Оқи отырыңыз
Жамбыл облысында білім саласының басшылығы тиісті мәселеге көңіл бөлмеген
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы ақыл-ойының дамуында кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатына барған болатын. Жақында ғана мектеп нысанына жапсарлас бой көтерген ғимараттың құрылысы аяқталған. Алайда, жаңа ғимараттағы спортзал, тігін және ағаш шеберханалары әлі бос тұр екен. Бастапқы жобалау кезінде жиһаз бен жабдық сатып алуға қаражат бөлінбеген. Жауапты басшылардың ешқайсысы аталған мәселеге уақытылы назар аудармаған болып шықты. Бердібек Сапарбаев білім басқармасының басшылығына ескерту жасап, мұндай маңызды істе кемшіліктерге жол берілмеу керектігін атап өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Тамыз, 2020
Чехияда эпидемиялық жағдай қайта ушықты
Чехияда коронавирус жұқтырғандар саны күн санап артып келеді. Осыған байланысты елде 1 қыркүйектен бастап тұрғындарға медициналық маска тағу міндеттелді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Тамыз, 2020
ЕАЭО зергерлік бұйымдарды экспорттау бюросын құруды жоспарлап отыр
Бюро үшінші елдер нарығында зергерлік бұйымдарды сату арналарын кеңейту мәселелерімен айналысады ЕАЭО елдері зергерлік бұйымдарды экспорттаудың Еуразиялық бюросын ЕЭК Кеңесінің шешім жобасынан құруы мүмкін, - деп жазады Egemen.kz ЕАЭО зергерлік бұйымдарды экспорттау бюросы таратқан деректерге сілтеме жасап.
31 Тамыз, 2020
Тараз тұрғындарының кейбір мердігерлерге көңілі толмайды
Бүгінде Тараз қаласындағы аулаларды абаттандыру мен білім беру мекемелерінің жағдайы өңірдегі өзекті мәселелердің бірі. Мәселен, облыс орталығындағы "Алатау" шағынауданында "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша бес аула абаттандырылуда. Аталған жұмыстармен "Энерджи-Тараз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысуда. Жалпы, аулаларды абаттандыру толық асфальттау, көшелерді жарықтандыру, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату шараларын қамтиды. Сондай-ақ, Таразда балалар мен спорт алаңқайлары салынып, кеңейтілуде. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аулаларды абаттандыру және мектептердің жағдайымен танысып, бұл ретте мердігерлер мен Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаевқа құрылыс жұмыстарының сапасына айрықша назар аудару керектігін тапсырды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Тамыз, 2020
Ақтөбеде жол-көлік оқиғасынан 2 адам көз жұмды
29 тамыз күні сағат 02:13-те Ақшат кентінің маңындағы "Ақтөбе – Солтүстік айналма" автожолында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы орын алды. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
31 Тамыз, 2020
Әлқиса қазақтың ақжүрек пейілін әңгімеге арқау етсеңіз неден бастар едіңіз. Жарлығы жалғыз атың сойып беретін әдетін айтасыз ба, жоқ жауын да сүйсінткен жомарттығын жазасыз ба? Әлде "әр қазақ менің жалғызым" деп баз біреуге жасаған жәрдемін жіпке тізесіз бе? Қалай десеңіз де, көңілі дария халықтың басы біріксе жақсылық жасауға бейіл келетіні бізге аян. Оған дәлел бүгінде "Харекет" қайырымдылық қоры.
31 Тамыз, 2020
Нью-Йорк музейлерінің ахуалы мүшкіл
Нью-Йорктің өнер сүйер қауымы үшін карантин аяқталды: алты ай карантиннен кейін Моне немесе Пикассо туындыларын тамашалап, Джакомметти мүсініне сүйсінуге болады. Осы аптада Манхеттендегі заманауи өнер музейі (МоМА) өз есігін қайта ашты, дегенмен залдарда әзірге адамдар бұрынғыдай көп жиналып жатқан жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап .
31 Тамыз, 2020
"Жұмақ аралда" коронавируспен ауырғандар ғана демалады
Әлемдегі ең тамаша жер деп танылған Бразилиядағы Фернандо-де-Норонья архипелагының билігі туристерді қайта қабылдауға шешім шығарды. Алайда, "жұмақ аралда" демалу үшін турист COVID-19 індетімен ауырып, жазылған болуы міндетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Тамыз, 2020
Түркістандық полицейлер марапатталды
Конституция мерекесіне орай түркістандық полицейлер марапатталды, – деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
31 Тамыз, 2020
Балқашта жаңа жылу магистралі болады
Балқашта жылу желілерін салу толық жүріп жатыр. Құбырлар ЖЭО-нан "Қоңырат" шағын ауданына дейін созылады. Жылу магистралінің ұзындығы - 17 км. Бүгінде жұмыс 30%-ға орындалды, - деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
31 Тамыз, 2020
ЕАЭО-да бірыңғай онлайн жұмыспен қамту жүйесінің бөлігі қалыптасты
Мамандар Қазақстанның еңбек биржасы ЕАЭО ортақ жүйесінің құрамдас бөлігіне айналады деп үміттеніп отыр. Себебі еуразиялық экономикалық одақ аясында орталықтандырылған еңбек биржасы қалыптасады, бұл елдер арасындағы миграциялық шектеулерді жояды деген пікірлер көптен айтылып жүр,- деп жазады Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтеріне сілтеме жасап.
31 Тамыз, 2020
31 тамызға арналған ауа райы болжамы
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Тамыз, 2020
Алматыда JetisyFootball тегін оқыту бағдарламасы жұмысын бастайды
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев "Айнабұлақ жекпе-жек орталығына" барды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Тамыз, 2020
Коронавирус жұқтырған 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 31 тамызда коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат таратты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Тамыз, 2020
Өткен тәулікте 111 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстанда өткен тәулікте 111 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 51 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Тамыз, 2020
Қазақстанда тағы 162 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Қазақстанда өткен тәулікте 162 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Тамыз, 2020
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген еліміздің Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Семей полигонының жабылу күніне арналған шараға қатысып, Семей қаласы мен Абай ауданындағы бірқатар тарихи маңызды нысандарды аралады.
31 Тамыз, 2020
Ата Заң – жаңғырудың іргелі негізі
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қолдауымен Заңнама және құқықтық ақпарат институты базасында Әділет министрлігі ұйымдастырған Конституциямыздың 25 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы – қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың іргелі негізі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтті.
31 Тамыз, 2020
Беларусь және Латвиямен кездеседі
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек УЕФА Ұлттар лигасының ойындарына шақырылған футболшылардың есімін жария етті.
31 Тамыз, 2020
Қазақстан экономикасының өсуі мен өркендеуіне бүйірден қадалып, адымын ашқызбай тұрған ең басты мәселелер – сыбайлас жемқорлық пен жолдардың сын көтермес жағдайы деп айтуға болады. Жыл сайын жөндеуіне миллиардтап қаражат бөлінетін жолдар 2-3 жылға ғана шыдап, қайта жөндеуді қажет етіп жатады. Сөйтіп қайран ақша желге ұшып, рәсуа болып жатыр. Оның себебін айта берсе толып жатыр. Соның бірі – ауыр жүк машиналарының жолды бүлдіруі. Бірақ жүк машиналары жүйткіп жүретін дамыған шетелдердің жолдары неге бүлінбейді деген сұрақты жолшылар өздеріне қоймайды.
31 Тамыз, 2020