Оқи отырыңыз
Маңғыстауда құтқарушылар арасында «Полиглот» байқауы өтті
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде «Полиглот» байқауы өтті. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар мен тапсырмалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгеру, тілдік қорларды әртүрлі жағдайларда пайдалану, жазбаша және ауызша түрде емтихандар тапсыру және өз өнерлерін таныстыру болды.
17 Тамыз, 2019
А. Атамбаевтың мүлкі арестке алынды
Қырғызстанның Бас прокуратурасы бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтың мүлкі арестке алынғандығын хабарлады. Бұл туралы Кабар агенттігі мәлімдеді.
16 Тамыз, 2019
Түркияның беделді басылымына «Egemen Qazaqstan» газеті туралы мақала жарияланды
Түркия Республикасының Cumhuriyet Gazetesi басылымының бүгінгі санына «Egemen Qazaqstan» газеті мен Халықаралық Түркі академиясы туралы көлемді мақала шықты.
16 Тамыз, 2019
1 қыркүйекте сабақ болмайды - БҒМ
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
16 Тамыз, 2019
«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы басталды
Елордада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының мәжілісі басталды. Бұл туралы twitter-дегі парақшасында Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлім етті.
16 Тамыз, 2019
Бішкек соты Атамбаевты изоляторда қалдырды
Бүгін Бішкек қалалық сотының көшпелі отырысында Атамбаевты Қырғызстанның Мемлекеттік ҰҚК тергеу изоляторында ұстау шарасын қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
16 Тамыз, 2019
Біз де Әліппені қайтару керек деп есептейміз - А. Аймағамбетов
Бұл туралы Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов тамыз конференциясында айтты.
16 Тамыз, 2019
Елордада педагогтардың Тамыз конференциясы басталды
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жаңа оқу жылының қарсаңындағы дәстүрлі Тамыз конференциясы басталды.
16 Тамыз, 2019
Ауыл мектебінің ата-аналары неге алаңдаулы?
«Egemen Qazaqstan» газетінің меншікті тілшілер қосынына Еңбекшіқазақ ауданы, Қазақстан ауылдық округіне қарасты Ж.Қайыпов атындағы орта мектептің ата-аналар комитетінің өкілдері хабарласып, оқу орнындағы білім мен тәрбие жұмысына қатысты алаңдаушылығын білдірген еді.
16 Тамыз, 2019
«Ел үміті» және «Қамқорлық» жобалары дарынды жастарды қолдауға бағытталады
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес жас таланттар мен көшбасшыларды қолдау мақсатындағы «Ел үміті» атты жаңа бастамасын бастады. Жуырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевпен кездесу барысында «Ел үміті» және «Қамқорлық» бастамалары бойынша арнайы тапсырмалар берген болатын. – Қор бірқатар іс-шараны жүзеге асыру үшін тиісті жұмыс жүргізіп келеді. Біз талантты жастарды және дамуында ерекшелігі бар балаларды қолдауға бағытталған «Ел үміті» және «Қамқорлық» атты жаңа екі жобаны іске асыруды бастаймыз. Талантты жастарымыз ел ішінде және шетелде білім алуы үшін оларға көмектесуіміз керек. Бұл – өте пайдалы әрі қажетті жұмыс. Жалпы Қордың осы бағыттағы жұмысын жандандыру керек, – деген-ді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
16 Тамыз, 2019
Ұлттық болмысты сақтау бәрінен қымбат
Қоғамдағы болып жататын және болмай қоймайтын өзгерістер мен жаңарулар біздің санамызға, жеке өмірімізге әсер етпей қоймады. Ол сыртқы факторлардың және ішкі қажеттіліктердің әсерінен болатыны сөзсіз. Ондай жерде пікірдің әр алуандылығы тумай қоймайды. Ол жеке адамның немесе белгілі бір ұлттық ұстанымдардың таңдауынан болады. Таяуда осы мәселе төңірегінде Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің оқытушысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы филология ғылымдарының кандидаты Ерболат БАЯТПЕН тілдескен болатынбыз.
16 Тамыз, 2019
ХХ ғасыр басында қазақ зиялыларының халқы үшін атқарған еңбегі ұшан-теңіз. Олардың ерен істерін әлі толық зерттеп-зерделеп үлгермей жатырмыз. Сондай тұлғаның бірі – Тұрар Рысқұлов. Бұл адамның қайраткерлік қабілеті Кеңес Одағы деңгейінен асып, Коминтерн өкілі ретінде әлемдік масштабтағы саяси істерге араласуына ықпал етті. Соның бір парасы – Азия құрлығындағы көшпенді жұрт Моңғолияның конституциясын жасап, елдің саяси-экономикалық дамуын социалистік бағытқа бұрып беруі. Істі тиянақтау үшін қайраткер аталмыш мемлекетке 1924 жылдың қазан айында барып, 1925 жылдың шілдесіне дейін 9 ай қызмет етті. Т.Рысқұловтың Моңғолияда атқарған еңбегі жайлы «Егемен Қазақстан» газетінің жылашар санында «Тұрардың Күредегі күндері» атты көлемді мақала жарияланған еді. Осы жазбада қайраткердің ол жақта атқарған жұмысы жайлы баяндалған болатын. Дейтұрғанмен Т.Рысқұлов осы сапарында көшпенді елдің саяси бағытын дұрыстап қана қоймай, іргедегі Қытай Республикасына құпия барып келгені жайлы көп айтылмай жүр. Біз осы тақырыпты қаузап көрмекпіз.
16 Тамыз, 2019
Әлекең – Әлисұлтан Құланбайдың өмірден өткеніне де бір жыл болып қалыпты. Жымия күліп жанымызда жүргені күні кеше ғана сияқты еді – зымыраған уақыт. Ал оның аяқ астынан болған қазасы үй-іші, жақын-туыстарымен қатар, «Егемендегі» қанаттас үлкен-кіші әріптестерінің де қабырғасын қайыстырды. Жаны жайсаң апталдай азаматтан тосыннан айырылып қалу кімге де болса ауыр тиіп еді.
16 Тамыз, 2019
Баянауыл инфрақұрылымы – өзекті мәселе
Жалпы жол мәселесі үнемі елдің назарында ғой. Бас басылым бетінде аудандық, облыстық, республикалық маңыздағы жолдар жайлы жиі жазылып келеді. Не өзгерді? Осы жазғанымыздан өзгерген не бар деп қайта үңілуге тура келеді. Өзгермейтін бір-ақ нәрсе бар. Бұл – жыл сайын жолдарға бөлінетін қыруар қаражат. Осы бөлінген қыруар қаражаттың желге ұшатыны, жолдардың сапасыз жөнделетіні немесе орта жолда аяқталмай қалатыны қынжылтады. Одан кейінгі мәселе – жол басқармасындағы басшылар жиі ауысады.
16 Тамыз, 2019
Банктер бизнесті неге қаржыландырмайды?
Шағын және орта бизнес қайдан қаржыландырылып жатыр? Банктер не себепті бизнеспен емес, халықпен жұмыс істеуге құмар? Бизнесті қолдау үшін бюджеттен ақша бөлу дұрыс па, бұрыс па? Осы сауалдардың жауабын білу үшін жыл басынан бергі статистиканы сөйлетіп көрген едік.
16 Тамыз, 2019
АҚШ Дүниежүзілік сауда ұйымынан шыға ма?
АҚШ Президенті Дональд Трамп тағы да әлемді дүр сілкінтті. Бұл жолы Ақ үй басшысы қажет жағдайда Дүниежүзілік сауда ұйымынан шығуға әзір екенін мәлімдеді.
16 Тамыз, 2019
Құты қашқан Кашмир автономиялық мәртебесінен айырылды
Үндістан мен Пәкістанның арасындағы араздықтықты қашаннан қоздырып келе жатқан бітіспес дау – Джамму және Кашмир мәселесі. Жақында Үндістан үкіметі аталған штатты автономиялық мәртебесінен айыру туралы шешім шығарып, шетін жағдайды одан сайын шиеленістіріп жіберді.
16 Тамыз, 2019
Темірден түйін түйген шеберлер
Қазаталық Молжігітовтер отбасындағы ағайынды Нұржігіт, Нұрғиса, Нұрқанат бүгінде «Ауылда жұмыс жоқ қой» деп Алматы, астанаға барып, тіпті шетел асып кететін жастарға үлгі болатын азаматтар. Қазір ағайынды жігіттердің ауылда отырып жасаған бұйымдары Алматы, Нұр-Сұлтан, тіпті көрші ел өзбек ағайындардың да сұранысына ие.
16 Тамыз, 2019
Бүгінгі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ең өзекті міндеттерді, шоқтығы биік жалпы ұлттық құндылықтардың насихатталуын алдыңғы қатарға шығарды. Ол – ел мен жердің тарихы, солармен тағдырлас ғұмыр, елдік келбет, азамат ажары, бабалар қағидаттарындағы берік ұстанымдар.
16 Тамыз, 2019
«...Түһ, шіркін! Тоқымдай жерде тоқсан түрлі гүл, ну орман, төбесі көк тіреген шыңдар. Жер бетіндегі жұмақ жер осы шығар», деп таңданған Нұрманбет ақсақал Солдатқұлаған асуынан Бұқтырманы жағалай жатқан елге көз тастады. Арғысы Маңғыстаудан, Оралдан, Ақтөбеден, Түркістаннан, бергісі Алматы, Астанадан келген фотосуретшілер жанталаса жан-жақтарын шырт-шырт еткізіп суретке түсіріп жүр.
16 Тамыз, 2019