Оқи отырыңыз
Комиссия міндеттері түсіндірілді
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Президенттің үндеуіне қатысты Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Facebook желісінде пікірін білдірді.
01 Маусым, 2020
Маңғыстау: Құрықта кеме жасалады
Сауда-саттық тасымалы, келім-кетім ағыны экономикаға күш беретін басым бағыттардың бірі болғандықтан Маңғыстау жарты аралының өткізгіштік мүмкіндігінің маңызы арта түсті.
01 Маусым, 2020
Банктер кәсіпкерлерге 1 пайызбен несие беруге дайын
«Атамекен» ҰКП төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлерімен кездесу барысында банктер бизнес өкілдерін қолдауға дайын екенін айтты. Оның сөзінше, өңірлік бағдарлама бойынша әкімдік шамамен 50 млрд теңгені үлестік мөлшерлемемен банктерге бере алады. Халық банкі, Сбербанк қаражатты 1 пайызбен кәсіпкерлерге бөлуге дайын. Нәтижесінде, кәсіпкерге арналған тиімді мөлшерлеме 1,5 пайызды құрайды.
01 Маусым, 2020
Трамп: «G7 қыркүйекте бас қосады»
АҚШ президенті Дональд Трамп G7 саммитінің маусымдағы отырысын қыркүйекке дейін шегергенін мәлімдеді. Сонымен қатар мемлекет басшысы жиынға Ресей президентін де шақыратынын жеткізді.
01 Маусым, 2020
SpaceX пен NASA-ның тарихи коллаборациясы
2011 жылдан кейін АҚШ тағы да ғарышқа екі пилоты бар ғарыш кемесін жіберді. Бұл – компанияның алғашқы тәжірибесі. Crew Dragon ғарыш кемесі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша түнгі сағат 01.22-де әуеге көтерілді.
01 Маусым, 2020
Гонконгтің тағдыры қыл үстінде
Қытайдың Гонконгқа қатысты шығарған жаңа заңы халықаралық қоғамдастықты, әсіресе Ұлыбританияны алаңдатып отыр. Бейжің билігінің жаңа жоспары өңір тұрғындарына да ұнаған жоқ.
01 Маусым, 2020
Бүгіннен бастап бүлдіршіндер «Balapannyń» YouTube каналынан шетелдік мультсериалдарды қазақ тілінде көре алады.
01 Маусым, 2020
Уақыт талабымен үндескен бастама
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында адам капиталын дамытуға арналған бірқатар маңызды мәселені қозғады. Соған байланысты нақты тапсырмалар берді. Мұндай формат елімізде қоғамдық диалогтың ұлттық моделі қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.
01 Маусым, 2020
Төрт жүзге жуық ауыл ғаламтордың игілігін көреді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері 393 ауылға талшықты-оптикалық байланыс желісі салынған. Бұл ауылдық елді мекендерді жоғары сапалы интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі ауқымды жобаны іске асырудың нәтижесінде мүмкін болды.
01 Маусым, 2020
Шалғай ауылда интернетсіз Wi-Fi желісі бар
Оқу жүйесі онлайн режімге көшірілген кезеңде әр шаңыраққа ғаламтор желісі тұрмақ, ұялы телефон байланысы жетіп үлгермеген шалғайдағы елді мекендер үшін алаңдаған едік. Алайда «қалауын тапсаң қар жанар» демекші, ебін тауып, шәкіртті білімсіз, ұстазды жұмыссыз қалдырмай келе жатқан мектеп басшылары да бар екен.
01 Маусым, 2020
Ғапыл Өтті, - деді өмірден, сол адамды.. сыры қалды, бөз қалды, сарай қалды, сарай іші ақ түтек борай қалды, мен ойландым:
01 Маусым, 2020
Covid-19: Тағы 1 адам қайтыс болды
Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясынан 1 адам көз жұмды. Ол 1967 жылғы азамат.
31 Мамыр, 2020
Баянтөбеден баспана алып берді
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданына қарасты Базаршолан ауылдық округінде ауыл жастары бас қосып, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі жан Жәрдем Шәріповке тұрғын үй алып берді.
31 Мамыр, 2020
Атырауда 1 маусымда карантин алынады
Баршаның қозғалысын шектеген карантин Атырауда 8 маусымға дейін созылған еді. Алайда, енді карантинді 1 маусымда сағат 00:00-де мерзімінен бұрын алып тастауға ұйғарым жасалып отыр. Осыған орай облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиев арнайы қаулыға қол қойды. Ол бұл қаулыға қол қоярда соңғы жеті күнде Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының 7 пайыздан төмен тіркелуін негізге алыпты.
31 Мамыр, 2020
Зұлматты жылдардың зардабын көрген жандарды еске алу - келер ұрпақтың міндеті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы 5 сәуірде «31 мамыр - «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын жалпыұлттық еске алу күні» ретінде атап өтуді бекіткен болатын. Басты мақсаты мұндай қасіреттің қайталанбасы үшін халқымыздың тарихты есте сақтап, болашақ ұрпақтың білуін қамтамасыз ету. Қатал да қасіретке толы бұл мейрам өткенді еске түсіріп, көзге жас ұялатады.
31 Мамыр, 2020
Мұрағат қорындағы өмір шындығы
Заңсыз қуғын-сүргін құрбандары қауымдастығы басқармасының төрағасы Владимир Гриневтың жеке мұрағатынан алынған (504 қор) материалдар негізінде Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арнап виртуалды көрме өткізді.
31 Мамыр, 2020
Жыл сайын өртенетін қоқыс алаңы тағы да түтінге оранды. Өткен түнде сағат шамамен 3:30-да тұтанған жалын қоқыс алаңының 100 шаршы метр аумағын шарпыды. «Арнаулы автобаза» ЖШС-нің мамандары өртті бүгін таңғы сағат 7:00-дің шамасында сөндірді.
31 Мамыр, 2020
Қасіреттің жансыз куәгерлері - архивтік құжаттар
Облыстық мемлекеттік архив басшысының орынбасары Қаншайым Мақажанованың мәліметінше, 1930-ыншы жылдардың басындағы ашаршылық нәубетіне қатысты айғақтар облыстық мемлекеттік архивінде 20-30- жылдарғы құжаттарында сақталған.
31 Мамыр, 2020
Covid-19: Тағы 184 адам жазылды
Бүгін елімізде коронавирус індетінен тағы 184 адам жазылып шықты.
31 Мамыр, 2020
Атырауда жоғалған бала жарты сағатта табылды
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау қаласында тоғыз жасар бала туысының үйінің ауласынан жоғалып кеткен.
31 Мамыр, 2020