төсеу жұмыстары аяқталуға жақын тұр. Қызылорда мен Ұлытауды жалғап жатқан 424 шақырым жолдың 204 шақырымы біздің аумақта. Осы күні жолдың Қызылорда аумағындағы үш учаскесінде үш қабат асфальт төселіп бітуге жақын. Жыл соңына дейін 140 шақырым жол қолданысқа беріледі.
09 Қараша, 2024
Нұрлан Санжарұлы: Өр Алтай – өмірімнің бір кезеңі
Күні кеше ауыл көшесінде доп қуып, бұзау қайырып жүрген бала күнді кім сағынбасын. Кейбір кезде мүмкін емес болса да, сонау бір алаңсыз шаққа, балалық баққа тартып кеткің келеді. Ондайда қара шаңырақтағы қоңыр альбомды ашып, ескі суреттерді парақтаймыз. Одан қалса, интернеттен «Менің атым – Қожа» фильмін іздейміз. Оны іздейтініміз, бала күнге деген алып-ұшты сағынышты басады. Сол үшін де шығар, қанша көрсек те жалықтырмақ емес. Кеше фильмдегі басты кейіпкер «Қожамен» қатар отырып, әңгімелестік. Атүсті емес, ерке Ертістің жағасында емен-жарқын Нұрлан Санжарұлы сыр ақтарған. Өзеннен күздің салқын самалы есіп тұрды.
09 Қараша, 2024
Ғалам ғажаптары: Көрікті қылмыскер
Бір сурет бір адамның тағдырын түбегейлі өзгертеді деп кім ойлаған? Джереми Микстің есімі 2014 жылы әлемге әйгілі болады. Өкінішке қарай, қылмыскер ретінде.
09 Қараша, 2024
14 қараша - «Кербұғы» Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық Қазақ музыка-драма театрында О.Бөкейдің «Кербұғы» драмасы сахналанады. Режиссер – Ж.Садықов.
09 Қараша, 2024
Қызылордада Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы құнды жәдігерлерден «Тарихы терең Түркістан» атты көшпелі көрме ұйымдастырылды. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің 85 жылдығына орай ұйымдастырылған көрменің ашылуына өңірдегі зиялы қауым өкілдері, жастар келді.
09 Қараша, 2024
«Қарашада қара үй тұр, қарайлай жүр артыңа» деп Жәнібек Кәрменов сақтандырғандай, міне, қарашаның қара суығымен Қызылжарға бір-ақ күнде қар төпелей жауып, қыс түсе қалды. Кеше ғана тұрған салқын күз сабырсыз қысқа айналып шыға келді.
08 Қараша, 2024
Жақында Орал қаласында жас жұбайлардың үйлену тойында әдемі бір бастамаға куә болдық. Манарбек пен Арайлым есімді жұп той қонақтарына тәбәрік ретінде кітап таратты.
08 Қараша, 2024
«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге үндеу жолдады
Еліміздің бірқатар аймағында қолайсыз ауа райы әлі де сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қараша, 2024
Рудныйда жылу трассасы жарылып кеткен
Өткен түні Қостанай облысына қарасты Рудный қаласында жылу трассасы жарылып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қараша, 2024
Күрес түрлерінен Қазақстан кубогі сарапқа салынады
10-15 қараша күндері Тараз қаласында күрес түрлерінен Қазақстан кубогі сарапқа салынатын белдесулер өтеді, деп жазады Egemen.kz.
08 Қараша, 2024
Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Бүгін ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамына сәйкес, бүгін, 8 қарашада еліміздің барлық дерлік өңірінде қолайсыз ауа райы сақталады. Кей облыста тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қараша, 2024
Қоқыс өңдеу зауыты қашан салынады?
Бірер жыл бұрын өңір бойынша талапқа сай келмейтін 172 қоқыс полигоны жұмыс істеп тұрғаны туралы дерек тараған еді. Ал биыл 24 қоқыс полигонының экологиялық рұқсат алмай жұмыс істегені анықталды. Облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан дерекке сенсек, 100-ден астам полигон жыл сайынғы есептілікті тапсырмайды екен.
08 Қараша, 2024
Ертіс-Баян өңіріндегі 355 ауылдық елді мекен бүгінде 126 дербес ауылдық бюджетке біріктірілген. Биыл жергілікті өзін- өзі басқару бюджетінің көлемі 21,1 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға артық.
08 Қараша, 2024
Бактерияға қарсы наножабынды жіп
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі химия және химиялық технология факультетінің ғалымдары хирургиялық жіптердің бетіне мультиқабатты наноөлшемді жабын енгізіп, оларды бактерияға қарсы қолдану әдісін жетілдірді.
08 Қараша, 2024
Америкалық жазушы Айзек Азимов «Робот адамға зиян тигізбек түгіл, өзінен келетін қауіптерден де құтқаруы керек» дейді. Бұл – фантаст қаламгердің өзі жан беретін роботтарына қоятын басты талабы. Ал ең ғажабы, шынайы өмірде де көптеген робот «жанашырлық» қамытын киіп жүр. Сөзімізге дәлел де көп.
08 Қараша, 2024
Оқушы бағдарламасы киберқылмысты әшкерелейді
Игілік үшін жасалған жасанды интеллектінің қиғылық ісі де баршылық. Оны хакерлер қарапайым азаматтың деректерінен бастап, мемлекеттің құпия ақпараттарын қолға түсіретін таптырмас құрал ретінде пайдаланып отыр. Бұл – дүниежүзіндегі түйткілді мәселе. Осы киберқылмыстың алдын алу мақсатында Астанадағы 11-сынып оқушысы Жәнібек Дулатұлы «Chat GPT» сынды платформа ойлап тапты. Жаңа жобаның ерекшелігі – ақпараттың рас-өтірігін анықтайды.
08 Қараша, 2024
Түркітілдес елдердің театр фестивалі
Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының 95 жылдығына орай, шаһарда Орталық Азия елдері театрларының IX халықаралық фестивалі басталды.
08 Қараша, 2024
Ұлттық киім үлгілері – жұртшылықтың көз қуанышы
Жақында еліміздің үшінші мегаполисінде «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» деген атпен маңызды фестиваль өтті. Фестиваль Қазақстан халқы Ассамблеясының Шымкент қаласындағы филиалына қарасты Достық үйінде ұйымдастырылды.
08 Қараша, 2024
Жасыл энергияға басымдық берген өңір
Соңғы жиырма жыл иінінде жаһан жұрты жаңартылған энергия көздерін дамытуға басымдық беріп отыр. Әлемдік деңгейдегі ғалымдар да жыл өткен сайын жаңартылған энергия көздеріне деген тәуелділік артатынын нақты деректермен дәйектеп жүр. Олар келтірген мәліметке сенсек, ширек ғасырдан соң әлем елдеріндегі жасыл энергияның үлес салмағы 35 пайызға жетуі бек мүмкін.
08 Қараша, 2024
Үндістан Олимпиадалық комитеті 2036 жылғы жазғы Олимпия ойындарын өз елінде өткізу жөнінде Халықаралық Олимпиада комитетіне (ХОК) ресми хат жолдады. Осыған дейін Мексика, Индонезия, Түркия, Польша, Мысыр, Оңтүстік Корея тарапынан да ХОК-қа осындай өтініш түскен болатын. Ал оның алдындағы ғаламдық додалардың алауы 2028 жылы Лос-Анджелесте (АҚШ), 2032 жылы Брисбенде (Аустралия) тұтанатынын естеріңізге сала кетейік.
08 Қараша, 2024