Оқи отырыңыз
Су спортынан бірнеше дүркін Азия чемпионы Виталий Худяков Ыстықкөлді жүзіп өтті. 56 шақырым қашықтықты бағындырған ол бұл әрекетін Токиодағы Олимпия ойындарына арнаған. Себебі 5 тамызда төртжылдық додасында ашық суда жүзуден жарыс басталуы тиіс еді, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
07 Тамыз, 2020
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мен БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) жастарға психологиялық көмек көрсету жөнінде вебинар өткізді.
07 Тамыз, 2020
Жаһанды жайлаған індет ешкімді аяр емес. Әлемнің тұтқасын ұстап отырмыз деген елдердің өзі індет алдында не істерін білмей қалды. Қазақстанға келген коронавирусқа біз де қауқарсыз болып шықтық. Оған өзіміздің «не болар дейсің?» деген жайбарақаттығымыз бен бейқамдығымызды қосыңыз. Бұған қалай жол берілді?
07 Тамыз, 2020
Әлемді жайлаған індеттің енді қандай «сыйы» бар екені бізге беймағлұм. Ал «екі апталық» карантин режімі ұзара келе міне, алтыншы айға ұласты. Медицинасы қарыштап дамыды деген елдердің өзі бүгінде алаң күй кешіп отыр. Дүние дағдарып, дүрдараз болып келген мемлекеттер бұл мәселеде мәмілеге келуге мәжбүр, қитұрқы кеселдің емі мен екпесін қосыла іздеп жатыр.
07 Тамыз, 2020
Жыл сайын облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері археологиялық қазба жұмыстарын жүргізеді. Археологиялық топ әр сапардан олжалы оралады. Мәселен, 2017 жылы Қызылқоға ауданындағы Миялы қорғандарының бірінен қоладан құйылған қазан табылды.
07 Тамыз, 2020
Жақында белгілі қаламгер Уәлихан Қалижан әлеуметтік желіде Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісов туралы естеліктер сериясын жариялады. Соның бірі «Соғыстан қалған бір де бір медалім жоқ» деп аталады екен.
07 Тамыз, 2020
43 мыңнан аса адам зейнетке шықты
Биылғы 7 айда 43 453 қазақстандық жасына байланысты зейнетақының тағайындалуына өтініш білдірді. Айта кетейік, өткен жылдың дәл осы кезеңінде 41 мыңнан аса азамат зейнетке шыққан.
07 Тамыз, 2020
Түрме аумағын гүлбаққа айналдырды
Кәмелеттік жасқа жетпей қылмыс жасаған балаларды ұстауға арналған Алматы қаласында орналасқан еліміздегі жалғыз түзеу мекемесінде бүгінгі күні 41 бала жазасын өтеп жатыр.
07 Тамыз, 2020
Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты айтып отырмыз, баяғы. Өзекке түскен жегіқұрттай болған бұл қоғамдық кесел мемлекетті экономикалық шығынға батырып қана қоймай, елдің берекесін де қашырып тұр. Төзімнің түбі, шыдамның шегі деген болмаушы ма еді? Түйені түгімен жұттырған тойымсыздық пен тоғышарлыққа тосқауыл болар айла-шара жеткіліксіз болғандықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңа толықтырулар пакетіне қол қойған болатын. Соған сәйкес бағынышты қызметкері жемқорлықтың желкенін керген жағдайда басшының қызметтен кетуі мақұлданды. Нәтиже бар ма?
07 Тамыз, 2020
Атырауда кішкентай қызға зорлық жасамақ болған күдікті ұсталды
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
07 Тамыз, 2020
Қысаң заманда той жасауға құлшынатындар азаймай тұр
Карантин режімі кезінде отбасылық салтанатты шараларға рұқсат етілмейтіні, адамдардың жиналуға болмайтыны жөнінде ескерту алғанына қарамастан Петропавл қаласының бір тұрғындары 5 тамыз күні қала іргесіндегі Қызылжар ауданына қарайтын Архангелка селосының шіркеуіне келіп, үйлену рәсімдерін жасаған. Олардың қонақтарға жайып қойған дастархандары да фото және бейнекөріністерге түсірілген. Шіркеу қызметкерлері карантиндік режімнің бұзылатынына қарамастан осы шараның өтуіне рұқсат берген.
06 Тамыз, 2020
Алматыда жыл соңына дейін электр қуатының тарифтері көтерілмейді
Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев айтты.
06 Тамыз, 2020
Мұрат Әйтенов волонтерлермен кездесті
Президентіміз Қ.Тоқаев биылғы жылды "Волонтер жылы" деп атаған болатын. Осыған орай, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пандемиямен күресте белсенді атсалысып жүрген еріктілер мен қоғамдық қозғалыстардың өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Тамыз, 2020
Қазақстанға Ресейдің әскери дәрігерлері көмекке келді
Ресейлік әскери дәрігерлер коронавируспен күресуге көмектесу үшін Қазақстанға келді, - деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
06 Тамыз, 2020
Елорда мектептеріне жаңа оқулықтар таратылуда
Елордалық білім басқармасы мен «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері қаладағы жалпы білім беретін мектептерге кітаптардың таралуын қадағалап, көшпелі мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
06 Тамыз, 2020
Дәрі-дәрмектердің құнын бақылау жалғасуда
Сенатор Рысқали Әбдікеров өзі сапарлап жүрген Қарағанды облысының дәріханаларында дәрі-дәрмектердің қол жетімділігі мен дәрі-дәрмектердің құнын бақылауды жалғастыруда. Депутат жергілікті билік тұрғындардың сұраныстарына мұқият жауап беріп, пандемия кезінде дәрі-дәрмек жетіспеушілігі жағдайының қайталануына жол берілмеуі керектігін атап өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Тамыз, 2020
Ақпараттық ағарту штабы онлайн жұмыс жүргізеді
Түркістан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен халықпен сындарлы сұхбат құру және ақпараттандыру шаралары арқылы тұтастық қағидаларын кеңінен дамыту мақсатында арнайы құрылған облыстық ақпараттық-ағарту штабы жұмыс істейді.
06 Тамыз, 2020
Әбіш Кекілбайұлының жары Клара Жұмабайқызының асы бір жылдан соң өтеді
Әбіш Кекілбайұлының жары Клара Жұмабайқызының асы пандемияға байланысты келесі жылы өтеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Тамыз, 2020
Шымкентте егіс алқабынан 18 мың тоннаға жуық өнім жиналды
Шымкент қаласында биыл егістік алқабынан 15 650 тонна өнім алынды. Оның ішінде 10 450 тонна дәнді дақыл, 5 200 тонна көкөніс пен бақша өнімдері, картоптың 2100 тоннасы жиналды. Шаруалар майлы дақылдар мен мал азықтық дақылдарын, картоптың қалған бөлігін алдағы уақыттағы жиынға қалдырған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Тамыз, 2020
Қызылордада медиация мәселесі талқыланды
Қызылордада Медиация күніне орай онлайн конференция болып өтті. Оны облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жағыпар Тажмаханов жүргізді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Тамыз, 2020